Сәу 17, 2018 19:34 Asia/Almaty

«Ахзаб» сүресінің 32-34 аяттарының тәпсірі

                                            بسم الله الرحمن الرحیم

«Ахзаб» сүресінің 32 аяты:

«یَا نِسَاءَ النَّبِیِّ لَسْتُنَّ کَأَحَدٍ مِّنَ النِّسَاءِ  إِنِ اتَّقَیْتُنَّ فَلَا تَخْضَعْنَ بِالْقَوْلِ فَیَطْمَعَ الَّذِی فِی قَلْبِهِ مَرَضٌ وَقُلْنَ قَوْلًا مَّعْرُوفًا»

Әй, Пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлде кім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер (32).

Алдыңғы бағдарламада пайғамбардың жұбайлары туралы баяндалды. Бұл олардың адамдардың ортасындағы әсерлі орнын білдіреді. Осы аят сол іске тікелей сілтеме жасап: «Пайғамбардың жұбайлары Алланың елшісімен байланысты болғандықтан ауыр міндетке ие. Олар өздерін басқа әйелдермен салыстырмауы керек. Себебі олар қаласын, қаламасын қоғамдағы басқа әйелдерге үлгі болады. Олардың жақсы-жаман істері қоғамда әсерге ие» дейді.

Содан кейін әйелдердің қоғамдық қатынастарындағы дәлелдердің біріне сілтеме жасап: «Тақуалықтың қажеттілігі мынада: әйелдер бөтен адамдармен сөйлескен кезде жөнсіз, жүректері дімкәс ер адамдарды өзіне тартпайтындай сөйлеу керек. Яғни, пәк әйелдерге лайық екпінмен сөйлеу керек».

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Адамдардың жағдайы мен орындары олардың жауапкершіліктерінің көлеміндей әсерлі. Сол себепті, қоғамда жоғарырақ мәртебеге немесе діни жетекшінің отбасы сынды жағдайға ие адамдар басқаларға қарағанда өздерінің сөздері мен қылықтарына көбірек абай болуы керек.

2. Киім кию тәсілімен қатар, сөйлеу де өте маңызды. Сондықтан Құдай тақуалықты барлық істерде, соның ішінде сөйлеу тәсілі мен оның мазмұнында да қуаттайды.

3.Әрбір қоғамда жүректері дертке шалдыққан, пәс адамдар болады. Сондай адамдардан сақтану үшін сөз беп қоғамдық қатынастарда абай болу керек.

«Ахзаб» сүресінің 33-34 аяты:

 «وَقَرْنَ فِی بُیُوتِکُنَّ وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ الْجَاهِلِیَّةِ الْأُولَى وَأَقِمْنَ الصَّلَاةَ وَآتِینَ الزَّکَاةَ وَأَطِعْنَ اللَّـهَ وَرَسُولَهُ إِنَّمَا یُرِیدُ اللَّـهُ لِیُذْهِبَ عَنکُمُ الرِّجْسَ أَهْلَ الْبَیْتِ وَیُطَهِّرَکُمْ تَطْهِیرًا»، «وَاذْکُرْنَ مَا یُتْلَى فِی بُیُوتِکُنَّ مِنْ آیَاتِ اللَّـهِ وَالْحِکْمَةِ  إِنَّ اللَّـهَ کَانَ لَطِیفًا خَبِیرًا»

 

Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәуірінше ашылмаңдар. Сондай-ақ, намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына бағыныңдар. Әй, Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды. (33)

Үйлерінде оқылған Алланың аяттары мен хикметтерін еске алыңдар. Шәксіз, Алла (Т.) өте жұмсақ, толық білуші (34)

Алдыңғы аяттардың жалғасында бұл аяттар да пайғамбардың жұбайларына: «Исламнан бұрынғы алғашқы жәһілдік кезеңдердегі жөнсіз киініп, әр түрлі әшекей бұйымдарын тағып көшеге шығатын әйелдердей үйлеріңнен шықпаңдар. Егер сендердің қоғамдағы құзырларың қажеттілік болса, дұрыс киініңдер. Әшекейлерің мен дене бітімдеріңді көрсетуден аулақ болыңдар» дейді.

Құран осы аятта қолданған анықтама – алғашқы жәһілдік. Құран әйелдердің арасында боянып, өздерін көрсететін келесі жәһілдіктің болатынын алдын ала жорамалдаған сынды.

Бүгінгі әлем әртүрлі атаумен және кең ауқымды жарнамаларымен әйелдерді жалаңаштады. Сәндік және косметикалық құралдардың базары бүгінгі әлемдегі ең үлкен базарлардың бірі саналады.

Аяттар жалғасында намаз, зекет пен Құдай мен пайғамбары атаған басқа да діни уәжіптерге шынайы көңіл бөлуді ескертеді. Ондағы мақсат әйелдердің діндарлығы дұрыс киім киіп, бөтен ер адамдармен араласудан бойды аулақ салумен шектелмейді дегенді немесе бұрынғы бұйрықтар пайғамбардың жұбайларына ғана тиесілі болып, басқа әйелдер оларды сақтауға міндетті емес деп ойламасын дегенді қуаттайды.

34-аят та Алланың осы бұйрықтарының жалғасында әйелдерге: «Әйелдер үшін табиғи іс саналатын үйде болу олардың діни тұрғыдан дамуына кедергі болмауы керек. Керісінше, әйелдер Құран оқып, биік мағрифат пен хикмет үйреніп, бұл істен қапыл қалмауы керек» дейді. 

Бірақ, алдымен пайғамбардың жұбайлары, соңында иманды барлық әйелдерге арналған бұйрықтардың арасында алдыңғы және кейінгі тіркестерден айырмашылыққа ие ерлерге қатысты тіркес бар. 

«Еннама» деген сөзбен басталған тіркес Құдай пайғамбар әулетінің пәктіктің бір түріне ие болғанын қалайтынын білдіреді: оларды ластық пен пәксіздіктің кез келген түрінен сақтайтын пәктік. Сол пәктік барлық мүміндер үшін үлгі болуы тиіс.

Бұл пәктік пайғамбар әулетіне күнә жасатпайтындай мәжбүрлі емес. Керісінше, олар өздерінің дұрыс істерімен илаһи мейірімге бөленген, күнә жасайтын күш-құдірет пен ерікке ие бола тұра оған бармай, күнәдан пәк қалады. 

Алайда «аһле бейт»-пайғамбар әулеті кімдер деген сұрақ бойынша тәпсіршілердің арасында әртүрлі пікір бар. Кейбіреулер оны пайғамбардың жұбайларымен байланыстырады. Тағы біреулер осы тұрғысында Алланың елшісінен қалған көптеген рауаяттар негізінде бұл аяттың тек бес адамды ғана қамтитынын, атап айтқанда, ардақты пайғамбардың өзін, қызы Фатеме, күйеу баласы Али Бен Аби Талепті, пайғамбардың екі жиені – Хасан мен Хосейнді атайды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Қоғамда өз-өзін көрсету – өркениеттің белгісі емес, керісінше, Құранның анықтамасы бойынша, жәһілдіктің белгісі.

2.Зекет төлеу мен байлығынан мұқтаждарға беру тек ер адамдарға ғана қатысты емес. Сонымен қатар әйелдерді де қамтиды.

3. Қоғамға жетекшілік ету жауапкершілігіне ие діни жетекшілердің отбасылары жамандықтардан аулақ болуы керек.

4.Үй жұмысындағы әйелдер ғылыми даму мен хикмет пен мағрифаттан кенде қалмауы керек. Олар өздерінің дамуы үшін талпыныс жасауы керек.