«Ахзаб» сүресі, 755-ші бөлім, 49-50 аяттар
«Ахзаб» сүресінің 49-50 аяттарының тәпсірі:
«Ахзаб» сүресінің 49 аяты:
«یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا إِذَا نَکَحْتُمُ الْمُؤْمِنَاتِ ثُمَّ طَلَّقْتُمُوهُنَّ مِن قَبْلِ أَن تَمَسُّوهُنَّ فَمَا لَکُمْ عَلَیْهِنَّ مِنْ عِدَّةٍ تَعْتَدُّونَهَا فَمَتِّعُوهُنَّ وَسَرِّحُوهُنَّ سَرَاحًا جَمِیلًا»
Әй, мүміндер! Егер мүмін әйелдерді некеленіп, оларға қосылмай тұрып ажыратсаңдар, сонда оларға сендердің санайтын бір мерзімдерің болмайды. (Ғиддат күтпей-ақ, үйлене беруіне болады.) Онда олардың мәһер хақтарын беріп, көркем түрде ажыратыңдар. (49).
Сүренің басында «Ахзаб» сүресі аяттарының көбінің отбасылық мәселелерге арналғанын айттық. Бұл аят мүміндерге жалпы түрде ер мен әйелге қатысты ахкамдардың бірін баяндап: «Егер неке қиылғаннан кейін жақындаспай тұрып, ер мен әйел айрылысқысы келсе, әйелдің ғиддатты күтуі қажет емес, ол талақ алғаннан кейін басқа ер адамға тұрмысқа шыға алады» дейді.
Талақ мерзімі – етеккірдің үш кезеңінің өтуі. Қалыпты жағдайда әйелдер жүктілік жағдайлары анықталуы үшін осы мерзімді күтуі керек.
Аяттың жалғасы былай дейді: «Ер мен әйел жақындаспағанымен, талақ кезінде жұбайына лайық сыйлық беруі керек». «Бақара» сүресінің 237 аятына сәйкес әйелге неке кезінде анықталған меһриенің жартысын төлеу керек.
Сонымен қатар талақ пен ажырасу жөнсіз қылықтар мен жаман сөздер арқылы жүзеге аспауы керек. Әйел мен ер бір-бірін құрметпен және кез келген қатігездік пен жаман қатынастан бойларын аулақ салып, ажырасуы керек.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Ислам – толыққанды дін. Бұл дін отбасылық мәселелер мен өмірдің ахлақтық істерінде сындарлы да нақты тағылымдарға ие.
- Талақ әйелдің психикасы үшін теріс салдарларға ие. Сол үшін жақсы қатынас пен меһриенің жартысын төлеу арқылы теріс салдарлардың орны толтырылуы керек.
- Құран мәдениетінде тіпті, талақ пен ажырасу кезінде де әйел мен ердің арасында кек пен қатігездік орын алмауы керек. Әйел мен ер адам бір-бірінің қасында өмір сүрген кездегі жағдайдың жөні мүлдем бөлек.
«Ахзаб» сүресінің 50 аяты:
«یَا أَیُّهَا النَّبِیُّ إِنَّا أَحْلَلْنَا لَکَ أَزْوَاجَکَ اللَّاتِی آتَیْتَ أُجُورَهُنَّ وَمَا مَلَکَتْ یَمِینُکَ مِمَّا أَفَاءَ اللَّـهُ عَلَیْکَ وَبَنَاتِ عَمِّکَ وَبَنَاتِ عَمَّاتِکَ وَبَنَاتِ خَالِکَ وَبَنَاتِ خَالَاتِکَ اللَّاتِی هَاجَرْنَ مَعَکَ وَامْرَأَةً مُّؤْمِنَةً إِن وَهَبَتْ نَفْسَهَا لِلنَّبِیِّ إِنْ أَرَادَ النَّبِیُّ أَن یَسْتَنکِحَهَا خَالِصَةً لَّکَ مِن دُونِ الْمُؤْمِنِینَ قَدْ عَلِمْنَا مَا فَرَضْنَا عَلَیْهِمْ فِی أَزْوَاجِهِمْ وَمَا مَلَکَتْ أَیْمَانُهُمْ لِکَیْلَا یَکُونَ عَلَیْکَ حَرَجٌ وَکَانَ اللَّـهُ غَفُورًا رَّحِیمًا»
Әй, Пайғамбар! Расында саған мәһерлерін берген жұбайларыңды, Алла саған нәсіп етіп, иелігіңде болған күңдерді, сенімен бірге көшіп келген әкеңмен туысқан ерлердің, әкеңмен туысқан әйелдердің, шешеңмен туысқан ерлердің әрі шешеңмен туысқан әйелдердің қыздарын халал қылдық. Сондай-ақ, егер Мүмін бір әйел өзін Пайғамбарға бағыштаса; Пайғамбар оны некеленгісі келсе, бұны өзге Мүміндерден ерекше саған халал еттік. Мұсылмандарга жұбайлары, қол астарындағы күңдері хаққында нені парыз еткенімізді білдік; Саған тарлық болмауы үшін. Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (50)
Бұл аят Алланың елшісі мен оларға үйленуге болатын әйелдер туралы. Бір жайт қана пайғамбарға қатысты. Басқа жағдайларда пайғамбар мен басқа мүміндердің арасында айырмашылық жоқ. Туыстардан әкеңмен туысқан ерлердің, әкеңмен туысқан әйелдердің, шешеңмен туысқан ерлердің әрі шешеңмен туысқан әйелдердің қыздарымен үйленуге болады. Туыстардан басқа кез келген мүмін әйелге үйленуге болады. Екі топқа қатысты жайт, ол – меһрие тағайындаудың некенің қажеттілігі екендігінде. Ол неке кезінде төленеді немесе ер адам оны кейін төлеу жауапкершілігін мойнына алады.
Кәнизактарға қатысты мына жайтты еске алған жөн: ислам діні құл иеленушілік жүйесін орнатқан жоқ. Ол кезде құл иелену әлемнің барлық жерінде қалыпты жағдай болды. Соғыс кезінде қыздар мен әйелдер тұтқынға түскенде кәнизакқа айналды. Ислам соғыстың бұл заңын біржақты түрде жоя алмады. Дегенмен, ислам діні әртүрлі түрткілерді пайдаланып, құл иеленушілік жүйесін жоюды мақсат етті. Сол себепті, құлдарды азат ету ең жақсы ғамалдардың бірі және күнәлардың бірқатарының жазасын өтеу саналды. Осы көзқарас мұсылмандардың я құлдарды сатып алып, оларды босатуға немесе оларға үйленіп, перзент сүйіп, басқаларды кәнизактарға қатысты құрметсіздік пен жаман қатынастан бас тартқызуға себеп болды.
Осы аят сонымен қатар үйленудегі ерекше бір жайтқа тоқталады. Тек пайғамбар үшін ғана рұқсат жайт. Пайғамбар өзіне махрам болып, ол хазіретпен бірге өмір сүруді мақтаныш тұтатын, меһрие алмастан хазіреттің жұбайы болғысы келетін әйелмен үйлене алады. Осы жағдайда пайғамбар егер қаласа, ол әйелмен некелесіп, оны өзіне әйел ете алады.
Осы жерде пайғамбардың қанша рет үйленгені туралы тақырыпқа тоқталып, дұшпандардың кейбір жала жабушылықтары немес хабарсыз достардың сауалдарына жауап беруге болады. Тарихта ислам пайғамбарының 25 жасында өзінен жасы үлкен хазірет Хадиджеге үйленгені айтылған.
Тарих куәлік еткендей, Хаджидже тірі болғанда пайғамбар басқа әйелге үйленбеген. Арабтардың арасында бұл іс кең таралған болатын. Олар бірінші әйелдерінің көзі тірісінде басқа әйелдермен де үйленеді.
Хазірет Хаджидже қайтыс болғанда пайғамбар 53 жаста болған. Яғни, бұл пайғамбардың 25 жастан 53 жасқа дейін тек хазірет Хаджиджемен өмір сүргенін білдіреді. Басқа некелерді хазірет Хаджидженің өлімінен кейін жасаған. Егер пайғамбар нәпсіқұмар адам болғанда арабтардың салттары бойынша жас кезінде көп рет үйленуі үшін ешқандай кедергі болған жоқ.
Екінші жайт, пайғамбар хазірет Хадидженің өлімінен кейін таңдаған жұбайларының Айшадан басқасының барлығы жесір әйелдер болған. Мұның өзі пайғамбардың жас қыздарға құмартпағанын көрсетеді. Керісінше, ол хазіреттің үйленгендегі мақсаты жесір әйелдерге бас-көз болу болған. Көбінесе, әйелдердің өздерінің өтініштерімен орын алған.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Үйлену мәселесінде халал мен харамды анықтау Құдайдың қолында. Екі жақтың ризашылығының жалғыз өзі жеткілісіз.
2. Адамдардың барлығы үйленуді қажет етеді. Ешбір адамды үйлену мен ерлі-зайыптылық өмірден мақұрым етуге болмайды. Тіпті, егер ол соғыс тұтқыны болса да.
3.Ислам әйелдердің материалды құқықтары сақталуы үшін меһриені тұрмысқа шығудың кепілі етті.