«Ахзаб» сүресі, 746-шы бөлім, 9-12 аяттар
«Ахзаб» сүресінің 9-12 аяттарының тәпсірі:
«Ахзаб» сүресінің 9 аятының тәпсірі:
«یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا اذْکُرُوا نِعْمَةَ اللَّـهِ عَلَیْکُمْ إِذْ جَاءَتْکُمْ جُنُودٌ فَأَرْسَلْنَا عَلَیْهِمْ رِیحًا وَجُنُودًا لَّمْ تَرَوْهَا وَکَانَ اللَّـهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِیرًا»
Әй, мүміндер! Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар. Сендерге ләшкерлер келген еді. Сонда оларға боран және сендер көрмеген ләшкерлер жіберген едік. Алла не істегендеріңді толық көруші (9).
Осы аят пен осыдан кейінгі он алты аят хижридің бесінші жылы орын алған «Ахзаб» соғысына қатысты. Сол соғыста исламның барлық топтары ислам мен мұсылмандардың ісін біріктіру үшін одақтасқан. Мединенің яһудилері үлкен әскер жинап, Мединені басып алған соң пайғамбарды өлтіріп, мұсылмандары жаппай қыру үшін Меккенің мүшіріктері мен әртүрлі тайпаларымен одақтасты. Бірақ, Құдайдың қалауымен олардың жоспарлары жеңіліс тауып, мұсылмандардың жеңісімен олар дәрменсіздік пен үмітсіздікке душар болды.
«Ахзаб» соғысында ардақты пайғамбар дұшпандардың Мединеге шабуыл жасау жоспарынан хабардар болған соң, мұсылмандар мешітте жиналып, дұшпанмен соғысу тәсілі жөнінде кеңесіп, пікір алмасты.
Салман Фарсидің ұсынысымен дұшпан қалаға оңайлықпен ене алмауы үшін Мединенің айналасынан ор қазуға келісті. Сол себепті бұл соғыс «Хандақ шайқасы» деп танымал болды.
«Ахзаб» соғысы туралы бірінші аят саналатын осы аят мұсылмандардан дұшпандарға қарсы илаһи жәрдемнің болатынын әркез естен естен шығармауды, осалдыққа салынбауды сұрайды. «Ахзаб» соғысында дұшпандардың саны мұсылмандардың санынан бірнеше есе артық болғанымен, Құдай бір жағынан қатты жел жіберіп, олардың жағдайларын қиындатып, жүректеріне үрей мен қорқыныш ұялатты. Басқа жақтан, дұшпанның қалың қолынан тайсалмауы үшін олардың рухтарын жігерлендіретін періштелерін жіберді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1. Құдайға иман мен талпыныс пен джиһад – өмірдің әртүрлі салаларында илаһи көмектерге қол жеткізудің шарты.
2.Құдайдың бұрынғы нығметтерін еске алу – бүгінгі және болашақтағы қиындықтардың алдында сабыр сақтап, табандылық танытудың факторы.
3.Иманды адамдарға жәрдемдесуде, жел, топан сияқты табиғи құбылыстар мен періштелерін түсіру сынды тылсым істерде де Құдайдың қолы ашық.
4.Құдай біздің барлық ісімізді көреді, бәрінен хабардар, әрекеттерімізді бақылауда дегенге сену біздің Құдай жолындағы талпыныстарымыздың артуына, жүрегіміздің жұбаныш табуына себеп болады.
«Ахзаб» сүресінің 10-11 аяттары:
«إِذْ جَاءُوکُم مِّن فَوْقِکُمْ وَمِنْ أَسْفَلَ مِنکُمْ وَإِذْ زَاغَتِ الْأَبْصَارُ وَبَلَغَتِ الْقُلُوبُ الْحَنَاجِرَ وَتَظُنُّونَ بِاللَّـهِ الظُّنُونَا»، «هُنَالِکَ ابْتُلِیَ الْمُؤْمِنُونَ وَزُلْزِلُوا زِلْزَالًا شَدِیدًا»
Сол уақытта олар сендердің жоғарғы жақтарыңнан да, төменгі жақтарыңнан да келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ, Аллаға байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді. (10) Міне, сол арада мүміндер сыналып, қатты теңселген еді (11).
Бұл аяттар «Ахзаб» соғысының қиын жағдайын сипаттап: «Дұшпан әскері санының көп болғаны соншалықты, Мединені үш жақтан қоршауға алып, сәт сайын олардың қалаға ену және тұрғындарын қырып, дүние мүліктерін талан-таражға салу қаупі артты. Сол себепті Медене халқы қатты қорқынышқа душар болды. Олардың көздерінен қорқыныш пен үрей, алаңдаушылық көрінді. Жандары мұрындарының ұшына тығылып, сәт сайын ажал құшатындай көрінді.
Алланың уәделеріне иман келтірмеген адамдар шын мәнінде пайғамбардың исламның кәпірлерді, хақтың жалғанды жеңетіні туралы уәделерін жалған санап, олардың жеңілісімен исламның шырағы мәңгілікке сөнеді деп ойлады.
Бұл жағдай Құдайдың уәделеріне имандай сенетін адамдардың жандары аман қалатынын дәлелдеді. Ал дұшпанның қалың қолын көріп, қорқынышқа бой алдырып, әлсіздік танытып, имандары әлсірейтін адамдар үшін илаһи үлкен сынақ болды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Мұсылмандар әрдайым дұшпандардың қастандықтары алдында дайын болып, жерлеріне дұшпанның енуінен сақ болуы керек.
2. Соғыс пен джиһад – Алланың сынағының қиын сахналарының бірі. Егер байқамаса, кейбіреулер имандарының әлсіздігіне байланысты алаңдаушылыққа ұшырайды.
Қиындықтарда нағыз мүміндер сырт көзгі мүміндерден ажыратылады. Себебі, қиындықтарға төтеп беру, мықты иманды қажет етеді.
«Ахзаб» сүресінің 12 аяты:
« وَإِذْ یَقُولُ الْمُنَافِقُونَ وَالَّذِینَ فِی قُلُوبِهِم مَّرَضٌ مَّا وَعَدَنَا اللَّـهُ وَرَسُولُهُ إِلَّا غُرُورًا»
Сол уақытта мұнафықтар мен жүректерінде дерті болғандар: “Бізге Алла да, Елшісі де алдап қана уәде берген екен” деді (12).
Алдыңғы аят Құдай «Ахзаб» соғысындағы мүміндердің бір тобының имандарының әлсіреуіне тоқталды. Осы аят сол әлсіздіктердің тамырларына сілтеме жасап: «Олардың бір тобы сырттай ислам туралы айтатын, шын мәнінде, иман келтірмеген мұнафықтар болды. Келесі топ имандары әлсіз адамдар болды. Дүниеге тәуелділіктері оларды дұшпанмен күрестен тыйды. Олар тек өздері артқа шегінгендерімен қатар басқаларды да артқа тартып, оларға: "Пайғамбар жеңіс туралы уәде беріп, бізді алдады. Ондағы мақсаты оған дұшпанмен соғыста жәрдемдесуіміз болды» десті.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Екіжүзділік – әрдайым ислам қоғамдарына қауіп төндіретін қатер. Сол қатерді танып, онымен күреске әзір болу керек.
2. Мұнафықтар ислам қоғамын іштен әлсіретіп, үмітсіздікке ұрындырады, халықтың дұшпанның алдындағы рухын әлсіретеді.
3.Пайғамбардың сахабалары мен серіктері біркелкі болған жоқ. Олардың кейбіреуніңі имандары берік, тағы біреулері екіжүзді болды.