Қаң 06, 2018 14:50 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты (24)

Бүгінгі бағдарламамызда сіздерді имам Реза (ғ.с)-ның мал-мүлік пен байлыққа қатысты көзқарасымен таныстырамыз.

Разавилік өмір салты

«Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты» атты топтамамыздың кезекті бөлімін назарларыңызға ұсынамыз. Бүгінгі бағдарламамызда имам Реза (ғ.с) көзқарасындағы мал-мүлік пен байлықтың, оны өндірістік бағытта пайдаланудың маңызы жайлы сөз қозғаймыз.

Исламда мал-мүлік, байлық және кез келген материалдық нығмет қоғам тұрақтылығының өзегі саналады. Құран Кәрімде де мал-мүлікке аса жоғары мән беріліп, ол адамдардың тірегі ретінде аталған. Құдай «Ниса» сүресінің бесінші аятының бір бөлігінде былай деген: "Және Алланың сендерді басына тұрғызған малдарды ақылсыздарға бермеңдер. (Жетімнің малын ақылдары толмай өздеріне тапсырмаңдар.)" (Ниса сүресі, 5-аят).

Құранда өсу мен жетілудің факторы болып табылатын мал-мүлік құнды нәрсе деп сипатталып, оның жақсылықтары мен игіліктері жайында айтылады. Бақара сүресінің 180-ші аятында: "Біреулеріңе өлім келген шақта артына мал қалдырса, әке-шешесіне, жақындарына дұрыстықпен өсиет парыз етілді. Өсиет тақуаларға бір міндет",- делінген (Бақара сүресі, 180-аят).

Алла Тағала мал-мүлік пен байлықты өзінің пендесіне шүкіршілік еткені үшін беретін нығметі санайды. Халал мал-мүлікке қол жеткізу, сондай-ақ экономикалық әрекет пен өндіріс жасау үшін аянбай еңбек ету әрдайым Пайғамбар (с.ғ.с) мен Аһле бейттің (ғ.с) назарында болған. Ал мал-мүлікті ысырап ету қатты айыпталған. Имам Реза (ғ.с) бұған байланысты: "Байлықтың ішіндегі адам үшін ең игісі – оның абыройын сақтап қалатын мал-мүлік",- деп айтқан.

Исламның экономкалық тағылымдарындағы өндіріс ұғымы адам мен қоғамның экономикалық тұрғыдан дамуы мен оның өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында кез келген заңды жұмыс жасау дегенді білдіреді. Исламның басшылары мұсылмандарды өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен сауда-саттықпен айналысуға ынталандырып, жұмыс пен өндірісті олардың ғиззатының өзегі деп атайды.

Ислам дін тұрғысынан өндіріс құнды мақсаттарға ие. Аяттар мен рауаяттардан ғиззатты сақтау, кедейлердің ешнәрсеге мұқтаж болмауы, халыққа жағдай жасау, Құдай жолында садақа беру мен жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ету исламдық өмір салтындағы экономикалық белсенділік пен өндірістің мақсаттарына жатады. Имам Реза (ғ.с): "Адамның ең игі байлығы мен ең мықты қоры – садақа ",- деп айтқан.

Қазіргі әлемде кез келген ұлт немесе халықтың күш-қуаты оның экономикалық  қабілеті мен техникалық білімінің арқасында мықты екендігі және көпшілік жағдайда әскери соғыстың орнын экономикалық, мәдени және ақпараттық құралдар соғысына бергені баршаға мәлім. Сол себепті, дұшпанға қарсы мүмкіндіктерді әзірлеп, дайындауға негізделген Құдайдың әмірін жүзеге асыруда өндіріс техникалық тұрғыдан даму мен экономикалық өсімнің артуына байланысты. Сондықтан әлемдік деңгейде күш-қуат пен өз-өзіне жеткіліктілікке жету исламдық өмір салтындағы өндіріс пен инвестициялаудың негізгі мақсаттарына жатады. Имам Реза (ғ.с) осы тұрғыда: "Әлсіздерге көмектесу садақа беруден әлдеқайда артық",- деген.

Бүгінгі тақырыпты қорытындылай келе, исламның экономикалық жүйесі мен исламдық өмір салтында өндіріс пен экономикалық өсімсіз қол жеткізу мүмкін емес мақсаттар көтерілетінін айту керек.

Оқу мен білім алуға ынталандыру, өмір сүруге керек қаржы мен қолайлы жағдай жасап, қоғамдық күш-қуатқа қол жеткізу экономикалық салалардағы даму мен өсу арқылы жетуге болатын мақсаттар саналады. Сонымен қатар, кедейшілікті жою мен өндіріске қаржы салуға шақыру, саудагерлікке тыйым салу мен мал-мүлікті сақтау экономикалық өсім мен өндірісте баса айтылған мәселелерге жатады.

Тегтер