«Ахзаб» сүресі, 758-ші бөлім, 59-62 аяттар
«Ахзаб» сүресінің 59-60-61-62 аяттарының тәпсірі
«Ахзаб» сүресінің 59 аяты:
«یَا أَیُّهَا النَّبِیُّ قُل لِّأَزْوَاجِکَ وَبَنَاتِکَ وَنِسَاءِ الْمُؤْمِنِینَ یُدْنِینَ عَلَیْهِنَّ مِن جَلَابِیبِهِنَّ ذَلِکَ أَدْنَى أَن یُعْرَفْنَ فَلَا یُؤْذَیْنَ وَکَانَ اللَّـهُ غَفُورًا رَّحِیمًا»
Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: “Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ, кейітілмеуіне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді. (59)
Алдыңғы бағдарламада Құран Кәрім тұрғысынан киім мен хиджап тақырыбына тоқталдық. Осы аят былай дейді: «Жамылғы мен орамал тағу жеткіліксіз. Мүмін қыздар мен әйелдер бүкіл денесі мен шаштары көрінбейтін киім киюі керек».
Аяттың жалғасы денені толығымен жауып жүрудің әйел затының пәк деп танылуына, оларға жаман адамдар тарапынан құрметсіздіктің көрсетілмеуіне, өсек сөз бен жаман қатынасқа душар болмауға себеп болатынын қуаттайды.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Хиджап пәлсапасы әйелдерді сұқ көздер мен жөнсіз сөздер және нұқсан келтіретін қатынас-қылықтардан сақтауға негізделген. Сол себепті, шектеулері болғанына қарамастан, хиджап әйел үшін қауіпсіздіктің кепілі.
2.Ислам қоғамында жалпы пәктік пен адалдықты сақтау – Құран мен Алла елшісі қуаттаған тақырып. Бұл істің жартысы үйден шыққанда дұрыс киім киюі тиіс әйелдерге қатысты.
3.Ислам діні әйелді үйде отырсын демейді. Сол себепті, олар қоғамда пәктікті сақтаған құзырға ие болса, еш кедергі жоқ.
«Ахзаб» сүресінің 60-61-62 аяттары:
«لَّئِن لَّمْ یَنتَهِ الْمُنَافِقُونَ وَالَّذِینَ فِی قُلُوبِهِم مَّرَضٌ وَالْمُرْجِفُونَ فِی الْمَدِینَةِ لَنُغْرِیَنَّکَ بِهِمْ ثُمَّ لَا یُجَاوِرُونَکَ فِیهَا إِلَّا قَلِیلًا»، «مَّلْعُونِینَ أَیْنَمَا ثُقِفُوا أُخِذُوا وَقُتِّلُوا تَقْتِیلًا»، «سُنَّةَ اللَّـهِ فِی الَّذِینَ خَلَوْا مِن قَبْلُ وَلَن تَجِدَ لِسُنَّةِ اللَّـهِ تَبْدِیلًا»
Егер мұнафықтар, жүректерінде дерті болғандар және қалада өсек тарқатқандар тыйылмаса, әрине сені оларға үстем етеміз. Сосын олар қалада саған аз заман көрші бола алады (60).
Олар қарғысқа ұшырап, қайдан табылса да ұсталып, өлтіріледі (61).
Алланың бұрынғы өткендерге жолы осы. Алланың жолынан әсте ауыс-күйіс таба алмайсың. (62)
Бұл аяттар пайғамбардың заманында Мединеде өмір сүрген, бірақ әртүрлі тәсілдермен қоғамда қауіпсіздік қалыптастырған адамдар туралы. Жүректері дімкәс адамдар мединелік әйелдер мен қыздардың мазаларын алған. Мұнымен қатар исламның дұшпандарымен соғысудан әртүрлі сылтаулармен жалтарған мұнафықтар қауесет таратып, адамдардың арасында қорқыныш пен үрей тудырған. Олар дұшпанның күшін зорайтып немесе «мүміндер әлсіз, олар жеңіліс тапты» деген қауесет таратып, халық пен сарбаздардың рухының әлсіреуіне себеп болған.
Әрбір қоғам үшін қауіпсіздік кез келген істен, тіпті экономика мен тұрмыстық істерден де маңызды. Құдай пайғамбарына адамдардың рухани және психикалық қауіпсіздігін жоятын мұндай адамдармен ең қатаң түрде қатынас жасауға әмір етіп, басқаларға сабақ болуы үшін, кез келген сылтаумен жұрттың қауіпсіздігін бұзуға батылдары бармас үшін бір топты Мединеден шығарып, келесі топты дарға асуға бұйырды.
Осы аяттардың жалғасы илаһи сүннеттердің өзгермейтіндігіне тоқталып: «Бұзақылық пен қауіпсіздікті тамырымен жою – Құдай пайғамбарынан өз заманында, һәм болашақта ислам басшылары арқылы жүзеге асыруды сұраған илаһи сүннеттердің бірі» дейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Бұзықтар мен қоғамда қауіпсіздік тудырушылардың алдында өзімізді әлсіз етіп көрсетпейік. Қауіпсіздік қауіпті ауру сияқты қоғамның тіршілігіне қатер тудырады.
2.Қоғамда бүлік пен қауіпсіздік тудыратындар өздерін еш жерде қауіпсіз сезінбеуі керек. Мұндай адамдар құрықталып, исламдық басшылардың үкімімен қатаң жазалануы керек.
3. Қауесет тарату – дұшпанның ислам қоғамына ықпал ететін жолдарының бірі. Шындықтарды баяндау арқылы һәм басшылар халықтың сеніміне енуі керек. Адамдар да әрбір сөзге көңіл аудармай, қауесеттің таралуы үшін құралға айналмауы керек.
2. Қоғамның қауіпсіздігін бұзатындар мен бүлікшілер туралы Құдайдың үкімін орындауда кеңесудің қажеті жоқ. Керісінше, Құдайдың үкімін кесімді түрде жүзеге асыру керек.