«Ахзаб» сүресі, 744-ші бөлім, 1-5 аяттар
«Ахзаб» сүресінің 1-5 аяттарының тәпсірі
بسم الله الرحمن الرحیم
«Сәжде» сүресінің аяқталуымен бүгінгі бағдарламада 73 аяттан тұратын Мединеде түсірілген «Ахзаб» сүресін бастаймыз. Сүренің шамамен жиырма аяты Мединенің айналасында «хандақ»-«ор» қазуға байланысты «Хандақ соғысы» деп те танымал «Ахзаб соғысы» туралы.
«Ахзаб» сүресінің 1-2-3 аяттары:
«یَا أَیُّهَا النَّبِیُّ اتَّقِ اللَّـهَ وَلَا تُطِعِ الْکَافِرِینَ وَالْمُنَافِقِینَ إِنَّ اللَّـهَ کَانَ عَلِیمًا حَکِیمًا»، «وَاتَّبِعْ مَا یُوحَى إِلَیْکَ مِن رَّبِّکَ إِنَّ اللَّـهَ کَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِیرًا»، «وَتَوَکَّلْ عَلَى اللَّـهِ وَکَفَى بِاللَّـهِ وَکِیلًا»
Әй, нәби! Аллаға тақуалық істе де, кәпірлермен мұнафықтарға бағынба. Рас, Алла тым білуші, аса дана. (1) Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине, Алла не істегендеріңді толық білуші. (2) Аллаға тәуекел ет. Ол уәкілдікте жеткілікті. (3)
Тарихи рауаяттарда Абу Софиан сияқты мүшіріктердің кейбір басшыларының пайғамбарға «Егер біздің құдайларымызды жайына қалдырсаң, біз де сені жайыңа қалдырып, дініңді халықтың арасында уағыздауыңа рұқсат береміз» дегені айтылған.
Құдай осы аяттарда пайғамбарын осындай бітімгершілік ұсыныстардан абай болуға шақырып, өз дінін уағыздау үшін ислам дұшпандарымен бітімге келмеуді ескертіп, күпіршілік пен шеркпен күрестен бас тартпауды бұйырды.
Дұшпандардың қастандық жасауды қоймайтындығы белгілі. Сол себепті әрдайым Құдайға тәуекел етіп, одан көмек сұрап, істердің шешімін оған тапсыру керек.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Діннің дұшпандарымен бітімге келу олардың талап-тілектеріне мойынсұнумен аяқталады. Бұл илаһи тақуалықпен бітіспейді.
2. Ішкі мұнафықтар шетелдік дұшпандармен пікірлес. Солардан сақ болу керек.
3.Кәпірлердің ризашылығына ие болудың орнына, тіпті олар үшін жағымсыз болса да дін тағылымдарын сақтауды мақсат етейік.
4. Кәпірлер мен мұнафықтарға сенбей уәһи жолына ерудің қиындықтары болады. Осы жолда қарсыластардың алдында сабыр сақтап, табандылық танытудағы ең мықты қолдау – Құдайға тәуекел ету. Ол мүміндердің ең жақсы қорғаушысы.
«Ахзаб» сүресінің 4 аяты:
,«مَّا جَعَلَ اللَّـهُ لِرَجُلٍ مِّن قَلْبَیْنِ فِی جَوْفِهِ وَمَا جَعَلَ أَزْوَاجَکُمُ اللَّائِی تُظَاهِرُونَ مِنْهُنَّ أُمَّهَاتِکُمْ وَمَا جَعَلَ أَدْعِیَاءَکُمْ أَبْنَاءَکُمْ ذَلِکُمْ قَوْلُکُم بِأَفْوَاهِکُمْ وَاللَّـهُ یَقُولُ الْحَقَّ وَهُوَ یَهْدِی السَّبِیلَ»
Алла (Т.) ешбір адамның кеудесінде екі жүрек жасаған емес. Және асырандыларың бел балаларың бола алмайды. Бұларың ауызша сөздерің ғана. Алла шындықты айтады да, Ол тура жол көрсетеді. (4)
Алдыңғы аяттар пайғамбар мен мүміндерді кәпірлерге еруден тыйды. Бұл аят мүшіріктердің ырымдылдықтары мен бұрмалаушылықтарының бірнеше мысалына сілтеме жасап: «Құдай мұндай жалған істерді растамайды. Олай болса, олардан бойларыңды аулақ салыңдар. Себебі, бір жүрекке екі достық сыймайды. Құдаймен достық мүшіріктер мен кәпірлермен бірге бола алмайды. Егер Құдайды жақсы көрсеңдер, оған бағынып, діннің дұшпандарынан аулақ болу керек» дейді.
Жәһілдік ғасырындағы бұрыс қатынастардың бірі мынадай болған: ер адам әйеліне ренжіп, ашуланған кезде оған: «Сен бұдан былай маған анамдайсың» деп онымен ерлі-зайыптылық қатынастан бас тартатын.
Зайыбы ер адамға ешқашан анасы бола алмайды. Мұндай жөнсіз сөздер олардың өз әйелдеріне деген жеккөрініштерін білдіретін болған.
Сол кезеңдегі ырымшылдықтардың бірі мынадай болған: өзіне бала етіп таңдаған ұлды өздерінің туған ұлдарындай санап, оған ұл балаға әкесі беруі тиіс барлық құқықты берген. Ол асырап алған әкесінен мұра алған, асырап алған әкесі де ұлынан мұра алған. Сонымен қатар олардың бірі дүние салса, немесе ажырасса, бір-бірінің әйеліне үйлену харам саналды. Ислам діні мұндай жәһілдік оймен күресіп, асырап алған бала мен туған баланың арасына айырмашылық қойды. Мысал ретінде пайғамбардың асырап алған баласы Зейд Бен Харесе әйелінен ажырасқан кезде Құдай пайғамбарға оның әйеліне үйленуге бұйрық берді. Осылайша жәһілдік қате дәстүр қоғамда толығымен жойылуы тиіс болды.
Аяттың жалғасы жалпы бір принципке сілтеме жасап: «Сөзбен шынайы істерді өзгерту мүмкін емес. Мысалы, мүшіріктер «әйелім анамдай» деп айту арқылы шындыққа ешқандай өзгеріс енгізе алмайды. Сол сияқты асырап алған бала туған баладай болмайды» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Бір жүрекке қарама-қарсы екі достық сыймайды. Достық бірлестікпен, бірлікпен қатар жүреді. Құдайға сенетін мүмін бола тұра, іс жүзінде кәпірлердің жолы мен тәсілін ұстануға болмайды. Алайда адам екіжүзді болса, әңгіме басқа.
- Ата-ананың перзенттермен қатынасы келісімшарттық немесе көзбояшылық емес, табиғи, шынайы. Сол себепті, тіпті өлімнен кейін де бұл байланыс үзілмейді.
3.Қоғамдық және отбасылық заңдарда хақ пен жалғанның өлшемі – уәһи тағылымдары. Сондықтан уәһи тағылымдарымен бітіспейтін әдет-ғұрыптар жойылуы керек.
«Ахзаб» сүресінің 5 аяты:
«ادْعُوهُمْ لِآبَائِهِمْ هُوَ أَقْسَطُ عِندَ اللَّـهِ فَإِن لَّمْ تَعْلَمُوا آبَاءَهُمْ فَإِخْوَانُکُمْ فِی الدِّینِ وَمَوَالِیکُمْ وَلَیْسَ عَلَیْکُمْ جُنَاحٌ فِیمَا أَخْطَأْتُم بِهِ وَلَـکِن مَّا تَعَمَّدَتْ قُلُوبُکُمْ وَکَانَ اللَّـهُ غَفُورًا رَّحِیمًا»
Оларды әкелерінің атымен шақырыңдар. Сол Алланың қасында турарақ. Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар дінде туыстарың, достарың. Ол жөнде қателессеңдер, сендерге кінә емес. Бірақ әдейі жүректеріңнен болса, (болмайды.) Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді. (5)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Отбасылық және қоғамдық қатынастарда асырап алған балаларыңа туған балаларыңдай қатынас жасамаңдар. Егер оның әкесінің атын білсеңдер, әкесінің атымен атаңдар. Егер білмесеңдер, екеуіңнің де тектерің сақталуы үшін және асырап алған бала мен басқалар оны сіздің туған балаңыз деп ойламауы үшін оны діндес бауырларың немесе өздеріңнің досың ретінде таныстырыңдар».
Аят содан кейін жалпы заңды баяндайды: қателікпен жасалған кез келген істі Құдай кешіреді. Бірақ, егер қасақана жасалса, жазалайды.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Адамдардың нағыз әкелерімен қатыстық қатынасын сақтайық. Әртүрлі түрткілермен, соның ішінде баланы асырап алу арқылы оны өзгертпейік.
- Тіпті, әкелері белгісіз адамдарға да құрметпен, бауырластықпен қатынас көрсетейік. Басқаларды кемсітіп, қорлауға хақымыз жоқ.