«Саба» сүресі, 763-шы бөлім, 10-13 аяттар
«Саба» сүресінің 10-11-12-13 аяттарының тәпсірі:
بسم الله الرحمن الرحیم
«Саба» сүресінің 10-11 аяттары:
«وَلَقَدْ آتَیْنَا دَاوُودَ مِنَّا فَضْلًا یَا جِبَالُ أَوِّبِی مَعَهُ وَالطَّیْرَ وَأَلَنَّا لَهُ الْحَدِیدَ»، «أَنِ اعْمَلْ سَابِغَاتٍ وَقَدِّرْ فِی السَّرْدِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا إِنِّی بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِیرٌ»
Расында Дәуітке (Ғ.С.) өз жанымыздан ізгілік бердік: “Әй, таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар” (дедік). Және оған темірді жұмсарттық. (10) “Кең сауыттар жаса, оны тоқығанда мөлшерле. Оң істеңдер. Әрине не істегендеріңді толық көрушімін” (11).
Алдыңғы бағдарламадағы тоғызыншы аяттың соңында «Абд Муниб» – Алланың дәргейіне жалынып, жалбарынатын тәубешіл адам туралы айтылды.
(«Саффат» сүресінің 24 аятында осы тақырыпқа сілтеме жасалған. Хазірет Дәуіт Құдайдың дәргейінде тәубеге келді).
Бұл аяттар хазірет Дәуіт пен перзенті хазірет Сүлейменнің өмірінің бір бөлігін баяндап: «Құдай хазірет Дәуітке ерекше нығмет сыйлады: «Нәміл» сүресінде қысқаша сілтеме жасалған рухани және материалды сыйлар.
Тау сияқты қатты заттар мен құстар сияқты тіршілік иелері Дәуіттің мүнәжаттарында бірге болды. Хазірет Құдайды зікір еткен кезде айналасындағы заттар да онымен бірлесіп, дауыстап, олардың үндері кеңістікті толтырды.
Рауаяттарда ислам пайғамбары туралы да айтылған: пайғамбардың мүбарак қолдарында ұсақ тастардың тәсбихінің әуені естіліп, сахабалар оны естіген.
Аяттар жалғасында хазірет Дәуіттің ерекше бір әлеуетіне тоқталып: «Қалқан жасауы үшін біз хазірет Дәуітке темірді жұмсарттық. Осы арқылы өзі мен серіктерін дұшпандардан сақтасын дедік. Дәуіттен бұрын соғыскерлер өздерін дұшпандардың оқтары мен найзаларынан қорғау үшін ауыр темірлерді қолданған. Бірақ, Алланың қалауымен Дәуіт темірді жіптер сияқты нәзік етіп созып, оларды дөңгелектеп, киім сияқты етіп, тоқи алды. Жауынгерлер сондай қалқан киімдерді үстеріне киіп, дұшпандардың жебелері мен семсерлерінен қорғанды» дейді.
Бұл аяттар соңында Дәуіт пен қауымына былай деп ескертеді: «Бұл құралдарды дұрыс және көңілге қонымды жолда пайдаланыңдар. Құдай барлық істерден хабардар».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдайдың дәргейіне бет бұрып, тәубеге келетіндер илаһи ерекше мейірім мен ізгілікке бөленеді.
2. Барлық жаратылыс иелері, соның ішінде қатты заттар мен өсімдіктер және жан-жануарлар түсінікке ие. Олардың барлығы илаһи бұйрыққа бағынады. Осы аяттарда таулар мен құстарға қаратып айтылды.
2.Адамның пайдасы үшін жер астындағы қазба байлықтары мен жердің үстіндегі қорды пайдалануды Құдай қуаттайды.
3.Өнеркәсіп нақтылық және сапамен қатар жүріп, адамның пайдасы жолында іске жаратылуы керек.
«Саба» сүресінің 12-13 аяттары:
«وَلِسُلَیْمَانَ الرِّیحَ غُدُوُّهَا شَهْرٌ وَرَوَاحُهَا شَهْرٌ وَأَسَلْنَا لَهُ عَیْنَ الْقِطْرِ وَمِنَ الْجِنِّ مَن یَعْمَلُ بَیْنَ یَدَیْهِ بِإِذْنِ رَبِّهِ وَمَن یَزِغْ مِنْهُمْ عَنْ أَمْرِنَا نُذِقْهُ مِنْ عَذَابِ السَّعِیرِ»، «یَعْمَلُونَ لَهُ مَا یَشَاءُ مِن مَّحَارِیبَ وَتَمَاثِیلَ وَجِفَانٍ کَالْجَوَابِ وَقُدُورٍ رَّاسِیَاتٍ اعْمَلُوا آلَ دَاوُودَ شُکْرًا وَقَلِیلٌ مِّنْ عِبَادِیَ الشَّکُورُ»
Сүлейменге (Ғ.С.) де ерте кетуі бір айлық, кешке қайтуы бір айлық (жол алатын) желдерді бағындырдық. Ол үшін еріген мыстан бұлақ ағыздық. Я, Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін жындарды да бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса, оған жалындаған азаптан татырамыз. (12)
Олар Сүлейменнің (Ғ.С.) қалауынша, құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді. “Ей, Дәуіттің (Ғ.С.) үй-іші! Шүкірлік етіңдер!” Құлдарымнан шүкір етуші аз. (13)
Хазірет Дәуітке берілген илаһи сыйларға жасалған қысқаша сілтемеден кейін осы аяттар Құдайдың Дәуіт пайғамбардың перзенті Сүлейменге берген үш нығметін еске салады: біріншісі, әуе көлігі. Көлік жерден көтерілген соң жел Сүлейменді ол қалаған жаққа апарды. Сүлеймен сол арқылы ол уақытта бір айдың ішінде жүріп өтетін жолды жарты күнде жетіп, түстен кейін кейін қайтатын;
екінші сыйы – балқытылған мыс. Ол үлкенді-кішілі ыдыс, қазандар сияқты әртүрлі құрал-жабдықтар жасау үшін керек. Егер темір Дәуіттің қолында жұмсарса, мыс Сүлейменнің уақытында балқытылды;
үшінші сыйы – жындардың бір тобын Сүлеймен мен оның үкіметіне қызмет еткізуі болды. Олар Сүлейменнің бұйрығымен ауыр әрі қиын істерді орындады. Бас тартқан жағдайда қатаң жазаланды.
Екінші жағдай анық: адам мысты балқытуға қол жеткізді. Алайда бірінші және екінші жайттар адам үшін танылмаған, белгісіз еді. Материалды адамдар оны кәсіп санайды. Бірақ, материалды емес және ғайып күштері мен факторларына сенетін иман иелері осы әлемде танылған материалды себептермен қоса, танылмаған материалды әрі материалды емес себептердің де бар екенін қабылдайды.
Кейбір илаһи әулиелер Құдайдың рұқсатымен соларға қолжетімділікке ие болып, пайдаланған. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Пайғамбарлар мен илаһи әулиелер жаратылыс істерін бағындыру құдіретіне ие.
2.Адам жынды бағындыра алады. Бірақ, Құдай рұқсат еткен жайттардан басқа кезде ол іске кеңес берілмеген.
3.Өнеркәсіптік заттарды жасап, қазба байлықтарын пайдалану кейбір пайғамбарларға берілген илаһи сый болды. Ол іс адамзаттың даму жолын ашу мақсатын көздеді.
4.Мысты балқыту мен құю өнеркәсібінің тарихы тереңде. Ол хазірет Сүлейменнің заманынан басталады. Хазірет Сүлейменнің заманында балқыған мыстан үлкенді-кішілі мыс ыдыстар жасалды.