Сәу 04, 2018 14:01 Asia/Almaty
  • Иран базары (30)

Тұрмыстық заттар жасау өнеркәсібі – өңдеу зауыттары үшін қосымша құн салығын тудыратын және әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Иранда экономикалық және индустриялық дамуды жылдамдататын ірі өнеркәсіп салаларының бірі.

Тұрмысқа қажет заттарды жасау өнеркәсібі – әлемде осы сала өнімдерін қолдану аясының кеңдігіне байланысты елдердің қаржы және экономикалық айналымында жоғары үлеске ие салалардың бірі. Әлемде тұрмыстық заттары жоқ үй сирек кездеседі. Тұрмысқа қажет заттардың қатарына теледидар, тоңазытқыш, мұздатқыш, кір жуатын машина, шаңсорғыш, үтік, жеміс шырынын алатын аппарат, тіпті тефлон мен болаттан жасалған әртүрлі ыдыстар жатады. Бұл өнеркәсіп шағын заттар, электр қуаты көп кететін ірі заттар және электр қуаты кетпейтін заттар болып үшке бөлінеді. Үшіншісіне әртүрлі ыдыстар жатады. Тұрмыстық заттар жасау өнеркәсібі – жоғары технологияны қажет етпейтін, орташа және ірі өндіріс шеберханалардың болуы оның жұмысын экономикалық тұрғыдан ақтайтын маңызды өнеркәсіп салаларының бірі. 

Тұрмыстық заттар

Тұрмыстық заттар жасау өнеркәсібі – өңдеу зауыттары үшін қосымша құн салығын тудыратын және әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Иранда экономикалық және индустриялық дамуды жылдамдататын ірі өнеркәсіп салаларының бірі. Бұл саланың өнімдері тұрмыста кеңқолданылып, қажеттіліктерді қамтамасыз етумен қатар, кеңсе мен сауда саласында да қолданылып, нарықтың ауқымды бөлігін алып жатыр.

Иранда тұрмыстық заттар жасау өнеркәсібі қоғамда жанұялардың, әсіресе жастардың қажеттіліктерінің ауқымдылығына байланысты ирандық отбасылар үшін тартымды нарықтардың бірі саналады. Алуан түрлі тұрмыстық заттарды пайдалану тұтынушылардың əл-ауқатының жоғарылауына септігін тигізеді. Иранда бұл саланың 80 жылдық тарихы бар.

Ирандағы тұрмыстық заттар жасау өнеркәсібі

Иранда тұрмыстық заттар шығаратын алғашқы зауыт х.ш.ж.с.б. 1316 жылы (1937 жылы) Теһранда ашылып, 8 жұмысшымен өз жұмысын бастады. Кейінгі жиырма жылда тағы бірнеше зауыт іске қосылған соң біртіндеп Иранда осы өнеркəсіптің негізі қаланды. 1950 жылдан осы күнге дейін Иранның тұрмыстық заттар жасау өнеркəсібі ауқымды өзгеріске ұшырап, жұмыс сапасы тұрғысынан көптеген шарықтаулар мен құлдырауларды бастан өткерді. Осы салада жұмыс істейтін экономикалық компаниялар монтаж жасау, ішкі-сыртқы технологиялық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу сияқты əртүрлі тəсілдерді тəжірибеден өткізіп, оны өз зауыттарының тарихында тіркеді. Осы салада белсенді компаниялар тарапынан электрлі мотор мен сығымдағыш (компрессор) бөлшектер жасалғаннан кейін Иранның тұрмыстық заттаржасау өнеркəсібі толық өнім шығару арқылы жаңа сатыға аяқ басты. Бұл зауыттар əртүрлі брендтермен өз тауарларын өндіріп, ішкі-сыртқы тұтыну нарығына шығарды.

"Ардж" зауыты – Иранда тұрмыстық заттар шығарған алғашқы өнеркəсіптік кешен. Халил Арджманд оны х.ш.ж.с.б. 1316 жылы Теһрандағы "Қазвин қақпасы" атты алаңға жақын жерде ашқан.  

Бүгінде Иранның тұрмыстық заттар өнеркəсібінде 400-ге жуық өндіріс бірлігі бар. Ол жерлерде шамамен 100 мың адам, соның ішінде жұмысшылар мен мамандар өндіріс және сатылғаннан кейінгі қызмет бөлімдерінде жұмыс істеп жатыр. Ирандағы тұрмыстық заттарөнеркəсібінің мықты тұстарынан оған қажет шикізат көздерінің басым бөлігінің, атап айтқанда мыс, алюминий, мұнай-химия шикізаттары мен тағы басқалардың ел ішінде қамтамасыз етілуін айтуға болады. Бұл мәселе Иранда тұрмыстық заттарды жасауда қолданылған шикізаттардың өте сапалы болуына себеп болды. Әртүрлі инженерлік салаларда жас әрі белсенді кәсіби жұмыс күштері мен аймақтағы көршілес елдерде қолайлы ішкі-сыртқы нарықтың болуы Иранда тұрмыстық заттар өнеркəсібіне инвестиция салудың артықшылықтары болып табылады. Алдағы он жылда  Иранда осы саладағы қаржы айналымы 8 млрд доллардан асады деп болжанып отыр. Сондықтан соңғы жылдары Иранда тұрмыстық заттар өнеркəсібін дамытудың ең маңызды артықшылықтарының бірі осы салаға қатысты технологияны жергіліктендіру, әлемдегі заманауи технологияларды пайдалану, зерттеу, дамыту және сатылғаннан кейінгі қызмет саласына инвестиция салу, жобалау мен инженерлік жүйеге көңіл бөлу, сапаны жақсарту, бренд тудыру мен экспортты арттыру болып табылады. 

Ирандағы тұрмыстық заттар өнеркəсібі

Осы уақытқа дейін айтарлықтай сома тұрмыстық заттар өнеркəсібінде құрал-жабдық сатып алу мен өндіріс желісін толықтыруға жұмсалды. Тіпті осы саладағы компаниялардың иелері өндіріс қуатын жоғарылату арқылы қысқа мерзім ішінде нарыққа қажет тауар шығаруға мүмкіндік алды.  

Осы саладағы белсенділердің бірі доктор Хабибулла Ансарид былай дейді: «Қазіргі таңда Ирак пен Ауғанстан сияқты көршілес елдер, Орта Азия елдері мен Африканың кейбір елдерінде жақсы нарық бар. Тіпті Иранның су жылытқыш сияқты кейбір  өнімдері Еуропа елдеріне экспортталады. Елдегі тұрмыстық заттар өнеркəсібі жақын болашақта даму үстіндегі сала ретінде елдің экономикалық дамуына өз үлесін қосады деп болжануда. Қазіргі таңда біздің кейбір ерекше өнімдеріміз бұрын осы саланың иесі болған елдердің өздеріне экспортталады. Мысалы, Иранның тігін машинасы Еуропа нарықтарына шығарылады. Тұтынушылар оның сапасына риза».  

Иранның тұрмыстық заттар өнеркəсібіне инвестиция салушылар аймақта бірінші орынға жету үшін тиімділікті арттырып, шығындарды төмендетіп, өндірісті әралуандандырып, өнімдерді арзанырақ бағаға сатуға талпыныс жасап жатыр. Аймақ елдеріне өнім шығару бағдарламасының болуы, электр қуатын үнемдеу, тұтынушының ризалығын алу үшін сатқаннан кейін қызмет көрсету осы сала белсенділері бағдарламаларының қатарына жатады. Сонымен қатар техникалық біліммен алмасу сияқты стратегиялық салаларда әлемдік деңгейдетұрмыстық заттар шығаратын беделді компаниялармен серіктесу, бөлшектер шығарып, экспортты арттыру тұрмыстық заттар өнеркəсібінде жұмыс істейтін компаниялардың мақсаттарының қатарына жатады.  

Ирандағы тұрмыстық заттар өнеркəсібі

Иранда тұрмыс заттарын шығаратын зауыттардың тағы бір мақсаты  осы салада зерттеу институттары мен іргелі ғылымға негізделген компанияларды ашып, нығайту болып табылады. Тұрмыс заттары саласында іргелі ғылымға негізделген компаниялар әлемдік нарықтарға шығу сапасы мен қабілетін жоғарылату мақсатында кең түрде  практикалық зерттеулер жүргізіп, өздерінің кейбір жобаларына инвестиция тарту арқылы коммерцияландыру кезеңіне жеткізді. Жаңалықтардың бірі – air jet жүйесін қолданатын ыдыс жуатын машина. Мұндай машиналардың жүйесіндегі кемшіліктердің бірі – ыдыс жууға кететін уақыттың көптігі, су мен электр қуатын көп тұтынуы және кейбір ыдыстардың толық жуылмауы. Air jet жүйесінде жуу уақыты азайтылып, дыбыс децибелі мен электр қуатын пайдалану деңгейі минимумға жеткізілді. Сонымен қатар ыдыстар суға батырылып, шайылатындықтан саңырауқұлақтар мен бактериялардың өсуіне жол берілмейді. Бұл машинаға қажет барлық бөлшектер Иранда өндіріледі және баға тұрғысынан өте тиімді.

Иранда тұрмыстық заттарға қатысты іргелі ғылымға негізделген жобаларды коммерцияландыру

Тамақтану үлгісі – қоғамның денсаулығын сақтауда негізгі рөл атқаратын ең маңызды факторлардың бірі. Дұрыс тамақ ұсыну әртүрлі газ плиталардың үстіне қойыла алатын бумен пісіру жүйесін ойлап табушы топтың ең маңызды мақсаты болды. Аталмыш жүйе кез келген газ плитаның үстіне қойып, тамақты бумен пісіруге болатындықтан қоғамның салауаттылығы саласында жасалған әсерлі қадам саналады. Оңай қолданылуы, қауіпсіздіктің жоғары деңгейде сақталуы, пісіру сапасының жақсы болуы, көлемінің шағындығы, тиімділігінің жоғарылығы және баға тұрғысынан тиімділігі осы инновацияның ерекшеліктерінің қатарына жатады. Үй және дала тоңазытқышы – ирандық жастардың келесі бір жаңалығы. Ол газ, электр қуаты және күннің қуатын пайдалануға қабілетті. Оны электр қуаты жоқ аймақтарда қолдануға болады. Бұл өнімнің қолданыс уақыты – 15-20 жыл. Оның барлық бөлшектері Иранда өндіріледі. Газ шүмегін тұрақты түрде электронды бақылау, салқындатқыш, тоңазытқыш, иіс тартқыш сияқты аппараттарға қажет электр тұстамалар жасау, оны жобалау мен эргономикаға көңіл аударутұрмыстық заттар өнеркəсібінде жұмыс істейтін іргелі ғылымға негізделген  компаниялардың зерттеушілері тарапынан жасалған істердің қатарына жатады. Бүгінде электр көп тұтынатын тұрмыстық заттар жасау саласында ирандық өнімдер қуатты үнемдеп пайдалану тұрғысынан сыртта жасалған ұқсас өнімдерге қарағанда тиімдірек.

Иранда жасалған газ плиталарының үстіне қоюға болатын бумен пісіретін аппарат

Тұрмыстық заттар өнеркəсібі – Ирандағы 7 стратегиялық саланың бірі. Ғылыми негізде шығарылған өнімдерді экспорттау оның стратегиялық саясаты болып табылады. Осы аяда кейбір зауыттар мен ірі компаниялар зерттеу жүргізу, жасампаздық тудыру, жаңалық ашу, тың бастамалар көтеру мақсатында тұрмыстық заттарға қатысты технологиялар мен инновациялық орталықтарын ашып жатыр. Мұның мақсаты сапасы жоғары алуан түрлі өнім жасауда талантты әрі жасампаз адамдарды пайдалану үшін зертханалық мүмкіндіктерді қолдану арқылы ғылыми-технологиялық орта қалыптастыру болды. Атқарылған жұмыстар мен салынған инвестициялардың арқасында Иранның тұрмыстық заттар жасау өнеркəсібінің санкциялар салдарынан туындаған шектеулерден өтіп, өз өнімдерін  сыртқы нарықтарға шығара алатындығына үміттенеміз.

Тегтер