Маусым 14, 2018 15:57 Asia/Almaty

"Иран базары" бағдарламасының осы аптадағы бөлімінде Иранның дəрілік өсімдіктері мен осы нарықты құрайтын бөлімдермен жалпы таныстырамыз.

Жаратылыстың сырларының бірі – адам денесінің күрделілігі. Осы уақытқа дейін əлемде ешбір мектеп мен медициналық орталық адам денесін толық таныдық деп айта алмайды. Медицина ғылымы тарихында Мысыр, Иран, Қытай, Үндістан мен Грекияның дəстүрлі медициналарының əртүрлі емдеу мектептеріндетіпті заманауи медицинада денсаулық сақтау жəне ауруларды емдеуде құнды тəжірибелерге қол жеткізілгенімен, білімді толықтырып, кемелдену жолындағы əрекет жалғасып келеді.

Иранның дəстүрлі медицинасы – əлемдегі көне мектептердің бірі.  Иранның дəстүрлі медицинасы осы елдің танымал тұлғаларынан қалған 14 мыңнан астам кітапқа сүйенген бай ғылымға негізделген. Бұл кітаптарда науқастарға мыңдаған нұсқа берілген. Олардың шипалық қасиеттері ғасырлар бойында дəлелденді. Нұсқалардың 85 пайызынан астамында науқастарға дəрілік өсімдіктер ұсынылған. Иранның Рази, Ахвази, Əбу Əли Сина мен Джорджани сияқты дəстүрлі дəрігерлерінің еңбектері 6 ғасыр бойы Батыс елдеріндегі медицинаның негізгі дереккөздерінің қатарында саналды.

Дəстүрлі медицина

Ирандағы дəстүрлі медицинаның айшықты ерекшеліктеріне денсаулықты сақтауға бағытталуы, жалпыны қамтушы көзқарасқа ие болуы, руханилық пен ақлаққа көңіл бөлуі, кері әсері аз табиғи тəсілдерге арқа сүйеуі, ауруға көңіл бөлуі жатады. Иранның дəстүрлі медицинасында емдеу тəсілі екі негізге – дəрі-дəрмек пен санаға қатысты руханилыққа арқа сүйеген. Дəстүрлі дəрігерлердің пікірінше, дəрі мен сананың екеуі де ауруды емдеуде бірдей əсерлі, бір-бірін толықтырады. Ирандық дәрігерлер мен хәкімдер Құдайдың әрбір дерттің емін табиғатта жаратқанын айтып, өсімдікті ауруды емдеп, денсаулықты сақтауда ең маңызды рөл атқаратын шипа көздерінің бірі санаған.

Иранда шамамен 80 мың түрлі өсімдік бар. Оның төрттен бір бөлігінен астамында дәрілік, парфюмерлік, дәмдеуіштік, косметикалық және гигиеналық қасиеттер бар. Сондықтан, Иран өсімдік жамылғысының молдығы және биологиялық әралуандық тұрғысынан әлем бойынша жоғары орында тұр. Осы өсімдіктердің 1700-ден астам түрі – Иранның жергілікті өсімдіктері. Олар тек осы елде ғана өсетіндіктен, Иран үшін монопольдік әлеует саналады.  Бұл өсімдіктер жиынтығының экономикалық құндылық тұрғысынан аса маңызды саналатыны соншалықты, елдің мұнайдан тыс экспорттық тауарларының қатарына жатады.

Закария Разидің "әл-Хави" еңбегі – дәстүрлі медицина саласындағы ең көне кітаптардың бірі.

Бүгінде 3 мыңнан астам компания, әртүрлі мемлекеттік және жеке орталықтар өндірілген өнімдер, дәрілік өсімдіктерді тиісті қамтамаға салу, өсімдік негізіндегі дәрілер және табиғи өнімдерді  тану, қолға бейімдеу, егу, өндіру және әсерлі шикізаттарды шығару саласында жұмыс істейді. Бұл өнімдер  эссенция, сығынды, иіссу және әртүрлі сулар мен өсімдік бояулары  түрінде әралуан қалыптарда нарыққа шығарылып, тұтынылады. Өсімдіктен жасалған өнімдерду пайдалану  қоғамның салауаттылығымен тікелей байланысты болғандықтан, бұл салада мемлекеттік сектормен бірге жеке компаниялардың да белсенділік жасауы табиғи іс. Дәрілік өсімдіктер саласында елдің мемлекеттік секторы өсімдік негізіндегі өнімдердің сапасы мен санын арттыру мақсатында ғылыми-технологиялық парктер, зерттеу орталықтары мен тиісті факультеттерді құру арқылы білім беру, мәдениет қалыптастыру, теориялық және практикалық зерттеулер жүргізуге жағдай жасайды. Осы орайда іргелі ғылымға негізделген компаниялар дәріге қатысты идеяларды өндіріске енгізіп, нарыққа қажет жаңа да жасампаз өнімдер ұсынып, базарды сақтайтын орталықтар ретінде аса маңызды. Бүгінде іргелі ғылымға негізделген ондаған компания дәрілік өсімдіктер саласында әртүрлі өнім шығарып, коммерцияландырумен айналысып, өз өнімдерін әртүрлі елдерге, соның ішінде дәрілік өсімдіктер саласында беделді Индонезия, Малайзия, Сингапур мен Вьетнамға экспорттайды.

Иранның дәрілік өсімдіктер мен тағамдық өнімдерін экспорттау одағы – елде өсімдіктен жасалған өнімдерді экспорттау саласында жұмыс істейтін құрылымдардың бірі. Бұл одақ www.ihsta.ir сайтымен Иранның Сауда, өнеркәсіп және кен палатасына қарайды. Ол дәрілік өсімдіктер, өсімдік шайырлары, тамырлары мен дәндерін жақсартып, дамыту мақсатында х.ш.ж.с.б. 1345 жылы құрылған.  Бұл одақтың мақсаты сапаны жақсартып, стандарттарды толық орындау және ғылыми-практикалық маркетинг жүргізу арқылы халықаралық нарықтарға дәрілік өсімдіктерді шығару көлемін ұлғайту үшін тиімді жағдай жасау болып табылады.

Дәрілік эссенциялар мен сулар

Одақтың 250-ден аста мүшесі бар. Олардың қатарында «Өмірдің көк өсімдіктері» компаниясын (www.greenplantsoflife.com) атауға болады. Ол х.ш.ж.с.б. 1392 жылы (2013 жылы) Иранның дәрілік өсімдіктер экспорттайтын ең үздік компанияларының тізіміне енгізілді. «Өмірдің көк өсімдіктері» компаниясы 1969 жылы дәрілер, гигиеналық материалдар және тағамдық өнімдер өндіру және экспорттаудан тұратын екі бөлімде жұмыс істей бастады. Бұл компания өз өнімдерін өсімдік негізіндегі эссенция, түйіршік, шәрбәт, капсула, ауыз шаюға арналған сулар, жақпа май мен гель қалыбында өндіреді. Өсімдіктерді жинау және оның бөлшектерін оптималды түрде өңдеу ең дамыған құрал-жабдықтар мен әлемнің заманауи ғылымына негізделген үздік технологияларды қолданып жасалады. Бұл компанияның әлемнің ең жоғары стандарттарына сәйкес шикізаттың сапасына көңіл аударуы жәндіктерді өлтіруге арналған улардың қалдықтары жоқ ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірілуіне себеп болды. Бұл компанияның зерттеу және дамыту бөлімі тәжірибесі мол университет ұстаздары және зерттеушілермен әріптесе отырып, алқапта немесе гидропоникалық жылыжайларда егуден бастап, өнімді жинау және мамандандырылған микрохимиялық зертханаларда соңғы өнімді шығарғанға дейінгі барлық кезеңдерді бақылауда ұстайды.

Дәрілік шөп-шай – «дәмнуш»

Дәрілік өсімдіктер саласында жұмыс істейтін беделді компаниялардан «Асе Ясудж», «Баридж Эсанс», «Иран Дарук», «Бу Әли Дару», «Дару Дарман Салафчеган», «Гол Дару» және «Мехр-е гиах» фармацевтикалық компанияларын атауға болады. «Мехр-е гиах» компаниясы (http://mehr-e-giah.com) көбінесе әртүрлі өсімдіктер қосылған шайларды өндіреді. Бір жарым ғасыр бұрын шай Иранда сусын ретінде қолданыла бастағанға дейін дәрілік шөп-шай, яғни «дәмнуштер» ирандықтардың сүйіп ішетін сусыны болған. «Мехр-е гиах» компаниясының дәмнуштерінде ешқандай қоспа заттар, дәмдеуіштер, өсімдіктен басқа заттар, сақтауға арналған заттар жоқ. Оларды өндіруде жоғары сапалы табиғи шикізаттар пайдаланылады. Өсімдіктен алынған әсерлі заттар салынған қапшықтың өзі желім мен инеден тұрмайды, жүгері крахмалының өрілген талшығынан жасалған. Дәмнуш салуға арналған жоғары температурада тігілген полимер қапшықтар иіс, бу мен әсерлі заттарды сақтап, ауа мен ылғалдың қапшықтарға кіруіне кедергі жасайды. Қапшықтардың нақты әрі тәртіппен тоқылуы және олардың пирамидаға ұқсас қалыбы қапшықтың іші мен сыртының 98 пайызға суланып, өсімдіктің барлық қасиеттерінің сыртқа шығарылуына себеп болады.

Дәрілік өсімдіктер өнеркәсібін Иранның экономикасындағы әсерлі өнеркәсіп салаларының бірі санауға болады. Бұл өнеркәсіптің негіздері жергілікті ғылымға, илаһи нығметтер мен  іргелі ғылымға иек артқан экономикаға негізделген. Елдің ішінде осындай әлеуеттердің болуы экономиканың осы саласына инвестиция салуды табысты етіп отыр. Осыған орай, елдің дәрілік өсімдіктер саласындағы белсенділері  заманауи білім мен технологияларды пайдаланып, ұсынудың дамыған тәсілдерін қолданып, ғылыми-технологиялық тізбекті толықтыру арқылы салыстырмалы артықшылықтарды бәсекелестікке айналдырып, маркетинг пен жарнаманың сапасын арттыру арқылы дәрілік өсімдіктер өндіріп, өңдеумен айналысатындарға халықаралық нарықтарға шығуды бұрығыдан да көбірек жеңілдетуге талпыныс жасауда.      

Тегтер