Maм 03, 2018 11:03 Asia/Almaty
  • Иран базары (32)

(Текстиль өнімдері мен киім-кешек) Осы аптадағы бағдарламада текстиль өнеркәсібі салаларының бірі жоғары құн салығына ие киім-кешек өндірісіне тоқталамыз.

Қазіргі таңда киім-кешек текстиль өнеркәсібінің түпкілікті өнімдерінің бірі ретінде өте маңызды. Бұл өнеркәсіптің өнімдері киім-кешек адамның ең маңызды табиғи қажеттіліктерінің бірін, яғни киінуді қамтамасыз етумен қоса, әрбір қоғам мәдениетінің нышаны болып табылады. Жаһандық экономикада да киім-кешек өндірісі жұмыс орнын тудыру сияқты әртүрлі себептерге байланысты елдердің, әсіресе даму үстіндегі елдердің маңызды өнеркәсіп салаларының бірі болып табылады.Текстиль мен киім-кешек өнеркәсібінде ауыл шаруашылығы мен мұнай-химия өнеркәсібінен бастап, түпкілікті өнімдерге дейін ұзын-сонар тізбектің барына байланысты жұмыспен қамту деңгейі жоғары. Киім-кешек өндірісі қосылған құн салығына ие. Бұл салада құны 2 доллардан төмен мақта талшықтарын пайдалану арқылы беделді брендтің 80 доллар тұратын бір футболкасын өндіруге болады. Бұл өнеркәсіп саласының тағы бір мықты тұсы экспорттауға және сырттан валюта әкелуге мүмкіндік беруі болып отыр.

Бүгінде әлемде көптеген елдер ішкі нарықты қамтамасыз етіп, басқа елдерге шығару үшін киім-кешек өндірісіне инвестиция салады. Испания, Италия, Түркия, Қытай, Бангладеш, Тайвань, Вьетнам мен Шри-Ланка сияқты елдердің текстиль өнеркәсіптері экспортының 50 пайыздан астамы киім-кешекке тиесілі.  Дүниежүзілік Сауда ұйымының мәліметі бойынша, 2013 жылы киім-кешек өндірісінің экспорттық құны 400 млрд доллардан асқан. Киім-кешек өндірісі экспортының 55 пайыздан астамы Еуроодақ, АҚШ, Қытай мен Жапония елдеріне тиесілі. Әлем тұрғындарының үштен бірі осы елдерде тұрады. Олар әлемдік киім-кешек өндірісінің 75 пайызын тұтынады. Әлемнің қалған тұрғындары, яғни 65 пайызыөндірілген киім-кешектің 25 пайызын ғана қолданады.

Болжамдар бойынша, 2025 жылы жаһандық текстиль және киім-кешек өнеркәсібі нарығы айтарлықтай өседі. Әлемде жан басына шаққанда киім-кешек тұтынудың орташа есебі 83 пайызға артып, 153 доллардан 280 долларға  жетеді. 2025 жылы әлемде киім-кешек тұтыну нарығының құны  2 трлн доллар межесінен асатын болады. Бұл шамамен 1 трлн доллардың  осы нарықтың қазіргі құнына қосылатынын, осы салада жұмыс орындарымен қамтудың көбейетінін білдіреді. 2025 жылы әлемде киім-кешек тұтыну нарығы дамитын негізгі орталықтар Қытай мен Үндістан болады. Қытайда ішкі сұраныс артқаннан кейін өндіріс шығындарының артуы мен қосымша құн салығының төмендеуіне байланысты өнімдерді ұсыну баяу жүретін болады. Бұл мәселе Қытайдың дүниежүзілік киім-кешек саудасындағы үлесінің азаюына соқтырады. Қытайдыңдүниежүзілік киім-кешек нарығындағы үлесінің азаюы басқа елдердің осы табысты нарыққа енуіне мұрсат береді. Бұл мәселе әлем тұрғындары санының артуымен қатар киім-кешек шығаратын басқа елдерге жарқын болашақ сыйлайды.

Әлемдегі киім-кешек өнеркәсібінің келешегі

Қазіргі таңда Азия әлем бойынша ең үлкен текстиль мен киім-кешек өнімдерін өндіріп, ұсынатын құрлық болып табылады.Азия аймағы осы өнімдерді өз ішінде тұтынудың жаңа кезеңі қарсаңында тұр. 2025 жылы  Азияның киім-кешек саласындағы ішкі саудасы қазіргі деңгейден 2 есе артып, экономикалық құндылығы 350 млрд долларға жетеді деп болжануда.

Киім-кешек өндіру саласындағы тарихы мен шебер жұмыс күшіне ие мыңдаған өндіріс кешендерінің барын ескерсек,Иранның киім-кешек тұтыну базарының болашағы зор. Қазіргі таңда Иранда жұмыс істейтін текстиль және киім-кешек өнеркәсібінің кешендері бүкіл өнеркәсіп салаларының 11 пайызын құрайды. 280 мың адам осы салада тікелей жұмыс істеп жатыр. Бұл өндірісте атқарылатын жұмыстардың экономикалық құндылығы – шамамен 14-15 млрд доллар. Бұл сома 2025 жылға дейін  екі есе артады деп болжануда. Қазіргі таңда Иран халқының жан басына шаққанда киім-кешек тұтынуы шамамен 150 долларды құрайды.

Ирандағы киім-кешек өнеркәсібі

Баға, сапа мен бренд (сауда бренді) бір елдің киім-кешек өнеркәсібінің дамуына әсер ететін факторлар болып табылады. Беделді бренд сатушы немесе өндірушіні тұтынушыға таныстырумен қатар, оны тауарды таңдап, сатып алуға көмектеседі. Тұтынушы беделді брендтің өнімін таңдау арқылы өз ақшасына құнды өнім сатып алдым деп сенеді. Бренд капитал, технология мен бастапқы шикізат сияқты бір өнеркәсіп кешенінің иесі үшін экономикалық құндылыққа ие және қосымша құн салығын тудырады. Киім-кешек өндірісі тақырыбында бренд әлемде осы өнеркәсіпке инвестиция салудың артықшылықтарының бірі болып табылады.  Брендтің маңыздылығы соншалықты, киім-кешек саласындағы беделді брендтердің иелері өз өнімдерін басқа елдерде өндірумен қоса, өз сауда брендтерін осы елдерге тапсыра алады. Бұл мәселе бренд арқылы киім-кешектің бағасында туындаған қосымша құн салығы мен оның маңыздылығын көрсетеді.

Иранда «Барак», «Хакупиан», «Джамее», «Град», «Патен Джамее», «Денис Трико», «Тин Пуш» сияқты әртүрлі киім-кешекбрендтері бар. Олардың кейбіреуі  жарты ғасырға жуық жұмыс істеп жатыр. "Хакупиан" сияқты кейбір брендтер жобалау, өндіру және тарату бөлімдерін дамытып, ғылыми орталықтармен әріптесіп, әлемдегі киім-кешек шығаратын танымал орталықтармен байланысып, жаңа тұтынушы тарту жүйесін қолдану арқылы Иранның іші мен сыртында өз өнімдері үшін қолайлы нарық қалыптастыра алды. Ер адамдарға арналған киімдер шығаруға мамандандырылған "Хакупиан"  өндіріс тобы сапалы өнімдер шығару арқылы осы уақытқа дейін бірнеше халықаралық жүлдеге ие болды. Иранда киім-кешек саласында жұмыс істейтін экономикалық бірліктердің арасында "Тандорост" сияқты кейбір компаниялар табиғи талшықтар мен ирандық жоба-нақыштарды пайдаланып, ирандық брендтердің жаңа буынын нарыққа енгізген орталықтардың бірі болып табылады. Бұл экономикалық компанияның негізін қалаушылар табиғатқа үйлесімді өнімдер шығару арқылы осы салада қарапайымдылықты өз жұмыстарының мақсаты етіп алды.

Ирандағы киім-кешек саласындағы маңызды брендтер

Экспорт саласында ирандық киім-кешектер ер адамдар, әйел адамдар мен балаларға арналған  әртүрлі өнімдерді қамтиды. Соңғы жылдары осы өндіріс саласының өнімдері елдің мұнайдан тыс экспортында үшінші орын алды. Иранның текстиль мен киім-кешек өнеркәсібі өнімдерін экспорттайтын негізгі нарықтар Ирак, Ауғанстан, Орта Азия мен Шығыс Азияның кейбір елдері болып табылады. Иран түрлі себептермен, соның ішінде географиялық жағдайы, аймақтың 300 млн тұтынушысы бар базарына қолжетімді болуына байланысты  экономикалық және стратегиялық алпауыт саналады. Иран экономикасының әртүрлі салаларына, соның ішінде киім-кешек өндірісіне инвестиция салудың қайтарымы жоғары бола алады. Иранның киім-кешек саласындағы стратегиялық саясаттарының бірі 150 га ауданды алып жататын киім-кешек тігуге арналған арнайы экономикалық қалашық салу жобасы болып отыр. Онда 307 экспорттық бірлік жұмыс жасап, түрлі киім-кешек шығарып, тікелей ұсыну орталықтары (outlet) ашылып, жобалау мен тігу технологиясымен айналысатынхалықаралық мектептер құрылатын болады. Иранның түкпір-түкпірінде шағын көлемде киім-кешек шығаратын 500 кәсіпорын құру жобасы және облыстарда шикізатпен қамтамасыз етуге үйрететін шеберханалар ашуға қолдау көрсететін компанияларды құру Иранда киім-кешек өндірісінің сапасын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың қатарына жатады.

Иранда киім-кешек өндіретін қалашықтар салу

Киім-кешек өндіру саласына қатысты органдар фестивальдер мен әртүрлі сайыстар өткізу арқылы текстиль мен киім-кешек саласында белсенді ғылыми орталықтарға көмектесіп, ирандық  мамандардың осы саладағы мата мен киімді жобалау сияқты қабілеттермен көбірек танысуына мұрсат беріп, киім-кешек өндірісіне ғылыми көзқараспен қарау арқылы жобалаудың сапасын жоғарылатып, жобалау саласында жаңа идеяларды ұсыну, шығармашылық шабытты арттыру  және ирандық жас мамандардың потенциалды қабілеттерін қолдану арқылы өнімдердің қосымша құн салығын арттыруға жағдай жасайды.

Тегтер