Maм 30, 2018 08:49 Asia/Almaty

«Саба» сүресінің 1-5 аяттарының тәпсірі:

بسم الله الرحمن الرحیم

«Ахзаб» сүресінің аяқталуымен осы бағдарламада «Саба» сүресін бастаймыз. Бұл сүре Меккеде түскен. Сүреде Саба қауымының оқиғалары баяндалғандықтан «Саба» деп аталған.

«Саба» сүресінің 1-2 аяттары:

«الْحَمْدُ لِلَّـهِ الَّذِی لَهُ مَا فِی السَّمَاوَاتِ وَمَا فِی الْأَرْضِ وَلَهُ الْحَمْدُ فِی الْآخِرَةِ وَهُوَ الْحَکِیمُ الْخَبِیرُ»،«یَعْلَمُ مَا یَلِجُ فِی الْأَرْضِ وَمَا یَخْرُجُ مِنْهَا وَمَا یَنزِلُ مِنَ السَّمَاءِ وَمَا یَعْرُجُ فِیهَا  وَهُوَ الرَّحِیمُ الْغَفُورُ»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Көктер мен жерде болған нәрселер; өзіне тән болған Аллаға, барлық мақтау лайық. Әрі ақыреттегі мақтау да Оған лайық. Ол хикмет иесі, толық хабар алушы. (1)

Ол жерге кіргенді, одан шыққанды әрі көкке шыққанды, одан түскенді біледі. Ол тым мейірімді, аса жарылқаушы. (2)

Біздің барлығымыз табиғи құбылыстардың, таулар мен ормандардың, теңіздер мен түрлі жан-жануарлардың әсем суреттерін көріп әсерге бөленіп, еріксіз түрде сол өнер туындыларының жаратушысын мадақтаймыз.

Аспан мен жерді, өте әдемі көріністерді жаратып, олардың суреттерін салған ол мадақ пен мақтауға лайық емес пе?

Құран Кәрімнің бес сүресі Құдайды мадақтаумен басталған. Олардың ең қысқасы – намаздарда оқитын «Хамд» сүресі. Сол сүрелердің келесісі – «Саба» сүресі. Бұл сүре Құдайды осы әсем жаратылысты жаратқаны үшін мадақтаумен басталған.   

Ол – һәм жаратылыстың Жаратушысы, һәм оның барлық істерінен хабардар. Оның ғылымынан ешнәрсе жасырын емес. Ол әлемді өзінің ғылымы мен хикметі бойынша басқарады.

Ақыретте де жұмақтықтар оны мадақтайды. Себебі, ол өзінің әділдігі және мейірімімен адамдармен қатынас жасап, қайырымды адамдарға үлкен сыйлық берді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Шынайы мадақ Құдайға лайық. Кез келген кемелдік иесі шын мәнінде оның жаратылысы ретінде мадақталады.

2.Құдайдың әлем мен адамдарға қатысты ғылымы жалпы үстірт ғылым емес. Ол жаратылыстың барлық егжей-тегжейі мен әлемнің жаратылыстарының барлық істерінен хабардар.  

«Саба» сүресінің 3 аяты:

«وَقَالَ الَّذِینَ کَفَرُوا لَا تَأْتِینَا السَّاعَةُ  قُلْ بَلَى وَرَبِّی لَتَأْتِیَنَّکُمْ عَالِمِ الْغَیْبِ  لَا یَعْزُبُ عَنْهُ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ فِی السَّمَاوَاتِ وَلَا فِی الْأَرْضِ وَلَا أَصْغَرُ مِن ذَلِکَ وَلَا أَکْبَرُ إِلَّا فِی کِتَابٍ مُّبِینٍ»

Қарсы болғандар: “Бізге қиямет келмейді” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Олай емес, көместі білетін Раббыма ант етемін! Әлбетте сендерге ол мезгіл келеді. Көктердегі, жердегі тозаңның түйірінің салмағындай нәрсе Одан тасаланбайды. Сондай-ақ, одан үлкені де, кішкенесі де белгілі бір Кітапта жазулы” де. (3)

Құдайды теріске шығарып, жаратылыстың басталуы үшін дана бастауды қабылдауға әзір емес адамдардың қияметті де теріске шығарып, өлімнен кейін тіршіліктің бар екендігі мен қияметтің сотында құзырға ие болуды қабылдамайтындықтары түсінікті. 

Бірақ, пайғамбар былай деп кесіп айтты: «Бұл – өлімнен кейін қиямет болмасын деген кәпірлердің болжамы мен қалауы, арманы. Олар қалағандары бойынша және ешқандай шектеусіз бұл дүниеде әрекет еткілері келеді».

Бірақ, пайғамбар тікелей алған илаһи уәһиге сәйкес адамдардың барлығы: кәпір мен мүмін қияметтің сотына келіп, осы дүниедегі өздерінің ойлары мен істеріне жауап беруі керек.

Қиямет – Алланың періштелері арқылы осы дүниеде жазбаша деректер негізінде тіркелген сот. Ол сот адамдардың есебін әділ тексереді. Ешбір кішкентай немесе үлкен іс олардың қаламынан тыс қалмайды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Қияметті теріске шығарушылардың оны теріске шығаруда дәлелдері жоқ. Олар өздерінің шектеулі ғылымдары мен теріс ой-болжамдары арқылы оны теріске шығарады.

2. Адам шын мәнінде дана Құдаймен жақтас. Ол адамның әшкересі мен жасырынынан, сырты мен ішінен хабардар. Одан ешнәрсені жасыруға болмайды.

2.Материалды жүйеде сан өте әсерлі. Бірақ, ақыретте сан негізгі рөл атқармайды. Сан мен істің түрткісі маңызды.

«Саба» сүресінің 4-5 аяттары:

«لِّیَجْزِیَ الَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ  أُولَـئِکَ لَهُم مَّغْفِرَةٌ وَرِزْقٌ کَرِیمٌ»، «وَالَّذِینَ سَعَوْا فِی آیَاتِنَا مُعَاجِزِینَ أُولَـئِکَ لَهُمْ عَذَابٌ مِّن رِّجْزٍ أَلِیمٌ»

(Ол күні) иман келтіріп, ізгі іс істегендерге сыйлық берілуі үшін. Міне, солар үшін жарылқау, көркем несібе бар. (4)

Ал аяттарымыз жайында оны күшінен қалдыруға тырысқандар, міне соларға жаман бейнетті азап бар. (5)

Қияметтің соты туралы алдыңғы аяттың жалғасында осы аяттар адамдардың салдарларына тоқталып: «Адамдар қияметте екі топқа бөлінеді: бір топ осы дүниедегі ғамалдарымен Алланың ақыреттегі жомарт ырзығына қол жеткізуге лайық адамдар; келесі топ тозақтықтар. Олар Құран аяттары мен оның тағылымдарын теріске шығару жолында көп талпыныс жасаған.  Олар Алланың құдіретінен қашып кетеміз деп ойлап, Құдайды қауқарсыз санағандар. 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Қияметте илаһи сыйға ие болудың жалғыз жолы – иман мен түзу ғамалда.

2. Құдай барлық істері мен соларды істеудегі оның ниеті және түрткісінен толық хабардар адамға ғана толық және шынайы сый бере алады.

3. Дұшпандардың Құран мен ислам мектебін әлсірету үшін жасайтын қастандықтары мен талпыныстарынан қапыл қалмайық. Олар халықты Құраннан алыстатуды мақсат етеді.