Илаһи жетекшілер (30)
Топтамамыздың өткен бөлімінде сіздерді имам Хасан Моджтабаның (ғ.с) өмірінің шарықтауларымен таныстырған болатынбыз. Бүгінгі бөлімде осы тақырыпты одан әрі жалғастырамыз!
Имам Хасанның (ғ.с) жастық шағы имам Әлидің (ғ.с) халифатқа билік еткен кезеңімен тұспа-тұс келді. Ол Әлиге (ғ.с) тек әке ретінде ғана емес, сондай-ақ, имам және жетекші ретінде бағынып, оның шынайы ізбасарларының бірі болып есептелді. Өз перзенті Хасанның (ғ.с) бойындағы игі қасиеттері мен қабілеттерін жақсы білген имам Әли (ғ.с) «Түйе шайқасы» кезінде оны Куфа халқына өзінің билігін мойындатып, халықтың қолдауына ие болу үшін Омар Ясермен бірге сол қаланың халқына жолдау жеткізуге жібереді. Ол Куфа қаласына келіп жеткенде халық олардың жанына жиналады. Сонда имам Хасан (ғ.с) халықты соғыс майданына шақырып, былай дейді:
"Уа, халайық! Біз сіздерді Құдайға, оның қасиетті кітабына, оның пайғамбары мен ең дана, ең әділ, ең құрметті әрі ең лайықты адамның билігін мойындауға шақыру үшін келдік. Алланың Құранын мадақтап, Алла елшісінің сүнеттін сақтауда одан ешкім оза алмады. Ол Пайғамбарға бауырластық сертін берген, ол хазіретпен туыстық байланысқа ие. Ол кез келген игі қасиет тұрғысынан баршаның алдында көшбасшы. Басқалар Пайғамбардан (с.ғ.с) алыстаған жағдайда ол бәрінен оған жақын болған. Халық Құдайға серік қосып жатқан кезде ол ең басынан Пайғамбармен (с.ғ.с) намазға жығылды. Халық қорқып қашқан кезде ол Пайғамбардың (с.ғ.с) жанында үнемі шайқасқа түсті. Халық Пайғамбарды (с.ғ.с) теріске шығарып, мойындамаған кезде ол хазіреттің пайғамбарлық міндетін растады. Ол барлық сала бойынша халықтың алдында озық болу құқығына ие секілді, ешкім оған тең келмейді.
Ия, дәл осындай көрнекті тұлға сіздердің қолдауларыңызды сұрап, сіздерді ақиқат жолына шақырып, «Түйе шайқасының» келісімін бұзғандар өздерінің басқыншы әрекеттеріне өкінуі үшін сіздердің оған қосылып, сіздерге жеңісті нәсіп етуді қалайды. Әлидің адал серіктерін өлтірген топ осы істі тапсырған адамнан кек алады. Қазынаны тонап, дәл қазір оған қарсы сап түзеген. Сондықтан, халайық, игі іске шақырып, жамандықтан бас тартып, игі әрі пәк адамдар қатысып жатқан науқанға дайындалыңыздар! Осындай жағдайда Алла Тағала сіздерге рақымын төгеді".
Имам Хасанның (ғ.с) ағартушылық әрекеттері хазірет Әлидің (ғ.с) халифат билігін қолына алуына қарсылардың болмысын әшкерелеуінен бөлек және имам Моджтабаның (ғ.с) жарқын бейнесін қаралаған қате әрі санасыз талдауларға қарамастан, ол хазірет өте батыл адам болды. Ол өз бойында қорқыныш пен үрейдің пайда болуына ешқашан жол бермеді. Ол Мұхаммад (с.ғ.с) кезіндегі таза Исламның болмысын қорғау мен оны бекіту және Умәйя әулеті кезіндегі исламды теріске шығару жолында жанпидалық етуден аянбай, Құдайдың жолында күресуге үнемі әзір болды. Ол «Түйе шайқасында», «Бәдр», «Ухуд» және «Хунайн» шайқастарының атақты қаһарманы өзінің ұлы әкесі хазірет Әлимен (ғ.с) бірге алдыңғы шепте ерлікпен соғысып, тіпті хазірет Әлидің (ғ.с) батыл жолдастарынан асып түсіп, дұшпан әскерінің дәл ортасына қарай шабуылдап, оларға ауыр соққы берген.
Сиффин шайқасында да әскери күштерге жалпы халықты жұмылдырып, мүміндердің әміршісі Әлидің (ғ.с) әскерін Муавие әскерімен шайқасқа жөнелтуде имам Хасан (ғ.с) елеулі рөл атқарып, өзінің жігерлендіруші сөзімен Куфа халқын ислам дұшпандарына қарсы Әли (ғ.с) қолбасшылық еткен күреске шақырды.
Имам Хасан (ғ.с) мен имам Хосейннің (ғ.с) дін, жүйе мен имаматты қорғаудағы күрестері мен ақиқат жолындағы жанпидалығының мықты болғаны соншалықты, олар шәһид болып, Пайғамбардан (с.ғ.с) қалған екі естеліктің жан тапсыруынан да мүлдем қорықпады. Сондықтан Әли (ғ.с) өз жолдастарына: "Хасан мен Хосейнге көз қырларыңды салып жүріңдер. Бұл екеуі – Пайғамбардың (с.ғ.с) ұрпағы",- деді.
Имам Хасан Моджтабаның (ғ.с) «Түйе» және «Сиффин» шайқастарына қатысуымен қоса, «Наһраван» шайқасы деген атпен танымал хауаридждермен шайқаста да негізгі рөл атқарғаны анық. Омар мен Астың қулығына алданып, Әлиге (ғ.с) артқа шегінуге бұйырған, өздерін әулие әрі көреген етіп көрсеткен бір топ екіжүзді жеңіс қарсаңында тұрған ақиқат майданын жеңіліске ұшыратады. Өкінішке орай, қазіргі кездегі ДАИШ тобы мен тәкфиршіл топтармен салыстыруға келмейтін, айлакер дұшпанның қолында құрал болған бұл топ арандатушы ағым ретінде имам Хасанның (ғ.с) кезінде онымен бағыттас болмауымен қоса, имам Моджтабаның (ғ.с) Муавиеге қарсы жоспарларын залалсыздандыруда негізгі рөл атқарып, Аһле бейт (ғ.с) дұшпандарының жеңіске жетуіне негіз жасады.
Сол себепті таза Исламды қайта жандандырушы әрі Пайғамбардың жарқын дәуіріндегі биік армандары мен мақсаттарын жүзеге асырушы болуға шамасы келген Әли (ғ.с) халифатқа билік еткен кезеңдерде амалсыздан бар күші мен өмірін қастандық жасаушылармен аяқталмаған соғыстарға жұмсап, ақырында Ибн Молджем Моради деген адамның қолынан асқан мазлұмдықпен шәһид болады. Ибн Молджемды тұтқынға алып, мүміндердің әміршісі Әлидің (ғ.с) жанына алып келгенде имам Хасан (ғ.с) оған: "Құдайдың рақымынан безген, Құдайдың дұшпаны болған саған қасірет! Сен мүміндердің әміршісін өлтірдің. Сен бізді мұсылмандардың имамынан айырдың. Саған пана беріп, өзіне жақын тартқанының сыйы осы ма? Оны осылайша шәһид ететіндей, ол сен үшін жаман имам болды ма?",- дейді. Ибн Молджем: "Абу Мұхаммад, сен оттың ортасына тастап, күюге лайық адамды құтқарғың келе ме?",- деп сұрайды. Сонда имам Хасан (ғ.с) қайғыдан жылап, Әлиді (ғ.с) сүюшілер де зар еңірейді. Сол кезде имам Моджтаба (ғ.с) хал үстінде жатқан әкесі Әлиге (ғ.с) жақындап, оны сүйіп: "Әке, бұл – Құдай біздің оған үстемдік орнатуымызға көмектескен Құдай мен сенің дұшпаның",- дейді. Біраз уақыт өтіп, Әли (ғ.с) көзін ашып: "Уа, илаһи періштелер, маған ілтипат пен құрмет көрсетіңдер",- деп, сосын Ибн Молджемге қаратып ақырын ғана естілер-естілмес даусымен үн қатып: "Сен үлкен қылмыс әрі үлкен қателік жасадың. Қолыңды менің қаныммен ластайтындай мен сен үшін жаман имам, жаман жетекші болдым ба? Мен саған мейірімсіз болып, саған жақсылық жасамағаным ба? Көрегенсіздігің мен надандығыңнан мені өлтіруді көздегеніңді білсем де, сен жайлы қанша жаман сөздер айтса да, мен сені босатып, сені кешірдім. Бірақ мен теріс жолдан құтқаруға үміттеніп, талпыныс жасадым",- дейді. Содан кейін Әли (ғ.с) өзінің үлкен ұлы имам Хасанға (ғ.с) бет бұрып: "Өз тұтқыныңа сыпайылық танытып, оған рақымды бол. Оған игілік жасап, мейірімді бол",- дейдіы. Имам Моджтаба (ғ.с): "Әке, осыншама жасаған қателіктері мен қылмыстарына қарамастан ол кешірімге лайық па?",- деп сұрайды. Сонда Әли (ғ.с): "Ия, балам. Біздің әулетіміздің өмір салты мен қасиеті – кеңпейілділік пен ұлылық, әдеті – адамдарға жақсылық жасап, оларға кешірімді болу",- деп жауап береді.
Имам Әли (ғ.с) қайғылы және мазлұм түрде шәһид болған соң имам Хасан (ғ.с) илаһи ерікпен ең ауыр жағдайда мұсылман қоғамына жетекшілік ету атты қауіпті жауапкершілікті мойнына алады. Мұсылман қоғамы «Түйе», «Сиффин» және «Наһраван» атты үш ауыр шайқасты мыңдаған адамының қаза болып, жаралануымен бастан кешірген кезде Умәйя әулеті кезінде қалыптасқан "бұрмаланған Ислам" хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с) кезіндегі таза Исламның орнын басып, Ислам үмбеті басшысының қарапайым өмір сүру салты зәулім сарайдағы салтанатты өмір салтына алмасты. Енді пайғамбардың кезіндегі бауырластық пен теңдіктің ешбір нышаны қалмауымен қоса, әлеуметтік топтардың арасында алшақтық үлкейіп, қоғамда кемсітушілік кең етек жайды. Исламның Ұлық пайғамбарының "Абузарлар" секілді сүйікті сахабалары жер аударылып, "Мейсам Тамарлар" дарға асылды. Исламдық саясаттарға қарсылық білдіргендер пара беру немесе қоқан-лоққы арқылы басып-жанышталды. Шиіттер мен Әлидің (ғ.с) ізін қуушылардың есімдерін Муавиенің бұйрығымен сол кездегі жазбалардан өшіріп, егер белгілі бір жерде қызмет етіп жатқан болса, қызметтерінен босатты.
Осындай жағдай мен пайда болған кеңістікте өзінің ұлы әкесімен ұстанған ортақ әрі негізгі саясаттарына байланысты имам Хасан (ғ.с) үлкен жауапкершілікті сезініп, әлеуметтік, саяси және мәдени саладағы ауытқушылықтар мен тәртіпсіздіктерге жайбарақат қарап отыра алмады. Имам Хасан (ғ.с) қанаушылықтар мен әділетсіздіктерге шыдап, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) кезіндегі таза исламды сақтап қалуға қарсы тұрмай, наразылық білдірмеуі мүмкін емес еді. Сол себепті имам Хасан мүміндердің әміршісі Әли (ғ.с) шәһид болғаннан кейін халыққа джиһад үшін Куфа мешітінде жиналуға бұйрық береді. Алайда мұның алдында Муавие мен имам Хасан (ғ.с) арасында бір-бірімен хат алмасу түрінде қатынас орнаған болатын. Осы тақырыпты топтаманың келесі бөлімінде баяндаймыз.