Maм 20, 2018 16:05 Asia/Almaty

Дәрілік өсімдіктер: жасыл зире мен Дамаск раушаны Иран флора, соның ішінде шабындық өсімдіктер, ағаштар мен декоративті бұталар, алуан түрлі гүлдер мен декоративті және дәрілік өсімдіктер тұрғысынан әлемнің ең бай елдерінің бірі саналады.

Жаһандық есептеу соңғы онжылдықтарда дәрілік өсімдіктерді тұтынудың артқаны мен сауданың осы түрінің қыза түскенін көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулері көрсеткендей,  әлемнің беделді фармакологиялық тізімдеріндегі дәрілердің кемінде 25 пайызының негізін өсімдіктер құрайды. Сондай-ақ,  әлемнің фармацевтикалық индустриясында 120-дан астам әсерлі өсімдік материалы пайдаланылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан аса қажет негізгі дәрілер деп танылған 250-ден астам дәрі – өсімдіктен жасалған дәрілер. Синтезделген дәрілердің айтарлықтай бөлігі де табиғи материалдармен қосыла жасалған. Жалпы алғанда адам баласы қолданатын дәрілердің үштен бірін өсімдіктер негізінде жасалған дәрілер құрайды деп айтуға болады. Әлемдегі дәрілік өсімдіктерді пайдалану статистикасы көрсеткендей,  дүниедегі 6 млрд адамның 80 пайызы өсімдіктен жасалған дәрілерді пайдаланады. Халықтың емдік өсімдіктерді пайдалануды қолдауы мен дәрі-дәрмектер санының артуы әлем бойынша табиғи құрамға ие өнімдерді пайдалануға бетбұрыстың қалыптасқанын көрсетеді. Дәрілік өсімдіктер негізінде бұқтырмалар мен шайлардың түрлерін дайындап, қолдану немесе шампунь мен крем сияқты косметикалық және гигиеналық өнімдердің өсімдік негізінде жасалуы бұл өсімдіктердің экономикалық құндылығын айқындап отыр. 

Дәрілік өсімдіктер

Дәрілік құндылығы мен өңделу деңгейімен қоса, нарықтағы сұраныс бір өсімдіктің ең маңызды экономикалық көрсеткіші болып табылады. Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктерді өндіріп, экспорттау – ауыл шаруашылығының ең табысты салаларының бірі.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының химиялық заттарды біртіндеп табиғи заттармен алмастыруды баса айтуын ескеріп, әлемнің әртүрлі елдері дәрілік өсімдіктерді өнеркәсіптік деңгейде егіп, өндіруді жоспарлап, инвестиция салып жатыр.  Иран флора, соның ішінде шалғындық өсімдіктер, ағаштар мен декоративті бұталар, әртүрлі гүлдер, декоративті және емдік гүлдер тұрғысынан әлемнің бай елдерінің бірі саналады.  Иранда шамамен 8 мың өсімдіктің түрі бар. Оның 2000 түрі дәрілік қасиеттерге ие. Иран климаттық алуандыққа байланысты дәрілік өсімдіктерді өсіріп, өндіру үшін қолайлы тың да құнарлы аймақтардың бірі саналады. 

Иранның 140 мың га жері әртүрлі дәрілік өсімдіктерді егуге бөлінген. Осындай өсімдіктердің бірі – жасыл зире. Жасыл зире дәрілік өсімдік  әрі дәмдеуіш ретінде көне замандардан бері қолданылып келеді. Бұл дәрілік өсімдіктің алғаш пайда болған жері белгісіз. Кейбіреулер оны Жерорта теңізінің оңтүстік аймағының, ал кейбіреулер Мысыр мен Ніл жағалауының жергілікті өсімдігі санайды. Иранда жасыл зиренің жабайы түрлерінің көп болуы, әсіресе cuminum setifolium-нің бағзы заманнан кең таралғанына байланысты көп адамдар Иранды осы өсімдіктің қолдан өсіріліп, кемелденген жері санайды. 

Жасыл зире

Жасыл зире ақжелкен тобына жатады. Бұл топ дәрілік және тағамдық өсімдіктердің болуына байланысты өте маңызды. Дәрілік және емдік қасиеттері тұрғысынан жасыл зире дертке, қабынуға және іш кебуге қарсы, дезинфекциялайтын, құрысу мен жүктілікке қарсы ем саналады. Анастезиялық қасиеті бар бұл дәрілік өсімдік антиоксиданттық, ас қорыту, асқазанды нығайту, жараны емдеу қасиеттеріне де ие. Жасыл зиренің экономикалық құндылығы жоғары. Жасыл зире өсімдігі арнайы экологиялық жағдайды қажет ететіндіктен әлемнің шектеулі жерлерінде ғана егіліп, өсіріледі.  Иран әлем бойынша жасыл зире өсіріп, экспорттайтын ірі елдердің қатарына жатады. Жасыл зире әлемдік өндірістің шамамен 40 пайызы Иранға тиесілі. Бұл өсімдік Иранда өздігінен өсетін және арнайы егілетін тәсілмен өндіріледі. Хорасан, Керман, Семнан, Шығыс Әзірбайжан облыстары Иранда осы өнімді өндіретін басты орталықтар болып табылады. Иранның жасыл зиресі жоғары сапаға ие. Сол себепті оның бағасы әлемдік нарықта басқа елдердің жасыл зиресінен 5-10 пайызға қымбатырақ. Ирандағы жасыл зиренің ерекшеліктерінің бірі – оның тазалық дәрежесі. Иранның жасыл зиресі эссенция алу тұрғысынан әлемде теңдессіз және 99 пайыз тазалықпен өндіріледі. Азия мен Еуропадағы әртүрлі елдер Иранның жасыл зиресін сататын нарық болып табылады. Жыл сайын Иранның жасыл зиресінің белгілі бір пайызы Парсы шығанағы маңындағы елдер мен Жапония, Сингапур, Германия, Франция, Нидерланды, Венгрия, Бельгия, Ұлыбритания, Украина мен Ресейге экспортталады. 

Жасыл зире өсімдігі

Дамаск раушаны – Иранның келесі бір дәрілік өсімдігі. Бұл гүл Rosaceae жанұясына жататын қызыл раушан гүлдерінің тобына тиесілі. Әлемдегі Дамаск гүлі егілетін жердің 70 пайызы Иранда орналасқан. Иран шамамен 30 мың тонна Дамаск гүлін өндіру арқылы әлемде гүлдің осы түрін өндіретін ең ірі ел болып саналады. Ирандағы Дамаск гүлінен алынатын өнімдерге гүл, күлте, гүлдің түйнегі, гүлдің шырыны мен суы жатады. Иран сапа мен көлем тұрғысынан тиімді шикізатқа ие болуына байланысты әлемдегі ең ірі  раушан суын өндіруші болып табылады. Иранда жылына шамамен 22 мың тонна раушан суы өндіріледі. Оның 40 пайызы елдің ішінде тұтынылса, қалған 60 пайызы шетелдерге экспортталады. Иранның қызыл гүлінің иісмайы мен суы қолайлы ауа райына байланысты жоғары сапа мен әлемдік танымалдыққа ие. Иранның раушан суын экспорттайтын ірі нарықтардың бірі ретінде  Парсы шығанағы маңындағы елдермен қоса, Ливан, Болгария, Германия, Италия мен АҚШ-ты атауға болады. 

Дамаск гүлі

Гален, Диоскур мен Пэйлин сияқты өсімдіктанушылар Дамаск гүлі көптеген емдік қасиеттерге ие деп санаған. Тіпті, Дамаск гүлінің суымен құлақ, ас қорыту жүйесі, тері және сүйек ауруларын емдеуге болатынын мойындаған. Иранның атақты дәрігері Ибн Сина (980-1037ж.ж.) өзінің жазбаларында  Дамаск гүлі тосабының туберкулез ауруын емдеудегі шипалық құндылығы мен оның оң нәтижесіне тоқталған. Бұл өсімдік диабет пен қартаюға қарсы, жүректің қатты қағысын баяулатады. Күйзеліс, өкпе мен бүйрек ауруларын емдеуде әсерлі. Дамаск гүлі тыныштандырып, ұйқыны келтіреді. Медицинада Дамаск гүлінің суы дененің гормонын қалпына келтіру үшін пайдаланылады.  Дамаск гүлінің суымен ауызды шаю ауыздағы зақымдар, тіс еті мен көмекей безінің қабынуын басады. 

Дамаск гүлі суды көп қажет етпейтін өсімдікке жатады. Сондықтан ауа райы тұрғысынан оны Иранның таулы әрі шалғынды аудандарында егуге болады. Бұл Иранның әртүрлі жерлерінде көптеген гүл алқаптары мен гүл суын алатын шеберханалардың ашылуына себеп болды. Қазіргі таңда Иранның 20 облысында, соның ішінде Фарс, Керман, Исфахан, Чахармахал мен Бахтияри, Хамадан, Семнан мен Йезд облыстарындағы 14 мыңнан астам га аумаққа Дамаск гүлі егіледі. Иранда Дамаск гүлінің 18 түрі бар. Олардан алынатын судың сапасы әралуан. Иранның Дамаск гүлі суларының арасында Кашан суы тазалық дәрежесі мен иісіне байланысты әлемдік танымалдыққа ие. Мұсылмандардың қасиетті мекендері, соның ішінде Меккедегі Құдайдың үйі Кашанның Қомсар суымен жуылады. Кашанда Дамаск гүлін өңдейтін 20 өндіріс және жартылай өндіріс зауыты бар. Орташа алғанда осы қаланың бақтарындағы әрбір гектардан  4 мың кг гүл, жылына 6 мың тоннадан астам Дамаск гүлі жиналады. Кашанда Дамаск гүлін егу, өсіру және жинау кезінде 220 мыңнан астам адам жұмысқа жұмылдырылады. 

Иранның әртүрлі жерлерінде, атап айтқанда Қомсар, Ниасар мен Барзакта гүл жинап, су алу рәсімі осы қалалардағы қызықты әрі тартымды рәсімдердің бірі болып табылады. Жыл сайын орбидехештің ортасынан хордадтың аяғына дейін  ирандық және шетелдік туристердің көбі мың жылдық тарихы бар осы рәсімді көру үшін аталған аудандарға аттанады. Туристер Дамаск гүлі бақтарында қыдырып, гүл суын алу шеберханаларын тамашалап, әртүрлі гүл суларын сатып алып, есте қаларлық сапарды бастан өткереді. 

Тегтер