Қаң 02, 2018 19:31 Asia/Almaty

«Лұқман» сүресінің 29-30-31-32-33-34 аяттары:

                                           بسم الله الرحمن الرحیم

«Лұқман» сүресінің 29-30 аяттары:

 

«أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّـهَ یُولِجُ اللَّیْلَ فِی النَّهَارِ وَیُولِجُ النَّهَارَ فِی اللَّیْلِ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ کُلٌّ یَجْرِی إِلَى أَجَلٍ مُّسَمًّى وَأَنَّ اللَّـهَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِیرٌ»، «ذَلِکَ بِأَنَّ اللَّـهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا یَدْعُونَ مِن دُونِهِ الْبَاطِلُ وَأَنَّ اللَّـهَ هُوَ الْعَلِیُّ الْکَبِیرُ»

 

Көрмедің бе? Расында Алла түнді күндізге қосып, күндізді түнге қосады. Сондай-ақ, күн мен айды бағындырды. Барлығы белгілі бір мерзімге дейін жүреді. Рас, Алла олардың істегендерін толық білуші. (29). Міне, шәксіз Алла. Ол хақ. Сөз жоқ, олардың Алладан өзге жалбарынғандары босқа. Күдіксіз Алла өте жоғары, аса ұлы. (30)

 

Алдыңғы бағдарламада жаратылыс кеңістігіндегі Алланың ғылымы мен құдіретіне тоқталдық. Оның жаратылыстағы шексіз құдіретінің дәлелі адамды қияметте қайтадан тірілтуінде. Бұл аяттар оның құдіретінің келесі үлгісіне сілтеме жасап, пайғамбар мен мүміндерге: «Жыл бойында күн мен түннің қысқарып, ұзаруы, жылдың көктем, жаз, күз және қыс сынды төрт мезгілінің  болуы – жер құрлығының Құдай тарапының басқарылуының белгісі. Шын мәнінде, күннің ұзақтығының өзгерістері оның хикметі арқылы орын алады. Оны ғылыми мәліметтер негізінде есептеуге болады» дейді.

Аяттың жалғасы: «Құдайдың басқаруындағы жер ғана емес, жер мен жер тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінде әсерге ие күн мен ай да жер бетіндегі тіршілік иелері, өсімдіктер мен жан-жануарлар және адамдардың тіршілігі үшін қажет жағдай әзірленетіндей бағдарланған» дейді.

Бұл басқарудың дәлелі мұндай жағдайдың мәңгілік қалмайтындығында. Яғни, Құдай қалағанша, оның бұйрығымен қиямет орнағанша ғана. Сол кезде әлемнің жаратылыс жүйесі күйрейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Құдайтану жолдарының бірі табиғатты барлап, жаратылыстың тылсым сырларына бойлауда. Құран осы тәсілді қуаттайды.

2.Әлемнің жүйесі мен аспан денелерінің қозғалысы белгілі бір уақытқа тәуелді. Қазіргі әлем Құдайдың ғылымында анықталып, айқындалған, аяқталатын кезеңге ие. 

3.Құдай – жаратылыс одан бастау алған тұрақты ақиқат. Одан басқаның барлығы тұрақсыз, пәни.

«Лұқман» сүресінің 31-32 аяттары:

 «أَلَمْ تَرَ أَنَّ الْفُلْکَ تَجْرِی فِی الْبَحْرِ بِنِعْمَتِ اللَّـهِ لِیُرِیَکُم مِّنْ آیَاتِهِ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَاتٍ لِّکُلِّ صَبَّارٍ شَکُورٍ»، «وَإِذَا غَشِیَهُم مَّوْجٌ کَالظُّلَلِ دَعَوُا اللَّـهَ مُخْلِصِینَ لَهُ الدِّینَ فَلَمَّا نَجَّاهُمْ إِلَى الْبَرِّ فَمِنْهُم مُّقْتَصِدٌ وَمَا یَجْحَدُ بِآیَاتِنَا إِلَّا کُلُّ خَتَّارٍ کَفُورٍ»

 

Көрмедің бе? Рас, кеме теңізде Алланың ілтипатымен сендерге Оның деректерін көрсету үшін жүреді. Рас, осыларда тым сабырлы, өте шүкір етушілердің барлығына белгілер бар. (31) Қашан оларды таулардай толқын орап алса, дінге деген нағыз ықыласпен Алладан тілейді. Ал қашан Алла оларды құтқарып, қырға шығарса, олардың кейбіреуі орташа болады. Негізінде аяттарымызға біртұтас опасыз қасарысқандар ғана қарсы келеді. (32)

Алдыңғы аяттардың жалғасында бұл екі аят әлемдегі Құдайдың екі белгісіне сілтеме жасап: «Су бетіндегі кемелердің қозғалысы мен жүк пен жолаушы тасымалдау – Құдайдың құдіретінің белгілерінің бірі. Бүгінгі әлемде автокөлік, пойыз бен ұшақ сияқты тасымалдайтын құралдардың болғанына қарамастан, тауарлардың көбі теңіздер мен мұхиттар арқылы тасымалданады. Себебі, теңіздердегі жолдар олар үшін тегін. Теңіздер жердің әртүрлі бөліктері арасындағы байланыс торабы ретінде аймақтар мен алыс-жақын мекендерді бір-бірімен қосады. 

Теңіз нығметін еске салған соң Құран теңізде орын алатын оқиғалардың біріне, яғни Құдайтанудың болмыстық белгілерінің біріне тоқталып: «Теңіздерде дауыл тұрып, ауыр толқындар кемелердің үстіне төніп, оны жан-жаққа лақтырған кезде кемедегілер ажалды сезеді. Сондай жағдайда кемедегі жолаушылар біреудің оларды құтқаратындығынан үміттерін үзгенімен, ішкі болмыстарымен осындай қорқынышты жағдайда бір құдіреттің құтқара алатынын түсінеді. Содан Құдайды шын ниеттерімен шақырып, тек одан ғана медет тілейді. Бірақ, шүкірсіз адамдар оқиғаның қаупі азайып, жандары аман қалып, жағаға жеткен кезде өздері көмекке шақырғанды, құтқарушыны ұмытып, оны теріске де шығарады. Дегенмен, кейбір адамдар осындай жағдаймен бетпе-бет келген соң әлемнің Пәруәрдігеріне бет бұрып, қатерден құтылған соң Құдайдың жолын жалғастырып, имандары күшейе түседі. 

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Жаратылыстарға жеңіл қарамайық. Теңіздер мен мұхиттар және теңіздермен байланысты басқа да табиғи құбылыстардың барлығы Алланың белгілері және Құдайтану жолдарының бірі саналады.

2.Адам болмысынан құдайтанушы. Бірақ, материалды дүниелер перде сияқты болмыстың бетін жауып тұрады. Қиын жағдайлар мен қатерлердің орын алуымен перде ашылып, адамның Құдайға риясыз бет бұруына себеп болады.

3.Адамдардың бір тобының иманы тұрақты әрі мәңгілік. Бірақ, бір топтың иманы кезеңдік және маусымдық.

«Лұқман» сүресінің 33-34 аяттары:

«یَا أَیُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّکُمْ وَاخْشَوْا یَوْمًا لَّا یَجْزِی وَالِدٌ عَن وَلَدِهِ وَلَا مَوْلُودٌ هُوَ جَازٍ عَن وَالِدِهِ شَیْئًا  إِنَّ وَعْدَ اللَّـهِ حَقٌّ  فَلَا تَغُرَّنَّکُمُ الْحَیَاةُ الدُّنْیَا وَلَا یَغُرَّنَّکُم بِاللَّـهِ الْغَرُورُ »، «إِنَّ اللَّـهَ عِندَهُ عِلْمُ السَّاعَةِ وَیُنَزِّلُ الْغَیْثَ وَیَعْلَمُ مَا فِی الْأَرْحَامِ وَمَا تَدْرِی نَفْسٌ مَّاذَا تَکْسِبُ غَدًا  وَمَا تَدْرِی نَفْسٌ بِأَیِّ أَرْضٍ تَمُوتُ  إِنَّ اللَّـهَ عَلِیمٌ خَبِیرٌ»

Әй, адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар және ешбір әке баласы тарапынан бодау төлемейтін сондай-ақ ешбір бала да әкесі тарапынан түк бермейтін күннен де қорқыңдар. Күдіксіз, Алланың уәдесі хақ. Сондықтан сендерді дүние тіршілігі әсте алдамасын. Сондай-ақ, өте алдаушы ол (шайтан да) Алла турасында алдамасын (33) Әрине қиямет мерзімінің мәліметі Алланың қасында. Жаңбырды Ол жаудырады. Ол жатырлардагыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Алла (Т.) толық білуші, хабар алушы. (34)

 

«Лұқман» сүресінің соңғы аяттары саналатын бұл аяттар жалпы халыққа өмірде тақуалықты сақтауға кеңес береді. Оның себебін баяндағанда: «Отбасы мүшелері қиындықтарға көмектесіп, бір-бірінің қиындықтарын шешетін бұл дүниеге керісінше қияметте ешкім басқаның жүгін өзінің иығына алмайды. Ол жерде басқаға көмектесетін мүмкіндік  жоқ. Ондай болса, отбасылық байланыстарға кеуде кермейік, немесе түзу ғамалдарға ие болмастан Алланың мейірім, рақымына бөленеміз деп күтпейік. Қияметте адамның күні ғайып істерден хабардар, соның ішінде қияметтің уақыты мен әрбір адамның өлімінің уақытын, аналардың құрсағындағы әрбір пінәдан хабардар тек Құдайға  ғана түседі.

Құдайдың ғылымы аналардың құрсағындағы шараналардың ұл немесе қыз болғанына ғана қатысты емес. Сонымен қатар олардың қабілеттері мен жағдайлары, көңіл-күйлері мен адамның оған қолы жетпейтін басқа да жүздеген мәліметті қамтиды. Оларды тек Құдай ғана біледі. Қалай болғанда да адам Құдай оның жасырын істерінен хабарсыз деп ойламауы керек.

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Тек пен туыстық қатынас қияметте іске жарамайды. Сол күні әке мен бала бір-біріне қарайласа алмаса, басқалардың тағдыры нешік?

2.Уақытын білмегенімізбен, қиямет міндетті түрде болады. Әр адамның ажал құшатындығы да нақты. Бірақ, ешкім оның уақыты мен мекенін білмейді. Одан тек Құдай ғана хабардар.

3.Дүние – еліктіргіш. Ол адамға қияметті ұмыттырады.