«Сәжде» сүресі, 742-ші бөлім, 20-25 аяттар
«Сәжде» сүресінің 20-25 аяттарының тәпсірі
«Сәжде» сүресінің 20-21 аяттары:
«وَأَمَّا الَّذِینَ فَسَقُوا فَمَأْوَاهُمُ النَّارُ کُلَّمَا أَرَادُوا أَن یَخْرُجُوا مِنْهَا أُعِیدُوا فِیهَا وَقِیلَ لَهُمْ ذُوقُوا عَذَابَ النَّارِ الَّذِی کُنتُم بِهِ تُکَذِّبُونَ»، «وَلَنُذِیقَنَّهُم مِّنَ الْعَذَابِ الْأَدْنَى دُونَ الْعَذَابِ الْأَکْبَرِ لَعَلَّهُمْ یَرْجِعُونَ»
Ал енді бұзақылардың орны тозақ. Әрқашан олар одан шығуды қаласа, оған қайтарылады да: "Өздерің жасынға шығарған оттың азабын татыңдар" делінеді. (20) Әрине, оларға зор азаптан бері дүниенің азабын татырамыз. Мүмкін, олар райдан қайтар. (21)
Алдыңғы бағдарламада Құдай: «Мүмін мен кәпір менің жанымда бірдей емес. Мүміндер ғамалдарына байланысты жұмаққа лайық болғандықтан, сол жерде тұрады» деді. Осы аяттар былай дейді: «Бірақ, иман туралы уәж айтқандарымен іс жүзінде илаһи бұйрыққа бағынбай, үнемі бейбастақтық жасаса, олар тозаққа душар болады. Одан қашатын еш жол болмайды» дейді.
Олар бәлкім, тәубеге келіп, өздерінің жаман істерін қояр, ақыреттің азабына ұшырамасын деп, осы дүниеде әртүрде жазаланады.
Бірақ, қияметте тәубенің есігі жабылып, кері қайтатын мүмкіндік болмайды.
Рауаяттарға сәйкес, адам осы дүниеде бетпе-бет келетін тауқіметтер мен науқастық пен қиындықтардың кейбіреуі адамға ескерту жасап, оны жазалау үшін илаһи жазаның бір түрі саналады. Ондағы мақсат – өзіне қарсы қылмыстар мен істерден бас тартқызу.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Бейбастақтық пен күнәның адамды шырмайтындығы сондай, тіпті ол қияметті қабылдамай, оны теріске шығарады.
2. Алланың жазалары қияметпен шектелмейді. Осы дүниеде де Құдай кейбір адамдарды жазалайды. Мұның өзі түзу жолдан тайған адам тәубеге келіп, дұрыс жолға оралуы үшін нығмет.
3.Илаһи қаһар да адамды тәрбиелеу мақсатын көздейді. Ол илаһи рақымнан бастау алады.
«Сәжде» сүресінің 22 аяты:
«وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن ذُکِّرَ بِآیَاتِ رَبِّهِ ثُمَّ أَعْرَضَ عَنْهَا إِنَّا مِنَ الْمُجْرِمِینَ مُنتَقِمُونَ»
Раббыңның аяттары арқылы үгіт берілгеннен кейін олардан бет бұрғаннан кім залымырақ? Әрине, күнәкарлардың лайықты жазасын береміз. (22)
Осы аяттар Құдайдың ақиқатын тани тұра, илаһи аяттар мен бұйрықтардан теріс айналып, теріске шығаруды зұлымдық деп атап, жазаға лайық санайды. Құран мәдениетінде өзіне зұлымдық жасап, күпіршілік пен қылмысқа бару басқаларға зұлымдық жасаудан жаман. Себебі, ол басқаларға зұлымдық жасауға себеп болады. Мүмін адам ешуақытта басқаларға зұлымдық жасауды мақсат етпейді. Бірақ, ақиқатты бүркемелеп, күпіршілік жолына түскен адам басқалардың құқықтарына оңай көзжұмбайлық танытып, оларға зұлымдық жасай алады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Қырсықтық пен қыңырлық адамға ескерту жасалған кезде теріс істерін қоюдың орнына соған табандап тұрып, күнә жасауды арттырады.
2.Күнәһарлармен байланыста ескерту жасағаннан кейін кейде жазалап, оларға қатаң қатынас көрсету керек.
«Сәжде» сүресінің 23-24-25 аяттары:
«وَلَقَدْ آتَیْنَا مُوسَى الْکِتَابَ فَلَا تَکُن فِی مِرْیَةٍ مِّن لِّقَائِهِ وَجَعَلْنَاهُ هُدًى لِّبَنِی إِسْرَائِیلَ»، «وَجَعَلْنَا مِنْهُمْ أَئِمَّةً یَهْدُونَ بِأَمْرِنَا لَمَّا صَبَرُوا وَکَانُوا بِآیَاتِنَا یُوقِنُونَ»، «إِنَّ رَبَّکَ هُوَ یَفْصِلُ بَیْنَهُمْ یَوْمَ الْقِیَامَةِ فِیمَا کَانُوا فِیهِ یَخْتَلِفُونَ»
(Мұхаммед Ғ.С.) әрине Мұса (Ғ.С.)-ға Кітап берген едік. Енді сен де оған қауышудан күдіктенбе. Оны Израил ұрпақтарына тура жол қылдық. (23) Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызга нақ сенген кезде араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік. (24) (Мұхаммед Ғ.С.) Әрине, Раббың қиямет күні олар қайшылыққа түскен нәрселер жайында шешім қабылдайды (25).
Бұл аяттар алдымен тарих бойындағы пайғамбарлардың ресалаты мен аспандық кітаптардың түсірілуіне тоқталып: «Еш күмәнсіз, Исраил ұрпағына тура жолға жетекшілік етіп, оларды Перғауынның зұлымдығынан құтқару үшін Мұсаға кітапты берген – Біз. Қауымның арасында да бір топ Мұсамен бірге болып, Перғауынмен күресте шыдамдылық танытты. Олар илаһи уәделер мен Тауратқа сеніп, дұшпанды жеңіп, өз қоғамдарына жетекшілік етті. Мұндай адамдар Құдайдың кітабы мен илаһи пайғамбардың бұйрықтары негізінде қоғамға билік жүргізіп, илаһи бұйрықты жүзеге асырады.
Иман мен табандылықтың арқасында билікке қол жеткізген тура жолдағы мүміндер өздерінің талап-тілектерінің немесе адамдардың қалаулары мен олардың көңілдеріне қарамады. Керісінше, Құдайдың бұйрығына бағынып, істерін Алланың бұйрығына сәйкес жасады. Олар Құдайдың әмірін өздерінің үні мен көзқарастарынан артық санап, нәпсілік тілектерге ерудің орнына Құдайдың кітабы мен илаһи заңдарға сәйкес билік жүргізді.
Исраил қауымы да алауыздықтарға душар болған еді. Сол алауыздықтар олардың арасындағы жікшілдікке себеп болды. Алауыздықтардың тамыры хақтан алыс болу мен өздерінің нәпсілік тілектеріне еруден басталды. Сондықтан, Құдай ескерту тілімен: «Дінде жік пайда болудың факторына себеп болатын адамдардың бұл тобы олардың есебінің қияметте Құдаймен болатынын білсін. Құдай оларға әділет негізінде қатынас көрсетеді» дейді.
1. Пайғамбарлардың ресалаты тарихтағы үздіксіз үдеріс болды.
2. Бұл үдерістің ислам пайғамбарынан бұрын да ұзақ тарихы болды. Аспандық жетекшілерге қатысты азғантай болсын күдік-күмән болмауы тиіс.
2.Иман мен Құдай жолындағы табандылық – жетекшілік үшін қажет шарттардың бірі. Адам мақсатына сеніп, қоғамды басқару үшін тиісті лайықтылыққа ие болатын соңғы сәтке дейін табандылық таныту керек.
3.Діни жетекшілер өздерінің істері мен халыққа жетекшілік етуде ешқашан мойымауы керек. Өйткені, алауыздық әрдайым болады.