«Саба» сүресі, 762-шы бөлім, 6-9 аяттар
«Саба» сүресінің 6-7-8-9 аяттары:
بسم الله الرحمن الرحیم
«Саба» сүресінің 6-7 аяттары:
«وَیَرَى الَّذِینَ أُوتُوا الْعِلْمَ الَّذِی أُنزِلَ إِلَیْکَ مِن رَّبِّکَ هُوَ الْحَقَّ وَیَهْدِی إِلَى صِرَاطِ الْعَزِیزِ الْحَمِیدِ»،«وَقَالَ الَّذِینَ کَفَرُوا هَلْ نَدُلُّکُمْ عَلَى رَجُلٍ یُنَبِّئُکُمْ إِذَا مُزِّقْتُمْ کُلَّ مُمَزَّقٍ إِنَّکُمْ لَفِی خَلْقٍ جَدِیدٍ»
Өздеріне білім берілгендердің, саған Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, үстем Алланың жолына салатындығына көздері жетеді. (6)
Сондай қарсы болғандар, (өзара): “Қашан сендер бөлшектеліп, тозаңға айналғаннан кейін шын жаңадан жаратылатындарыңнан сендерге хабар беретін адамды көрсетейік пе?”,- деседі. (7)
Алдыңғы аяттарда ақыретті теріске шығаратын және адамдарды илаһи аяттарды теріске шығару арқылы адастыруға күш салатын адамдар туралы айтылды.Осы аяттар былай дейді: «Ғылым мен ой иелері саған түсірілген аяттар туралы ойланып, оның растығын түсінеді. Олар илаһи жетекшілікке жетудің дұрыс жолын Құран Кәрімдегі аяттарға көңіл бөлу деген нәтижеге жетеді».
Алланың елшісі заманында кейбір кітап иелері ырымшылдық пен алдын ала төрелік етуді қойып, ардақты пайғамбарға иман келтіріп, мұсылман болған. Тарих бойында да көптеген данышпандар Құран аяттарын зерттеп, оның растығы мен ұлылығына куәлік етіп, осы кітап пен оның дінінің ізбасарына айналған.
Осы топқа қарсы Құран мен ардақты пайғамбардың ресалатын теріске шығару үшін ақырет тақырыбын алға тартатын адамдар болған, қазір де бар. Олар қорлаушы екпінмен: «Бұл – адамдар көрде шіріп, топыраққа айналған соң қайтадан жердің ортасынан бас көтеріп, жаңа тіршілікті бастайды деп уәж айтатын адам» десті.
Бұл топ әлем мен адам үшін бастауды теріске шығара алмайтындықтан ақыретті теріске шығарады. Олар бұл істерімен адамдар пайғамбарға иман келтірмейді, діннің бұйрықтарын қабылдамайды дегенді мақсат тұтады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Дінді адамдардың жәһілдігінің туындысы деп санайтын адамдарға қарсы тарих бойындағы көптеген ғалымдар мен данышпандар исламның растығын түсініп, оны мойындады.
2.Пайғамбарлардың жолы – осы дүниеде иман адамдарының ғизатты мен абыройының мәйегі.
2. Пайғамбар жолының қарсыластары ақыл мен қисынды пайдаланудың орнына қорлау арқылы адамдардың алдында пайғамбарлардың кісілігін бұзуға күш салады. Ондағы мақсаттары пайғамбарлардың соңынан ешкім ермесін дегені.
«Саба» сүресінің 8-9 аяттары:
«أَفْتَرَى عَلَى اللَّـهِ کَذِبًا أَم بِهِ جِنَّةٌ بَلِ الَّذِینَ لَا یُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ فِی الْعَذَابِ وَالضَّلَالِ الْبَعِیدِ»، «أَفَلَمْ یَرَوْا إِلَى مَا بَیْنَ أَیْدِیهِمْ وَمَا خَلْفَهُم مِّنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ إِن نَّشَأْ نَخْسِفْ بِهِمُ الْأَرْضَ أَوْ نُسْقِطْ عَلَیْهِمْ کِسَفًا مِّنَ السَّمَاءِ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَةً لِّکُلِّ عَبْدٍ مُّنِیبٍ»
“Ол Аллаға байланысты өтірік жала қоя ма? Немесе оның жындылығы бар ма?” Жоқ, олай емес. Ақыретке сенбегендер, азапта және ұзақ адасуда. (8)
Олар көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызамыз немесе үстеріне көктен кесектер түсіреміз. Рас, мұнда Аллаға берілген әрбір құл үшін ғибрат бар. (9).
Өлімнен кейінгі тіршілікті теріске шығарған пайғамбардың қарсыластары: «Бұл – мына адам Құдаймен байланыстырған өтірік. Мұндай сөздерді айтып тұрған бұл адамды жын соққан. Әйтпегенде, есі дұрыс адам қалайша мұндай сөз айтады?» десті.
Құдай мұндай адамдардың сөзіне берген жауапта: «Пайғамбар өтірікші де емес, жынды да емес. Қатты адасып жүрген сендерсіңдер. Сендер хақ сөзді қабылдауға әзір емессіңдер. Қияметті теріске шығару арқылы ол хабар берген азаптан құтыламыз деп ойлайсыңдар» деді.
Жалғасында Құдай мұндай қырсық кәпірлерге былай деді: «Осыншама құдіретпен жаратылған аспан мен жерге қарамайсыңдар ма? Осындай ұлылықты аспан мен жерде жаратуға күші жететін Құдайды сендерді, адамдарды қайта жаратуда қауқарсыз деп ойлайсыңдар ма? Мұндай уәж айтатындай оның құдіретіне шәк келтіресіңдер ме? Қатты жерсілкінісін жіберіп сендердің барлығыңды жерге батырып жіберуге оның күші жетпей ме? Немесе аспаннан тастар жіберіп, өздерің мен үйлеріңді тып-типыл ете алмай ма?».
Әрбір ақылды адам бұл істерді мүмкін санап, олардың әлемнің әр түрлі жерінде орын алуынан хабардар. Ондай болса кейбір адамдар өткен мен болашаққа көңіл аудармастан тек бүгінін ғана көріп, қияметті теріске шығарады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Кейбір адамдар Құдайды Жаратушы және болмыстың бастауы ретінде қабылағанымен, ақыретті қабылдағысы келмейді. Ондағы мақсаттары – илаһи бұйрықтар мен содан шығатын жауапкершіліктерді қабылдамау.
2. Ақыретке сенбеу – түрлі бұрмалаушылықтардың бастауы, әрі адасушылыққа көбірек бата түсуге себеп болады.
3.Жаратылыстың ұлылығын ойлау һәм жаратылыстың бастауына деген иманды нығайтады, һәм ақыретке деген иманға негіз болады.
4.Жер сілкінісі сияқты табиғи құбылыстардың алдында шарасыз адам Алланың үлкен азабынан қалай қашып, өзін құтқармақ?
5.Жаратылыс әлемі туралы ойлану адамды Пәруәрдігерге құлшылық етуге бастап, оны басқаларға деген тәуелділіктен босатады.