«Лұқман» сүресі, 733-ші бөлім, 14-16 аяттар
«Лұқман» сүресінің 14-16 аяттарының тәпсірі
«Лұқман» сүресінің 14 аяты:
«وَوَصَّیْنَا الْإِنسَانَ بِوَالِدَیْهِ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ وَهْنًا عَلَى وَهْنٍ وَفِصَالُهُ فِی عَامَیْنِ أَنِ اشْکُرْ لِی وَلِوَالِدَیْکَ إِلَیَّ الْمَصِیرُ»
Адамдарға ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ. (14)
Өткен бағдарламада Лұғманның перзентіне айтқан ақыл-кеңестерін бастадық.
Лұқман перзентіне әкелік ақыл-кеңес беріп, оны шеріктен тыйғандықтан, осы аят пен «Лұқман» сүресінің 15-ші аятында алдымен перзенттерді ата-ананың қадіріне, кейін ата-ананың перзенттерді дінге тәрбиелеудегі рөліне назар аудартады.
Осы аят былай дейді: «Құдай Әке мен шешенің екеуіне де қарауды тапсырған. Себебі, Құдай перзенттерді солар арқылы жаратты. Олардың әрқайсы ұрықтану үдерісінде рөлге ие. Ұрықтанған соң жүктіліктің тоғыз айы мен емізудің екі жылы ананың міндетінде. Ана сәбиін уызынан жарытып, оны аналық махаббат, мейірімімен өсіреді. Сол себепті, аяттың жалғасында Құдай ананың организміне физикалық және психикалық тұрғылардан көп салмақ түсіретін, әлсіреуіне себеп болатын қиындығы мен еңбегіне сілтеме жасап, балаға анасына көбірек көңіл бөлуді тапсырады. Қалай болғанда да, Құдайдың нығметтеріне алғыс айтумен қатар ата-анаға, олардың еңбектері үшін де шүкіршілік танытуымыз керек.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Ата-ананы құрметтеу – адами құқық. Сол себепті перзент кәпір ата-анасына да жақсылық жасауы тиіс. Оларға құрметсіздік көрсетуге хақысы жоқ.
2.Ислам мәдениетінде ана ерекше орынға ие. Себебі, ол сәбиі үшін көп еңбек сіңіріп, оның өмірінде үлкен рөлге ие болады.
3. Алайда Құдайдың құқығы ата-ананың құқығынан басым. Ата-анаға көңіл бөліп, оларға жақсылық жасау бізді барлығымыздың Жаратушымыздан қапы қалдырмасын.
«Лұқман» сүресінің 15 аяты:
«وَإِن جَاهَدَاکَ عَلَى أَن تُشْرِکَ بِی مَا لَیْسَ لَکَ بِهِ عِلْمٌ فَلَا تُطِعْهُمَا وَصَاحِبْهُمَا فِی الدُّنْیَا مَعْرُوفًا وَاتَّبِعْ سَبِیلَ مَنْ أَنَابَ إِلَیَّ ثُمَّ إِلَیَّ مَرْجِعُکُمْ فَأُنَبِّئُکُم بِمَا کُنتُمْ تَعْمَلُونَ»
Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба! Олармен дүниеде дұрыс жолдас бол да, Маған құштар адамдардың жолына түс. Сосын барар орындарың Мен жақ; сонда істеген істеріңді баян етемін. (15)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят перзенттерге ескертіп, ата-анамен жақсы қарым-қатынас жасау туралы кеңестің оларды ой тәуелсіздігінен ажыратпауын, перзенттердің ата-аналары не айтса, соны ешбір қарсылықсыз қабылдап, ата-бабаның әдет-ғұрыптарына мойынсұндырмауы керектігін ескертеді. Ой-пікірлері мен ақидалары бұрыс ата-ана қаншама. Олар перзенттерін де сол ақиданы қабылдатуға күш салады. Бірақ, адамның жаратушысы Құдай перзенттің отбасылық сезімдік байланыстары үшін ата-анасы ренжіп, балаларын отбасынан шеттетсе де, олардың бұрыс ақидаларын қабылдауына рұқсат етпейді..
Аяттың жалғасы: «Дегенмен, егер ата-ана кәпір немесе мүшірік болса да олармен әрдайым жақсы тәсілмен қатынас жасау керек. Перзент ешбір жағдайда ата-анасымен байланысын үзуге хақысы жоқ. Көзі тірісінде олармен жақсы араласуы керек. Оларға құрметсіздік көрсетпеуі керек немесе дөрекі қатынас жасаудан аулақ болуы керек. Ондай ата-ананың есебін Құдайға тапсыру қажет. Ол барлық істен хабардар. Перзент оларға қарсы ке келген істен тартынуы керек» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Ата-анаға бағыну абсолютті емес, шартты. Олардың қалауы Құдайдың қалауына қарсы болмаған жағдайда ғана құны болады.
2.Ата-бабаның әдет-ғұрпына ұлттық мәдениет немесе басқа сылтаумен еру ақыл мен шариғат тұрғысынан қайшы болмаса құнды. Әйтпегенде, көзді жұмып, қисынсыз еру – бұрынғылардың ісі.
3. Ислам көзқарасы тұрғысынан мұсылман еместермен бейбіт қатар өмір сүру мұсылмандарға олардың ақидалары мен құндылықтары әсер етпейтін, олардың мәдениетін қабылдамайтын жағдайда рұқсат.
«Лұқман» сүресінің 16 аяты:
«یَا بُنَیَّ إِنَّهَا إِن تَکُ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِّنْ خَرْدَلٍ فَتَکُن فِی صَخْرَةٍ أَوْ فِی السَّمَاوَاتِ أَوْ فِی الْأَرْضِ یَأْتِ بِهَا اللَّـهُ إِنَّ اللَّـهَ لَطِیفٌ خَبِیرٌ»
(Лұқман): "Әй, ұлым! Тарының салмағындай болса да, бір жартастың ішінде болса да, көктерде, не жерде болса да Алла оны (қиямет күні) келтіреді. Расында Алла өте нақты, толық білуші." (16)
Әдетте адам өзінің жақсы немесе жаман істерін санаған кезде тек үлкен істерін ғана көріп, кішкентай істеріне көзжұмбайлық танытады. Кішкентай істерді қайталап, жалғастыру үлкен істерге негіз дайындайды. Сол себепті кішкентай істердің әсері адамның тағдырында үлкен істерден аз емес.
Осы аят Лұқманың перзентіне айтқан кеңестеріне тағы оралып, Құдайдың пенделерінің іс-әрекеттерін қатаң қадағалайтындығына сілтеме жасайды. Лұқман былай дейді: «Перзентім! Сенің ісің кішкентай болсын, үлкен болсын, әшкере болсын, жасырын болсын, Құдай үшін айырмашылығы жоқ.
Тіпті ең жасырын деген жерлердегі ең кішкентай деген істер Құдайдың ғылымынан жасырын емес. Құдай соны қияметтің сотында әкеліп, соның негізінде жазалап, немесе сыйын береді».
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Перзенттің қияметтің соты мен қисап кітапқа көңіл аударуы – ата-ананың міндеттерінің бірі.
2.Құдай адамның кішкентай ісі мен үлкен істеріне дейін хабардар. Адамның қияметке, Құдайдың нақты есебін беретіндігіне сенуі – оның түзелуінің себебі.
3.Адамның ісі жойылмайды. Керісінше, оның ісі мен ісінің әсері мен салдары қияметке дейін адаммен бірге болады.