Сәу 25, 2018 15:14 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 23

Тәкфиршіл топтардың мұсылмандардың тарихи мұраларын қиратуы Батыстағы ислам дұшпандарының мұсылмандардың өркениеті мен тарихи болмысын жою мақсаттарына сай келеді.

Алланың елшісінің сүннеті  мен  Құран тағылымдары халықты Исламға рақым, мейірім және қисынға сай жолдар арқылы шақырады. Алайда тәкфиршіл топтардың әрекеттері Құран тағылымдары мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның сүннетіне толығымен қайшы. Тәкфиршіл топтардың сөздері мен істері – тек зорлық-зомбылық пен қылмыс. Олар қате наным-сенімдері және Ислам тағылымдарына қайшы идеологияларына ғана сенім артып, халықты қырып-жойып, олардың мүліктерін талан-таражға салуда. Сондай-ақ, күпірлікпен күресуді сылтауратып, Ирак пен Сирияда зиярат орындарын, мешіттер мен тарихи мұраларды қиратуда. Бұл қиратушылық олардың айтуынша күпірлікті жою сылтауымен жасалып жатқанымен, негізінде мұсылман елдерінің мәдени мұраларын талан-таражға салуды көздеуде. Өйткені, ДАИШ лаңкестік тобының шабуылдарынан кейін Ирак  пен Сириядағы тарихи мұралардың көбі контрабандалық жолмен Батыс мемлекеттеріне әкетіліп, сол мемлекеттердің мұражайларынан орын алды. Бұл мәселе лаңкестік топтардың кейбір діни ұрандармен бүркеніп, пайда көру мақсаттарын көздейтіндігін көрсетеді. Тәкфиршіл топтардың тарихи және діни ғимараттарды қиратуы көптеген салдарларға ие. Өркениеттік болмыс – ең маңызды болмыстардың бірі. Ол бір діннің жақтастарының тарихи тұрғыдан жақындығын білдіреді. Тәкфиршіл топтар ислам әлеміне қауіпсіздік және наным-сенім тұрғыларынан көптеген дағдарыс тудырғанымен мәдени тұрғыдан да Ислам өркениетінің болмысына қайшы әрекет жасауда.

ДАИШ исламдық елдердің тарихи мұраларын қиратуда

Тарихи діни мекендер мұсылмандар арасында қарым-қатынас орнатуға көп әсер етеді. Мұсылмандар тарихи тұрғыдан бір-біріне жақын. Ислам өркениеті болмысы көріністерінің бірі исламдық ғимараттар болып табылады. Тәкфиршіл топтар зорлық-зомбылықтарына қарамастан исламдық тағылымдарды күпірлік деп атап, тарихи ғимараттарды қиратуды жалғастыруда. Төрт мемлекет, атап айтқанда Ирак,  Сирия, Тунис және Ливияның кемінде 150 зиярат мекені салафи тәкфиршілердің шабуылы мен қорлық әрекеттерімен бетпе-бет келді. Тәкфиршілер төрт елдегі мешіттер мен қабірлерді, Ислам дінінің пайда болуының алғашқы кезеңіндегі кейбір тарихи тұлғалардың қабірлерін, имамдардың ұрпақтарының мазарлары мен діни үлемдердің қабірлерін қиратуда. Сирияда, Тунис пен Ливиядағы үстемшіл жүйедердің құлауына  себеп болған халықтық көтерілістерден осы үш елде зиярат орындарын қирату басталды. Ирактағы зиярат орындарын қирату АҚШ осы елге шабуыл жасап, БААС режимі құлағаннан бір жыл өткен соң, яғни 2004-ші жылы басталды.

ДАИШ мешіттер мен зиарат жасайтын мекендерді қиратты

Ирактың солтүстік облыстары 2014-ші жылы ДАИШ лаңкестік тобының бақылауына түскеннен кейін исламдық мұралары мен зиярат орындарының қиратылуының жаңа толқынымен кезікті. ДАИШ тобы діни мекендерді қирату үшін "Қабірлер мен зарихтерді қирату" тобын құрды. 300 лаңкестен құрылған топтың мүшелері Ирактың Нейнава облысының орталығы Мосулды басып алған соң қолына түсірген ауыр техниканы пайдаланып, Ирак пен Сириядағы діни және тарихи мекендерді қиратуға кірісті. Олар хазірет Юнус, хазірет Джерджис және хазірет Шис пайғамбарлардың қабірлерін қиратты. Хазірет Юнустың қабірі Бағдаттың солтүстігінде 375 километр жерде орналасқан. Ол хиджри қамари күнтізбесі бойынша 138-ші жылы салынған. ДАИШ лаңкестері 30 тонна жарғыш затты пайдаланып, ЮНЕСКО ұйымының әлемдік мұралары тізіміне тіркелген ең маңызды ғимараттардың бірі  Пальмираның 2000 жылдық ең үлкен Бэла ғибадатханасын жарып, оған үлкен зардап келтірді.

ДАИШ Сириядағы тарихи Пальмираны қиратты

Олар сондай-ақ, ғаламтор кеңістігінде таратқан бейнематериалдарына сәйкес Ирактың Мосул қаласына шабуыл жасап, қаланың көне тарихи мұралары мен ескерткіштерін қиратты. ДАИШ лаңкестері ассириялық өркениеттің гауһар тасы саналатын Нимруд қаласының ежелгі мұраларын ауыр бульдозерлермен басып, жарғыш заттармен жарып жіберді. Өркениет мұралары мен діни мекендерді қирату тек тарихи ғимараттарды қирату ғана емес, бұл іс мұсылмандардың өркениеті мен тарихи болмысын жоюды көздейді.

ДАИШ лаңкестері Мосул мұражайын талан-таражға салды

Тәкфиршіл топтардың мұсылмандардың тарихи мұраларын қиратуы Батыстағы ислам дұшпандарының мұсылмандардың өркениеті мен тарихи болмысын жою мақсаттарына сай келеді. Жаңа ұрпақ пен бұрынғылардың арасындағы байланысты нығайтатын, әрі олардың болмысына әсер ететін факторлардың бірі тарихи мекендер мен тарихи ғимараттар болып таылады. Өркениеттік болмыс әртүрлі халықтар мен мәдениеттерді біріктіретін фактор болғандықтан, тарихи мекендер бұл болмысты нығайтуға үлкен әсер етеді. Бұл мекендер мен ғимараттар маңызды тарихи оқиғаларды еске салады. Адам бұл мекендерді аралаған соң өзін тарихтың бір бөлігі санап, көне өркениетке жақындай түседі. Адам бүгінгі діни болмысының тамырын қалыптастарған мекендерді аралап, оқиғаларға шолу жасап, өзін барлық мұсылмандардың тамырына жақын санайды. Кейде бұл мекендер Алла елшісінің әулеті мен олардың серіктерінің діндарлығының үлкен үлгісі болып, адамзат өркениетіндегі діни болмыстың негізін көрсетеді.

Әл-Наби мешіті

Бұл салада Сауд Арабиясындағы қасиетті мекендер мен «қажылық» деп аталатын мұсылмандардың үлкен жиындарына тоқталуға болады. Исламның тарихи мекендерін аралау уәһи жерді аралағанмен тең. Машғар жерін аралау қажыға исламдық өркениеттің мәдени тамырларымен танысуға мүмкіндік  тудырады. Сөйтіп, адам өз өркениетінің тарихи тамырларымен де танысып, исламдық өркениеттің ерекшеліктерінен хабардар болады. Сонымен бірге өркениетке әсерін тигізген тұлғалармен көбірек танысып, басқа өркениеттердің арасындағы өз өркениетінің орнын нақтырақ тани алады.

Қағба - мұсылмандар бірлігінің көрінісі

Тарихи деректер діни рәсімдердің болмыстың қалыптасуына әсерін ететінін көрсетеді. Исламның ұлық пайғамбарының немерелерінің бірі әрі шиіттердің төртінші имамы имам Саджад (ғ.с.) Шабли деген өзінің серіктерінің бірінен: "Хазірет Ибрахимнің мақамының артында екі рәкәт тәуәп намазын оқыған кезде хазірет Ибрахим сияқты намаз оқу  туралы ойладың ба?"- деп сұрап, Шеблиді таухидтік өркениетке қарай нұсқаған. Хазірет Ибрахимнің мақамын еске алып, таухидтік діндердің көшбасшысы хазірет Ибрахимнің құндылықтарына назар аудару қажеттілігін еске салып, қажылықтың тарихымен таныстырып, оған өркениеттік болмысын нығайтуға көмектесті. Тәкфиршіл топтар исламдық тарихи ғимараттарды қиратып, исламдық өркениеттің болмысына құрметсіздік білдіреді. Олар өз әрекеттерімен мұсылман буындардың арасындағы қарым-қатынастардың тарихи тұрғыларын жоюда. Құранда өркениеттік болмысты нығайту саласында ғимараттар мен мекендерді пайдалану туралы айтылған. Тәкфиршіл топтар Құранда айтылғандай әрекет етіп жатқандары туралы уәж айтуда. Қағба мен Исмаил мақамы – бұл уәждердің айқын үлгісі.  Айта кететін жайт, қасиетті мекендердің  ең көп қиратылуы Қағба орналасқан Сауд Арабиясы  жерінде орын алды. Уаһабшылар өткен жүз жылда күпірлікпен күресуді сылтауратып, көптеген тарихи және діни ғмимараттарды қиратты. Бұл ғимараттар мен мекендердің ең маңыздылары Мединедегі Бақи зиратында орналасқан болатын. Олар Алла елшісінің перзенттері мен немерелері және сахабаларының зираттары еді.

                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 

 

Тегтер