Жел 23, 2017 18:38 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 141

Қорқыныш пен үміт құстың екі қанатына теңеледі. Бұл екі қанаттың біреуіне зақым келсе, құстың ұшуы қиындайды. Ал егер қанатының екеуіне нұқсан келсе, құс ұша алмайды.

Үміт алға ілгерілеуге, үмітсіздік дамудың тоқтауы мен тоқырауға  себеп болады. Үміт тек материалдық  істер мен күнделікті өмірге ғана емес, сонымен қатар рухани және діни істерге де маңызды әсерін тигізеді. Аллаға үміті зор адам даму жолына түсіп, кемшіліктермен күреседі. Имам Әли (ғ.с.) ең үмітті адам деп жұмысынан кемшілік байқалған кезде оларды түзетуге талпынатындарды атайды. Үміт пен үмітсіздіктің бірге жүретін сынды, қорқыныш пен үміт те қатар жүреді. Қорқыныш пен үміт барлық илаһи діндердегі үгіт-насихаттың маңызды екі тәсілі болып табылады. Барлық илаһи пайғамбарлар халық пен өз нәпсілерін тәрбиелеу үшін осы екі тәсілді пайдаланады. Қорқыныш адамның жамандық пен күнәләрдан тартынуында маңызды рөл атқарады. Үміт адамды құлшылық ету мен жақсылық жасауға жігерлендіреді. Құран Кәрімде Алланың азабы мен тозақ оты туралы айтылған кезде Алланы рақымдылығы мен жаннәттың нығметтері туралы да айтылады. Рауаяттарда да солай айтылған. Бір адам имам Садық (ғ.с.)-нан Лұқманның өсиетнамасында не болғаны туралы сұрағанда хазірет: "Лұқманның өсиетнамасында таңғалдырарлық мазмұндар бар. Соның ішіндегі  ең таңғалдыратыны ұлына: "Құдайдан адамдар мен жын-перілердің жақсылықтарын апарсаң да азаптайтындай қорқыңдар. Сондай-ақ, Құдайға адамдар мен жын-перілердің күнәларын апарсаң да ол саған рақым етеді деп үміттен",- деген сөздері болды",- деп жауап берді.

Кейбіреулер қорқыныш пен үмітті бір-біріне қарсы деп ойлап, екеуінің бірге болуын мүмкін емес санайды. Бірақ, Алла Тағала өз құдыретімен бал мен уды ара балының құрамына енгізгендей, қорқыныш пен үмітті мүміннің жүрегіне қатар орналастырды. Қорқыныш пен үміттің арасындағы теңгерімнің маңыздылығы сондай, кейбір рауаяттарда иманның шарты ретінде таныстырылды. Сондай-ақ, бұл теңгерім болмаса адам иманның шындығынан пайда көрмейді. Имам Садық (ғ.с.) сол шындықты баяндап: "Мүмін бір жағынан қорқып, басқа жағынан үміттенбесе, мүмін емес. Сондай-ақ, қорқып, үміттенгеніне сай ғамал етпесе, қорықпағанымен қатар үмітін үзгені",- деген. ("Усул Кафи", 2-ші том). Имам Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: "Адамның келесі үш сипаты болса, иманы кемел: ашуланған кезде әділ, бары мен жоғына қарамастан ортаны, қорқыныш пен үміттің теңдігін сақтаса",- деп айтылған. Басқа бір рауаяттан: "Алланы таныған адам жүрегін оған деген үміттен үзбей, одан қорыққаны жөн",- деп оқимыз.

Сөзсіз мүміндер; Алла еске алынса, жүректері қобалжиды..("Әнфал" сүресі, 2-ші аят).

Исламдық рауаяттарда қорқыныш пен үміттің теңдігі көп қуатталды. Яғни, мүміндер әрқашан Құдайдан қорқып, оның рақымдылығынан үміттенгендерімен бірге ол екеуінің арасынан ортаны ұстауы керек. Өйткені, теңгерімді бұзып, олардың бірінің артуы адамға орны толмас рухани зиян келтіреді. Сол себепті қорқыныш пен үміт құстың екі қанатына теңеледі. Бұл екі қанаттың біреуіне зақым келсе, құстың ұшуы қиындайды. Ал егер қанатының екеуіне  нұқсан келсе, құс ұша алмайды. Имам Бақер (ғ.с.) бұл екеуінің бірге болуының қажеттігі туралы: "Жүрегінде екі нұр, яғни қорқыныш пен үміттің нұры болмаса пенде мүмін емес. Егер бұл екеуін салыстырсақ, ешбіреуі екіншісінен ауыр емес",- деген болатын.

 Қорқыныш пен үміт – мүмін адамдардың ерекшеліктері. Мүмін Алланың рақымдылығы мен кешірімділігінен үміттеніп, әрқашан шаттықпен оған құлшылық етуге талпыныс жасап, күнделікті өзін Алла мен оның уәделеріне жақындатады. Алла Тағала "Мүмінүн" сүресінің 60-шы аятында: "Расында не берсе де Раббыларына қайтуларынан жүректері қорқып, бергендер",- деп айтқан. Имам Садық (ғ.с.) бұл аяттың тәпсірінде: "Мүміндер кейбір күнәлары үшін амалдары қабылданбайды деп қорқумен қатар кейбір амалдарының қабылданатындығына үміттенеді",- деген. ("Мастадрак әл-Васаел", 11-ші том).

Мүмін адамдар илаһи тұрғыдан даму үшін үш жолмен кезігеді: үміт жолы, қорқыныш жолы және махаббат жолы. Бірінші екі жолмен салыстырғанда махаббат жолы артығырақ. Имам Әли (ғ.с.)  бұл үш жол туралы: "Кейбіреулер Аллаға  құлшыныспен құлшылық етеді. Бұл – саудагердің ғибадаты. Бір  топ қорыққанынан құлшылық етеді. Бұл – құлшылық ғибадаты. Үшіншілер Аллаға шүкіршілік білдіріп құлшылық етеді. Бұл – азаттық талап етушілердің ғибадаты",- деген. ("Наһдж ул-Балағе").