Ақп 04, 2018 18:18 Asia/Almaty

«Ахзаб» сүресінің 6-7-8 аяттарының тәпсірі:

«Ахзаб» сүресінің 6 аяты:

«النَّبِیُّ أَوْلَى بِالْمُؤْمِنِینَ مِنْ أَنفُسِهِمْ وَأَزْوَاجُهُ أُمَّهَاتُهُمْ  وَأُولُو الْأَرْحَامِ بَعْضُهُمْ أَوْلَى بِبَعْضٍ فِی کِتَابِ اللَّـهِ مِنَ الْمُؤْمِنِینَ وَالْمُهَاجِرِینَ إِلَّا أَن تَفْعَلُوا إِلَى أَوْلِیَائِکُم مَّعْرُوفًا  کَانَ ذَلِکَ فِی الْکِتَابِ مَسْطُورًا»

Пайғамбар мүміндерге өздерінен артық. Оның жұбайлары – олардың аналары. Алланың Кітабында туысқандар бір-біріне мүміндерден де, мүхажірлерден де (мираста) жақын. Бірақ, достарыңа (мүміндерге) қамқорлық жасауларыңа болады. Осылар Кітапта жазылған болатын (6).

Алдыңғы бағдарламада Құдайдың үкіміне сәйкес, асыранды бала мен оны асырап алған өгей әкенің бір-біріне мұрагер болуына рұқсат жоқ екендігі айтылды. Мұрагерлік – тек туған әке мен перзенті арасында ғана болатын іс.

Осы аят былай дейді: «Тіпті, адамдар арасында билікке ие, «үмбеттің әкесі» үкіміне ие пайғамбар да, сонымен қатар мұсылмандарға аналары сынды хазіреттің жұбайлары да мұсылмандардан мұра алмайды. Басқалар да олардан мұра алмайды».

Айта кетер жайт, пайғамбар Мединеде мүхәжірлер мен ансарлардың арасында бауырластық келісімін орнатқан. Соның негізінде бір мұсылман екінші бір мұсылманның бауыры саналған.  Соған қарамастан, туыс адамдар арасында болатын мұрагерлік жүйеде діндес бауырға орын жоқ. Егер біреу діндес бауырын өзінің мұрасына ортақтастырғысы келсе, мұндай ізгі істі діндес бауырының құқығына өсиет ету арқылы жүзеге асыра алады. 

Осы аяттың тақырыбы алдыңғы аяттармен байланысты мұрагерлік болғанымен алдыңғы аяттың тіркесі абсолютті, яғни, ардақты пайғамбар барлық істерде мүміндерге басымдылық берген. Пайғамбар адамға қатысты барлық ықтиярды мүміндердің әрқайсы үшін басым санаған. Сол себепті мүміндер хазіреттің көзқарасын өзінің көзқарасынан артық санап, оған бағынуы керек.

"Ахзаб" сүресінің 36 аяты да осы мәселені қуаттайды. Құдай мен Пайғамбар үкім шығарған кезде мүмін адам оның алдында өзі тарапынан ықтиярға ие емес.

Пайғамбардың пәк, бейкүнә екендігі, хазіреттің адам мен қоғамға жақсылық пен маслихаттан өзгені тілемейтіндігі белгілі.

Сол себепті хазірет өзінің жеке басының немесе отбасының, я болмаса, нәпсілік тілектерін мақсат етпеген.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Пайғамбардың билігі мүміндердің барлығына жүреді. Оның үкімі жеке бас, отбасылық және қоғамдық барлық істерде заңды күшке ие. 

2.Пайғамбардың жұбайларын құрметтеу лазым. Оларға қатысты құрметсіздік саналатын кез келген сөз бен іске жол жоқ.

3. Ислам мәдениетінде отбасы жүйесін нығайту үшін туыстық қатынасқа көп көңіл бөлінген.

«Ахзаб» сүресінің 7-8 аяттары:

«وَإِذْ أَخَذْنَا مِنَ النَّبِیِّینَ مِیثَاقَهُمْ وَمِنکَ وَمِن نُّوحٍ وَإِبْرَاهِیمَ وَمُوسَى وَعِیسَى ابْنِ مَرْیَمَ  وَأَخَذْنَا مِنْهُم مِّیثَاقًا غَلِیظًا»، «لِّیَسْأَلَ الصَّادِقِینَ عَن صِدْقِهِمْ  وَأَعَدَّ لِلْکَافِرِینَ عَذَابًا أَلِیمًا»

(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен, Нұх, Ыбырайым, Мұса және Мәрием ұлы Ғиса (Ғ.С.) лардан, солардан берік уәде алған едік. (7) Алла шыншылдардың шындығынан сұрау үшін еді. Кәпірлерге қинаушы азап әзірледі. (8)

Алдыңғы аят ардақты пайғамбардың мүміндерге қатысты кең ауқымды билігі туралы болды. Осы аяттар ислам пайғамбары мен хазіреттің алдыңдағы басқа да пайғамбарлардың ауыр міндеттеріне сілтеме жасап: «Құдай пайғамбарларға берген құқықтармен қатар оларға ауыр міндеттерді жүктеген. Олардан илаһи уәхиді жариялау мен адамдарға жетекшілік етуде еш талпыныстан аянып қалмайтындығы және бойларында жаны барда адамдарды Құдайға табынуға шақыру үшін талпыныс жасау туралы  келісім жасады.   

Осы аят «ололазм» деп танымал Құдайдың үлкен бес пайғамбарын тілге тиек етіп, ислам пайғамбарынан кейін хазірет Нұх, хазірет Ыбырайым, хазірет Мұса мен хазірет Иса пайғамбарларды атайды. 

Аяттың жалғасы: «Адамдар пайғамбарлардың шақыруы алдында екі топқа бөлінеді: шыншылдар мен кәпірлер. Шыншылдар өздерінің иман туралы айтқан сөздерінде риясыз. Олар ауызбен айтатынды іс жүзінде де көрсетеді. Сөзбен айтып, бірақ іс жүзінде Алланың бұйрықтарынан еш белгі көрінбейтіндей емес. 

Қияметте Құдай екі топты да шақырып, олардың ойы мен тілі, және іс-әрекеттері негізінде жазалап, сый береді.

Осы сүренің 23-24 аяттарында да Құдай нағыз мүміндерге сілтеме жасап: «Құдаймен келісімдерінде шынайы адамдар мен Алланың дінін қорғауда өздерінің келісімдеріне табындылық танытқандар – міне, солар шыншылдар. Олар өздерінің адалдықтарына байланысты сый алады» дейді.

Шыншылдар – Құдайдың дінін қорғау жолында жаны мен малынан және барлық нәрседен баз кешуге дайын әрі өздерінің иман туралы сөздерінің растығын қиын кездерде дәлелдейтін адамдар.

Бірақ, бұл аяттардағы қызық жайт мынада: Құдай қияметте шыншылдарды сынайды. Яғни, істің өзі жеткіліксіз. Сонымен қатар ниеттің адалдығы мен істің түрткісінің риясыздығы да дәлелденуі керек.

Көп адамдар қорғаныс пен джиһадқа  шыққанымен олардың ниеттері риясыз емес. Олар діни міндеттерін орындаумен қатар атақ-даңқ пен байлыққа қол жеткізуді көздейді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Пайғамбарлар мен бұрынғы қауымдардың тарихымен танысу – иман адамдары үшін лазым іс. Ондағы мақсат Алланың солар туралы сүннеттерінен хабардар болып, дұрыс бағытта қадам басу үшін.

2. Құдай әрбір құқықтың алдына міндет қойған. Адамның дәреже-деңгейі мен жағдайы неғұрлым жоғарылап, көбірек ықтиярларға ие  болған сайын оның міндеті мен жауапкершілігі де ауырлай түседі.

3. Сөз бен істегі адалдық – иманның қажеттілігі. Құдай мүміндер деген сөздің орнына «садеғин»-шыншылдар деген сөзді қолданған.

4. Құдай қияметте ниет пен түрткі негізінде адамдардың әрекеттерін бағалайды. Ғамалдың сыртқы көрінісімен қатар ішіне де көңіл аударылады.