Жел 16, 2017 19:30 Asia/Almaty
  • Иран базары (16)

Әлем экономикасы соңғы жылдары іргелі ғылымға негізделген экономика деген жаңа құбылысты тәжірибеден өткізіп жатыр.

Иран базары

Әлем экономикасы соңғы жылдары іргелі ғылымға негізделген экономика  деген жаңа құбылысты тәжірибеден өткізіп жатыр. Көптеген адамдардың пайымдауынша, адамзат қоғамы әу бастан-ақ білімге негізделген. Адамдар аман қалып, өмірді жақсарту үшін әрдайым білімді пайдаланып отырған. Тарих бойында пайдалы қазбалар, аппараттық құралдар мен мағлұматтар адам кәсібінің басты негізін құраған. Қазіргі заманда компаниялардың негізін құрайтын нәрсе – білім мен ғылым. Олар өздері қолданатын білім мен ғылымның түрі мен деңгейі бойынша бір-бірімен бәсекелеседі. Қарапайым сөзбен айтқанда, қазіргі заманның компаниялары білім арқылы байлыққа қол жеткізеді. Білім – шын мәнінде адамның теориялық және практикалық жетістіктері, қабілеті мен тәжірибелерінің жиынтығы. Оны коммерцияландырып пайдалануға болады. Білімді коммерцияландыру деген – идеялар, инновациялар мен бастамаларды нарықта сатуға болатын өнімдер қалыбында пайдалану үшін  атқарылатын жұмыстардың жиынтығы. Коммерцияландыру жаңа өнім үшін немесе бірінші рет белгілі бір географиялық аумақта таратылғалы отырған өнім үшін атқарылуы мүмкін.

Іргелі ғылымға негізделген экономика

Іргелі ғылымға негізделген компаниялар мен институттарға  ғылым мен байлықтың ықпалдасуы, білімге негізделген экономиканы дамыту, ғылыми және экономикалық мақсаттарды орындау, зерттеу нәтижелерін  коммерцияландыру және озық технологиялар саласын дамыту мақсатында құрылатын және қосымша құн салығын арттыратын компаниялар мен институттар деген сипаттама берілген. Соңғы жылдары әртүрлі елдер іргелі ғылымға негізделген компаниялар шығаратын өнімдердің қосылған құн салығынан туындайтын экономикалық жүйенің қалыптасуына ынта танытып отыр. Бүгінде елдер үшін өз халқына технологиялық зерттеулерге қатысты шағын инновациялық жұмыстарда істеуге жағдай жасау артықшылық саналады.

Инфрақұрылым мен адам капиталы іргелі ғылымға негізделген экономикаға ие болуда айшықты рөл атқарады. Сарапшылар іргелі ғылымға негізделген экономика әртүрлі факторларға, соның ішінде білім беру және тәрбиелеудің тиімді жүйесіне, білікті мамандардың болуына, байланыс және ақпараттық технологияларды жетілдіруге, оларға қолжетімділіктің қолайлылығына, университеттер мен жеке секторға маңыздылық беру арқылы инновацияларды жақсартуға негізделуі тиіс деп санайды. Инфрақұрылымдар, ғаламтор желілері, тасымал, бір аймақтың университеттері мен зерттеу және технологиялық орталықтары, сондай-ақ, мамандандырылған  білікті жұмыс күші – осының барлығы іргелі ғылымға негізделген компаниялардың қалыптасуына әсер етеді.

Іргелі ғылымға негізделген компаниялар

Іргелі ғылымға негізделген компаниялардың қалыптасуына әсер ететін тағы бір фактор компанияларды іргелі ғылым бағытында сауда-экономикалық жұмыстар атқаруға ынталандыру үшін заңдарды оңтайландыру болып табылады. Таза әрі қауіпсіз бәсеке кеңістігін қалыптастыру іргелі ғылымға негізделген компаниялар үшін оңтайлы заңдардың артықшылықтарының бірі болады. Сонымен қатар көптеген қолдаулар дамытылған және оңтайландырылған заң аясында жүзеге аса алады. 

Іргелі ғылымға негізделген компаниялар әдетте әлемдік масштабта ойлайды. Осындай стратегияға ие болу компанияларға кеңінен ойлап, дүние жүзіндегі әртүрлі тәжірибелерді үйренуге көмектеседі. Әлем көлемінде ойлау жолында жаңа әлеуеттер мен мүмкіндіктер ашылады. Іргелі ғылымға негізделген компанияларда оларды пайдаланып, табыс табу үшін көбірек стимул пайда болады. Осы арада бір қоғамның мәдениеті іргелі ғылымға негізделген компаниялардың пайда болуына әсер ететін ең негізгі фактор болып табылады. Іргелі ғылымға негізделген компаниялардың дамуы елдердің саяси басшыларының тек нақты экономикалық бағдарламасымен шектелмейді. Қоғамның мәдениеті де қозғаушы күш ретінде бұл бағдарламаларды ілгерілетеді.

Иранда алғашқы ғылыми зерттеу қалашығын салуды талқылау х.ш.ж.с.б. 1371 жылы (1992 жылы) Исфаханда «Зубахан» акционерлік компаниясының мұрындық болуымен және Исфахан политехникалық университетінің зерттеу бөлімінің бақылауымен басталды. Кейін  х.ш.ж.с.б. 1386 жылы (2007 жылы) іргелі ғылымға негізделген компаниялар және оларды заңды тұрғыдан қолдау туралы заң жобасы ИИР Президенті кеңсесінің ғылым мен технологиялар бөлімінде дайындалып,  Ислам Кеңесі Мәжілісінің бекітуімен заңға айналды.

Исфаханның ғылыми зерттеу қалашығы – Иранның алғашқы ғылыми зерттеу қалашығы

Бүгінде Иранда іргелі ғылымға негізделген жүздеген компания ғылыми-технологиялық парктер мен даму орталықтарында жұмыс істеп жатыр. Бұл компаниялардың жұмыс істеу аясы әртүрлі салаларды, соның ішінде  биотехнология, нанотехнология, дамытылған материалдар (полимерлер, керамикалар, металдар мен композиттер), оптика мен фотоника (шикізат, бөлшек пен кешендер), компьютерлік құрылғылар, электр қуаты, электроника, телекоммуникациялық құралдар, байланыс және ақпараттық технологиялар, компьютерлік бағдарламалар, жасау, өндіру мен сынауға арналған дамыған құрал-жабдықтар, дамытылған дәрі-дәрмектер, медициналық құрал-жабдықтар, әуе-ғарыш (спутниктер мен зымырандар), мұнай-газ саласындағы дамытылған құрал-жабдықтар мен шикізаттар және мұнай-химиялық өңдеуді қамтиды.

Иранның іргелі ғылымға негізделген компаниялары

Ирандағы іргелі ғылымға негізделген компаниялардың жұмыс істеу аяларының бірі – дәрі-дәрмек өндіру. McKenzie институты бір зерттеу барысында Иранның экономикалық потенциалы, соның ішінде  болашаққа арналған дәрі-дәрмек өндіру саласы туралы: «Бұл нарық көптеген мықты тұстарға ие болғандықтан, дәрі-дәрмек өндірісін үміттендіретін өнеркәсіпке айналдырады. Ішкі өнеркәсіп ғылыми қабілеттерді, соның ішінде  діңгекті жасушаларды зерттеу және биотехнологиялық зерттеуді дамытып, түрлі дәрі-дәрмектерге деген сұранысты арттырады. Есептеулеріміз бойынша, дәрі-дәрмек өнімдерін өндіру Иран экономикасында 2035 жылға дейін өз үлесін 7 есе арттырып, 2014 жылғы 1 млрд доллардан шамамен 7 млрд долларға жетеді. Дамудың бұл көрсеткіші жылына 9 пайыздан көбірек болып, Иранның өндірісін оның аймақтық әріптестерінен айтарлықтай жоғары көтереді»,-деп жазды.

Иранның іргелі ғылымға негізделген  компанияларының дәрі-дәрмектері   жақында Еуропаға экспортталады

Биотехнология – медицина, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамытудағы ең маңызды салалардың бірі. Иран бұл салада күн сайын дамып келеді. Жауапты басшылардың айтуы бойынша, іргелі ғылымға негізделген 500 компания биотехнология саласында жұмыс істеп жатыр. Бұл сала ең көп жобаны орындауға ұсынған салалардың қатарына жатады. Бұл саладағы экспорттың ең көп үлесін биотехнологиялық дәрі-дәрмек алып отыр.  Иран биотехнологиялық дәрі-дәрмек экспорттауда аймақ бойынша бірінші орында тұр. Осы салаға салынған әртүрлі инвестициялар адам ресурсын дайындау және зерттеу орталықтарын ашуға жұмсалды. Жарияланған статистикалық мәліметтер бойынша, 20-дан астам жаңа құрамды дәрі мен 40 диагностикалық кешен соңғы 15 жылдың ішінде нарыққа енген. Тері асты жарасы, диабет пен күйікті емдеуге арналған жақпа майлар шығару, гемофилия, хромосомдық аномалия және STR-ды пайдалану арқылы іште жатқан баланың жынысын анықтауға арналған диагностикалық кешендердің түр-түрін жасау соңғы жиырма жылдың ішінде атқарылған жұмыстардың қатарына жатады.

Иранда 500-ден астам биотехнологиялық дәрі-дәрмек өндірілді.

«Херсептин» мен «Фактор хашт» деп аталатын екі дәрі Иранның биотехнология саласында жұмыс істейтін іргелі ғылымғанегізделген компанияларда өндіріліп, нарыққа енуге рұқсат алған гендік дәрі-дәрмектердің қатарына жатады. «Херсептин» –  химиятерапиялық емдеу мен омырау обырына қарсы дәрілердің қатарына жататын  науқастардың арнайы бір тобы үшін әсерлі дәрі.  Бұл дәрі іргелі ғылымға негізделген екі компанияның әріптестігімен өндірілді.

«Херсептин» дәрісі

«Фактор хашт» – гемофилия ауруына шалдыққандарға арналған дәрі.  Ол қанның ұюына әсерлі протеиндердің бірі. Ол бірқатар реакциялардан кейін қажет жағдайда қанның ұюына көмектеседі.

«Фактор хашт» дәрісі

«Силвосепт» жараны дезинфекциялауға арналған антисептикалық ерітінді нано саласындағы іргелі ғылымға негізделген өнімдердің бірі болып табылады. Ол наномөлшердің растауын алды. Өндіруші компания «Ғылымнан амалға дейін: технологияларды ұлттық деңгейде коммерцияландыру» атты екінші ұлттық фестивальда қан ағысын тоқтататын, жараны емдейтін және дезинфекциялайтын дәкелерді өндіру үшін коммерциялық ұсыныс жасап, мақтау қағазын алды. Фармацевтикалық өнімдерден қанның ұюына қарсы RPA дәрісін атап өтуге болады. Ол MI немесе жүрек ұстамасына шалдыққандарға арналған. Бұл дәрі бір фармацевтикалық компанияның жергілікті технологияларды пайдалануы арқылы өндіріліп, ішкі нарыққа ұсынылды.  Бұл дәріні шығаратын компания бұдан біраз уақыт бұрын «Интерферон Бета-1» дәрісін «Зиферон» деген коммерциялық атаумен ішкі және сыртқы нарықтарға шығарды. Бұл дәрі MS ауруына шалдыққандар үшін өте маңызды.

«Силвосепт» жараны дезинфекциялауға арналған ерітінді

 

Тегтер