Аптаның экономикалық журналы (129)
Қаңтар айының алтысы күні Қытайдың шығыс жағалауларында қытайлық-гонконгтық жүк кемесі мен ирандық мұнай танкері соқтығысты. Сол оқиға барысында ирандық «Санчи» деген танкер жарылып, отқа оранды.
Апат салдарынан ирандық танкер суға батып, 32 адамдық экипажы толығымен қаза болды. Танкер экипажының құрамында 30 ирандық, 2 адам Бангладештің азаматы болған.
Апатта құрбан болғандарға құрмет білдіріп, осы аптаның экономикалық жаңалықтарына тоқталамыз.
Теһранда осы аптада Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Парламент басшыларының 13-ші саммиті өтті. Саммиттің басты тақырыптарының бірі Исламдық парламентаралық одақтың экономикалық және экологиялық істер жөніндегі тұрақты комитеті отырысының өткізілуі болды. Бұл комитет сауда-экономикалық байланыстарды арттыру және экологиялық мәселелерді шешу бойынша 14 қарар бекітті.
Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің арасында сауда байланыстарын арттырып, кедендік кедергілерді азайту, сондай-ақ, мүше елдерге қарсы біржақты және жан-жақты санкциялармен күресу осы отырыста қабылданған экономикалық қарарлардың қатарын құрады.
Қоршаған орта саласында «Экологиялық мәселелер мен тұрақты даму», «Шөлдену мәселесімен, әсіресе, Африканың солтүстігіндегі елдердің шөлдену мәселесімен күресу», «мүше елдердегі су көздерін қорғау саласындағы әріптестік», «қоршаған ортаны қорғау және климаттық өзгерістермен күресу» мәселелері бойынша 8 қарар бекітілді.
Бұл отырыстың маңызы неде? Бұл мәселелердің экономикалық сын-қатерлерден бөлек қарастырылуы және осы отырыста қабылданған шешімдер Ислам әлемі ынтымақтастықтарының жарқын болашағын қамтамасыз ете алады ма?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін Ислам әлемінің мықты экономикалық мүмкіндіктерін қарастырып, ислам елдерінің жалпы өнімдегі үлесін анықтау керек.
Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, әлемнің жалпы өнімінің 2016 жылғы мөлшері 73962 миллиард долларды құрады, ал ислам елдерінің үлесі 6368 миллиард доллар деп есептелді. Осылайша, әлемдік жалпы өнімнің 9 пайызының ислам елдеріне тиесілі екенін көреміз.
Ислам елдері алтын мен күмістен бастап, мұнай және газға дейін бай табиғи қорға ие. Бұл қор дамыған және даму үстіндегі елдердің қызығушылығын тудырып отыр. Ислам елдерінің 41 пайыздық мұнай қоры мен 36 пайыздық газ қорын назарға алсақ, империалистік және отаршыл елдердің осы стратегиялық аймаққа араласушылығының себебін түсінуге болады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Өзбекстан, Судан, Индонезия, Қазақстан мен Малайзия сияқты елдер әлемдегі ең көп алтын қорына ие. Алтынмен қатар, осы географиялық аймақта күмістің де бай қоры бар. Қазақстан, Марокко, Түркия, Индонезия мен Өзбекстан күміс қорына бай елдердің қатарына жатады.
Бұл ресурстар экономикалық толқулар мен тұрақсыздықтармен күрестегі ең басты тірек болып есептеледі.
Энергия көздері, мұнай қорлары, экономикалық мүмкіндіктер, Ислам әлеміндегі ауқымды нарық пен адам күші сияқты критерийлер соңғы технологиялармен араласып, әлемнің экономикалық теңгерімінің бағытын өзгертетін болады.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы осы аяда Исламдық даму банкінің серіктестігімен ислам елдеріндегі сарапшылар мен ресурстарға қолжетімділік негізінде нақты полюстер құру үшін жол картасын дайындау мақсатында техникалық-экономикалық негіздеме жасай алады.
Ислам ынтымақтастық ұйымы ортақ сауда-экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени ортақ ынтымақтастықтар мен байланыстар арқылы елдердің дамуы үшін жағдай тудыру мақсатында құрылды. Осы ұйымдағы ынтымақтастықтарды арттыру жолдарының бірі – ортақ исламдық нарық құру. Бұл мақсатқа жету және бұл нарықтың тиімді әрі ықпалды түрде жұмыс істеуі үшін қолайлы кеңістік тудыру мақсатында Сегіз исламдық ел тобы (D-8) сияқты құрылымдарды пайдалану керек. Осылайша, ислам елдерінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі және Сегіз исламдық ел тобы сияқты топтарының сауда-экономикалық ережелерін бір-біріне байланыстыру арқылы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтарды арттыруға болады. Бұл топ даму үстіндегі сегіз ислам елін, атап айтқанда, Индонезия, Бангладеш, Пәкістан, Түркия, Малайзия, Мысыр мен Нигерияны қамтып отыр. Топтың құрылуының мақсаты – осы елдердің әлемдік нарықтарға ықпалды арттырып, жеті өнеркәсіптік елмен келіссөздер өткізу.
Өткен аптада Жаңа Делиде Иран мен Үндістанның сауда ынтымақтастықтары форумы өтті.
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди мен үндістандық қайраткерлер және екі елдің кәсіпкерлері қатысқан форумда түрлі салалардағы сауда ынтымақтастықтарын арттыру, транзит пен тасымалды кеңейту және Чабаһар портын дамыту жолдары қарастырылды.
Чабаһар «халықтардың ынтымақтастықтарының қақпасы» деп аталды. Бұл портты кеңейту тек Иран, Үндістан және Ауғанстан үшін ғана емес, басқа елдер, соның ішінде, Ресей, Грузия мен аймақтық басқа елдер үшін де аса маңызды болып табылады.
Үндістанның Тасымал және кеме жүргізу министрі Нитин Гадкари осы форумда Чабаһар портының Иран, Үндістан мен Ауғанстан үшін маңыздылығына тоқталып: «Үндістан Иранмен сауда ынтымақтастықтарын арттыруға мүдделі. Чабаһар порты стратегиялық аймақ ретінде Үндістан мен Иран арасындағы сауда байланыстарын кеңейтуде маңызды рөл атқарады» деді.
2018 жылы «солтүстік-оңтүстік», «оңтүстік-батыс» және «шығыс-батыс» дәліздеріндегі сауданы дамытуға көбірек назар аудару үшін жаңа мүмкіндіктер туындап отыр. Бұл дәліздерді кеңейту және аймақтағы елдердің талпынысының көмегімен түрлі елдердің басқа елдерге, соның ішінде, Үндістанның Ресейге, еуропалық елдердің басқа елдерге шығу жолдарын қысқартып, оңайлатуға болады.
Чабаһар портын кеңейту жобасы – ИИР мен Үндістан арасындағы ортақ шара. Екі ел порттың барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін бір келісімге қол қойды. Осы аяда Чабаһар портының бірінші фазасын дамыту үшін Үндістан маңызды рөл атқарады. Үндістан өзінің сауда қатынастарына әртүрлілік енгізу үшін Чабаһар жобасына инвестиция салды. Өткен жылы қол қойылған келісімге сәйкес, Үндістан Чабаһар портының бірінші фазасын кеңейту шеңберінде 85 миллион доллар көлемінде инвестиция салып, 23 миллион доллар кіріс көріп алдағы он жыл ішінде осы порттың екі айлағын басқаратын болды.
Чабаһар портын ИИР, Ауғанстан мен Үндістан арасындағы тасымал дәлізі ретінде бірнеше мақсатта пайдалануға болады. Тауар тасымалымен қатар, үш ел арасында жолаушы тасымалдау да жоспарға енгізілген. Чабаһар порты 2018 жылдың соңына дейін іске қосылатын болып келісілді.
Чабаһар портының Шахид Бехешти атындағы айлағының алғашқы бөлігі жуырда Иран президенті және түрлі елдердің қайраткерлері мен елшілерінің қатысумен іске қосылды.
Ауғанстан та осы аяда құрлықпен қоршалғандықтан және өзінің шығыстағы көршісімен арадағы текетіреске байланысты Чабаһар мен оған қосылған дәлізге қатысты ұзақ мерзімді әрі стратегиялық жоспарлары бар. Кабул өз қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар, Чабаһарға қосылу арқылы Оңтүстік Азия мен Орталық Азия арасындағы халықаралық дәліздің бір бөлігіне айналатынына үміттеніп отыр. Бұл дәліз аймақтағы жағдайды оқшауланудан интеграцияға қарай ауыстыратын болады.
Ауғанстан 30 миллион тұтынушысы бар ел. Орталық Азиядада 50-60 миллион адамдық нарық быр. Пәкістанның бір бөлігі де осы мәселеге атсалыса алады. Сондықтан бұл жобаға бір ірі аймақтық жоба ретінде қарау керек.
Энергетикаға иек тіреген экономика әлемінде газ өнеркәсібі анықтаушы әрі маңызды факторлардың бірі. Газ экспорттаушы елдер ассамблеясының жасаған зерттеулерге сәйкес, алдағы 25 жыл ішінде әлемдегі тұтынылатын энергияның тең жартысы газдың көмегімен қамтамасыз етілетін болады. Энергия тұтыну млшерінің артуына байланысты табиғи газға сұраныстың мөлшері осы уақыт аралыңында жалпы алғанда 50 пайызға артатын болады. Сұраныс көбінесе электр қуаты өндірісі бөлімінде және Қытай, Үндістан мен Таяу Шығыс елдерінде артатын болады.
Осы арада Иран үш маңызды ерекшелігіне байланысты энергия нарығында басты рөл атқаратын болады. Бірінші ерекшелік, Иран мұнай мен газ қорының мөлшері тұрғысынан әлем елдерінің арасында бірінші орында тұр. Сонымен қата, Иран мен Катар әлемдегі ең ірі газ алаңын иеленіп отыр. Олардың Ресеймен әріптестіктері әлемнің энергия нарығына айтарлықтай ықпал ете алады. Қазіргі кезде осы үш елдің газ қорының мөлшері әлемдегі жалпы газ қорының 55 пайызын құрайды.
Келесі ерекшелік – Иранның теңдессіз географиялық жағдайы. Бұл тұрғыдан, Иран шығыс пен батыс және солтүстік пен оңтүстік арасындағы байланыс көпірі ретінде өндіруші және тұтынушы елдер арасында энергия тасымалдау алаңында басты рөл атқаратын болады. Қытай мен Үндістан алдағы жылдардағы энергияны тұтынушы басты екі ел ретінде газбен қамтамасыз етілетіндігіне сенімді болу үшін алдағы жылдары Иран арқылы энергияны тасымалдауды қажет ететін болады.
Әлемде мұнай нарығының жағдайына назар аударылған кезде Осы мәселенің маңыздылығы айқындала түседі.
Келесі бір маңызды мәселе, Иранның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы. Бұл фактор тұтынушы елдерді энергиямен қамтамасыз етуде аса маңызды рөл ойнайды. Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы энергияны жаппай өндіретін елдердегі саяси және қауіпсіздік жағдай Қытай сияқты ірі тұтынушы елдердің басты сын-қатері мен алаңдаушылығы болып отыр. Әлемдегі энергияны көп мөлшедрде ұсынатын басқа елдердің арасында жоғарыда айтылған үш ерекшелікке бірдей ие болатын ел жоқ. Бұ тұрғыдан Иранның жағдайы ерекше.