«Ахзаб» сүресі, 752-ші бөлім, 35-38 аяттар
«Ахзаб» сүресінің 35-38 аяттарының тәпсірі
بسم الله الرحمن الرحیم
«Ахзаб» сүресінің 35 аяты
«إِنَّ الْمُسْلِمِینَ وَالْمُسْلِمَاتِ وَالْمُؤْمِنِینَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَالْقَانِتِینَ وَالْقَانِتَاتِ وَالصَّادِقِینَ وَالصَّادِقَاتِ وَالصَّابِرِینَ وَالصَّابِرَاتِ وَالْخَاشِعِینَ وَالْخَاشِعَاتِ وَالْمُتَصَدِّقِینَ وَالْمُتَصَدِّقَاتِ وَالصَّائِمِینَ وَالصَّائِمَاتِ وَالْحَافِظِینَ فُرُوجَهُمْ وَالْحَافِظَاتِ وَالذَّاکِرِینَ اللَّـهَ کَثِیرًا وَالذَّاکِرَاتِ أَعَدَّ اللَّـهُ لَهُم مَّغْفِرَةً وَأَجْرًا عَظِیمًا»
Сөз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, мүмін ерлер және мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер, Алла (Т.) бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі. (35).
Алдыңғы бағдарламада Құдай пайғамбардың жұбайлары мен барлық мұсылман әйелдерге өздерін ұяттары жоқ ер адамдардан сақтау үшін нұсқаулар берді. Осы аят ер болсын, әйел болсын, кемел адамның сенім, ахлақ пен іс жүзіндегі әртүрлі аспектілердегі ерекшеліктерін баяндап, адами және илаһи кемелдікке жету жолында ер мен әйел арасында ешқандай айырмашылықтың жоқ екендігін көрсету үшін ерекшеліктердің әрқайсын екі жыныспен байланыстырады. Олардың қатарына Құдайға иман келтіру, тіл мен ауыз және шәһуатты бақылау, адамдарға, әсіресе мұқтаждарға қызмет ету, қиындықтарда сабыр сақтау, Құдай мен пайғамбардың бұйрықтарына бағыну, дұға тілеп, мүнәжат етіп, Құдайға жалбарыну сияқты істер жатады.
Адамдардың бір тобының ойларына керісінше, адамдардың иманы тек олардың намазы мен оразасымен ғана шектелмейді. Сол себепті, осы аят діни парыздардың қасында сабыр мен шыншылдық және қарапайымдылыққа да сілтеме жасады. Бұлар – мұсылман адамның ахлақтық және іс жүзіндегі ерекшеліктерінің көрсеткіштері. Сол себепті, егер бұл ерекшеліктер бір адамның бойында әлсіз болса, оның иманының осалдығын білдіреді.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Ер мен әйелдің айырмашылығы олардың физикалық жынысына ғана қатысты. Адамның кемелдігі оның рухына байланысты. Бұл тұрғысында әйел мен ердің арасында айырмашылық жоқ.
2. Исламның көзқарасындағы адам жан-жақты: сенімнен бастап, ахлақ және ғамал тұрғысынан дамитын адам.
3.Әйел мен ер рухани кемелдікке жету, илаһи сыйға ие болу тұрғысынан бірдей. Мұрагерлік, қысас сынды отбасы жүйесіндегі олардың орындарына қатысты істерде айырмашылықтарға ие болғанымен Құдайдың жанында тең.
«Ахзаб» сүресінің 36 аяты:
«وَمَا کَانَ لِمُؤْمِنٍ وَلَا مُؤْمِنَةٍ إِذَا قَضَى اللَّـهُ وَرَسُولُهُ أَمْرًا أَن یَکُونَ لَهُمُ الْخِیَرَةُ مِنْ أَمْرِهِمْ وَمَن یَعْصِ اللَّـهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالًا مُّبِینًا»
Алла (Т.) және Елшісі қашан бір іске үкім берсе, мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуына болмайды. Сондай-ақ, кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады. (36)
Құдайға бағынуды мүміннің ерекшеліктерінің бірі ретінде баяндаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят соны көбірек қуаттап, былай дейді: «Құдай мен елшісінің үкімі – мүміннің қалауы мен талап-тілектерінен үстем. Өзін мүмін санайтын адам ешқашан өзінің қалауын Құдай мен оның елшісінен артық санамайды. Себебі, бұл іс оның тура жолдан таюы мен адасуына себеп болады.
Негізінен, шынайы иманның белгісі ешбір шартсыз Құдайдың бұйрығына бағынуда. Сол себепті, егер адам тек өзі жақсы көретін бұйрықтарды ғана жүзеге асырса немесе көңіліне қош келмейтін, болмаса оны жақсы түсінбейтін бұйрықтардан бас тартса, шын мәнінде Құдайдың емес, өзінің қалауына бағынғаны.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Құдай мен елшісіне бағынып, діннің бұйрықтарына еру – шынайы иманның белгісі.
- Есепсіз, шектен тыс азаттық емес, илаһи заңдар аясындағы адамның азаттығы қабылдауға лайық.
- Алланың заңдарына қарсы адамзаттың заңдары адамдардың адасушылығы мен тура жолдан таюына себеп болады.
«Ахзаб» сүресінің 37-38 аяттары:
«وَإِذْ تَقُولُ لِلَّذِی أَنْعَمَ اللَّـهُ عَلَیْهِ وَأَنْعَمْتَ عَلَیْهِ أَمْسِکْ عَلَیْکَ زَوْجَکَ وَاتَّقِ اللَّـهَ وَتُخْفِی فِی نَفْسِکَ مَا اللَّـهُ مُبْدِیهِ وَتَخْشَى النَّاسَ وَاللَّـهُ أَحَقُّ أَن تَخْشَاهُ فَلَمَّا قَضَى زَیْدٌ مِّنْهَا وَطَرًا زَوَّجْنَاکَهَا لِکَیْ لَا یَکُونَ عَلَى الْمُؤْمِنِینَ حَرَجٌ فِی أَزْوَاجِ أَدْعِیَائِهِمْ إِذَا قَضَوْا مِنْهُنَّ وَطَرًا وَکَانَ أَمْرُ اللَّـهِ مَفْعُولًا»، «مَّا کَانَ عَلَى النَّبِیِّ مِنْ حَرَجٍ فِیمَا فَرَضَ اللَّـهُ لَهُ سُنَّةَ اللَّـهِ فِی الَّذِینَ خَلَوْا مِن قَبْلُ وَکَانَ أَمْرُ اللَّـهِ قَدَرًا مَّقْدُورًا»
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта өзіне Алла да бақ берген, сен де бақ берген Зәйітке: “Жұбайыңды ажыратпа, Алладан корық!”,- деуде едің; Алланың жариялайтын нәрсесін көңіліңде жасыруда едің. Адамдардан қорқасың. Негізінде қорқуға Алла лайық. Сонда одан Зәйіттің жұмысы біткен (ажыраған) кезде оны саған некелендірдік; мүміндерге, асырандыларынан босаған әйелдерді алуда бір кінә болмауы үшін. Алланың әмірі орындалады. (37)
Пайғамбарға Алланың оған парыз еткен нәрсесінде оған айып жоқ. Бұрынғы өткендерге де Алланың жолы осы еді. Алланың әмірі тұжырымды бір үкім. (38)
Тарихи рауаяттарда хазірет Хадидженің Зейд деген құлының болғаны, Алланың елшісіне тұрмысқа шыққаннан кейін оны хазіретке сыйлағаны, пайғамбардың алдымен оны азат етіп, кейін өзіне бала ғып алғаны айтылған.
Алланың елшісі Зейдке апайының қызы Зейнепті әпереді. Пайғамбар Зейдке үнемі өзінің жұбайын сақтап, талақтан бойын аулақ салуға кеңес бергенімен, Зейд пен жұбайының ортақ өмірі ұзаққа созылмай, ажырасуға соқтырды.
Мұндай сәтсіздіктің орнын толтыру үшін пайғамбар Зейнепті әйелдікке алуға шешім қабылдағанымен, «өзінің асыранды баласының әйелін алды» деген жұрттың сөзінен қорықты.
Бұл жәһілдік кезеңіндегі адамдар үшін жаман, ұят іс саналды. Сол себепті Құдай оған: «Осы жәһіл іспен күресу үшін оған үйлен. Жұрттың сөзінен қорықпа» деді. Өйткені, пайғамбарлар Құдай бұйырғанды орындауда ешбір адамның немесе топтың ескертуіне көңіл аудармауы керек.
Тарих бойындағы Құдайдың сүннеті мынадай болған: пайғамбарлар бұрыс әдет-ғұрыптарды бұзып, жөнсіз әдет-ғұрыптардың алдында қарсылық танытқан.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Жұбайлардың арасында қиындықтар мен келіспеушіліктер пайда болған кезде ажырасу туралы ойламаңдар, басқаларға да ондай ұсыныс жасамаңдар.
2.Күйеуі мен әйелінің арасында келіспеушілік туғанда оларды Алланың нұсқауларын сақтау арқылы ұрысқанды қоюы үшін тақуалыққа шақырыңдар. Ссебебі, тақуалық пен діндарлық – отбасылық байланысты нығайтатын факторлардың бірі.
3. Діни бұйрықтарды орындауда басқалардың сөздеріне алаңдамай, тек Құдайды ғана назарға алуымыз керек.
4.Бұрыс әдет-ғұрыптармен күресу қажет. Қате әдеттерді бұзуда адамдардың сөзінен қорқуға болмайды.