Маусым 23, 2018 13:56 Asia/Almaty

Фармацевтика өнеркәсібі Иранның фармацевтика өнеркәсібі – ел ішінде түрлі дәрі-дәрмек өндіру әлеуетіне ие болуына байланысты халықаралық нарықтарға шығу потенциалы жоғары өнеркәсіп салаларының бірі.

Фармацевтика өнеркәсібі әлемде табысы мол және адамның денсаулығына әсер ету тұрғысынан маңызды әрі өзекті салалардың бірі. «Фурчун» журналы бір мақаласында 2010 жылы фармацевтика саласын табыс және инвестиция салуға қолайлылық тұрғысынан әлемдегі өнеркәсіптердің үшінші саласы деп жариялады. Бұл салаға инвестиция салу әдетте дамумен қатар жүреді. Халық саны өсіп, емдеу қызметтеріне мұқтаждықтың артуы бұл салаға инвестиция салудың артуының әсерлі факторларының бірі болып отыр.Фармацевтика өнеркәсібінің дамуына әсер ететін басқа факторлар ретінде халықтың қартаюын, созылмалы ауруларды, кейбір елдердегі сақтандыру мен экономикалық әл-ауқатты, фармацевтика саласында жаңа нарықтардың пайда болуын, емдеудегіжетістіктер мен рсы саладағы технологиялардың дамуын айтуға болады. Бұл нарыққа инвестиция салудың артықшылықтарының біріне әлемде фармацевтика өнеркәсібі дамуының құбылмалы емес, бірқалыпты болуы жатады. Дәрі-дәрмек нарығы басқа нарықтармен салыстырғанда экономикалық толқуларға азырақ және кешірек ұшырайды.  2008-2009 жылдардағы қаржыдағдарысында бұл нарық 7 пайыздан астам өсіп, өз белсенділігін жалғастырды.  Бүгінде әлемде фармацевтика өнеркәсібінің қаржы айналымы 1 трлн доллардан асады.

Фармацевтика өнеркәсібі

Мына жайтты да атап өту керек: бұл салада жұмсалатын қаражат басқа өнеркәсіп салаларымен салыстырғанда өте жоғары. Бұл салада басты қаражат зерттеу мен дамуға (R&D) жұмсалады. Осы табысты өнеркәсіптегі зерттеу мен дамуға жұмсалатын қаражат оның өнімдерін сатумен салыстырғанда дамыған технологияны қолданатын басқа өнеркәсіп салаларынан әлдеқайда жоғары. Әлемде дәрі-дәрмек өнеркәсібі алатын ерекше орны мен адам өмірі мен денсаулығымен тікелей байланысты болғандықтан әрдайым даму және жаңару үстінде. Әлемнің ірі фармацевтикалық компанияларының жоғары табысы оларға табыстың көп бөлігін зерттеу мен дамуға жұмсауға мүмкіндік берді. Әлемнің фармацевтикалық компаниялары орташа есептегенде сатудан түсетін табыстың шамамен 40 пайызын зерттеу мен дамуға, маркетинг пен сатуға жұмсайды.

Фармацевтика өнеркәсібінде қаражаттың көп жұмсалу себептерінің бірі оның болашаққа назар салуында. Бүгін науқастарды емдейтін дәрілер бірнеше жыл бұрын таңдалып, зерттеліп, өндірілген өнім болып табылады. Болашақ онжылдықтарда науқастарға қажет болатын дәрілер алдағы бірнеше жылда таңдау, зерттеу және өндіру үдерісінен өтуі тиіс. Сондықтан бұл өнеркәсіпте перспективаға көңіл аударып, тиісті тәсілдерді таңдау негізгі мақсаттардың бірі әрі алдағы қажеттіліктер мен түйткілдерге берілген жауап болып табылады. Бұл мәселе айтарлықтай қаражаттың жұмсалуын қажет етеді. Зерттеулер көрсеткендей,  кейде бір дәріні өндіріп, ұсыну үшін шамамен 10 мың дәрілік құрамды зерттеп, 15 жыл уақыт кетіріп, 1 млрд доллар жұмсау керек болады.

Зерттеу – фармацевтика өнеркәсібінің негізгі қажеттіліктерінің бірі.

Фармацевтика өнеркәсібі қатты монополиянған. Әлемдегі фармацевтика өнеркәсібі өнімдерінің көбі Солтүстік Америка мен Еуропада шығарылады. 2013 жылы жарияланған статистика бойынша, Солтүстік Америка 37 пайызбен ең көп үлеске, Африка менТаяу Шығыс  4 пайызбен  әлемнің дәрі-дәрмек нарығында ең аз үлеске ие болып отыр. Дәрі-дәрмек нарығы фармацевтика өнеркәсібінің қаржы айналымы негізінде бағаланады. Әлемде фармацевтика өнеркәсібінің қаржы айналымында ұсынушылардан шикізат сатып алу, тұтынушыға дәрі сату, дәрі импорты мен экспорты, салынған инвестицияның көлемі және фармацевтикалық компаниялардың нарықтағы құны назарға алынады. Әлемнің дәрі нарығында дамыған елдер дәрі-дәрмектерді өндіріп, тұтынудағы көшбасшылығымен жалпы алғанда осы нарықтың 79 пайызға жуығын қамтып отыр. Басқаша айтқанда, әлем халқының 85 пайызға жуығын құрайтын даму үстіндегі елдер әлемде өндірілетін дәрілердің тек 21 пайызын тұтынады.

Бұл үдеріс әртүрлі себептермен, соның ішінде  Батыстағы экономикалық жағдай, жаңа пайда болған экономикалардатехнологиялардың дамуына байланысты өзгеріп бара жатқан сияқты. Басты өндіруші елдер мен компаниялар дәрі саласына жаңа аяқ басқан елдерді өзінің экспорттық нарығына айналдырды. Фармацевтика өнеркәсібі өндіріс және тұтыну тұрғысынан АҚШ пен Еуропаның үлкен нарықтарынан Азия мен Африканың жаңадан пайда болған нарықтарына қарай ойысып жатыр. Алдағы жылдары әлемдік дәрі нарығының айтарлықтай көлемі Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Украина, Польша, Аргентина, Мысыр, Индонезия, Алжир, ОАР, Румыния мен Вьетнам сияқты елдердің жаңа нарықтарының дамуымен байланысты болады. Жаңадан пайда болған нарықтардың дамуы әдетте халық санының өсуіне, халықтың дәрі-дәрмек пен жаңа медициналық қызметтерге қол жетімділігінің артуы мен мемлекеттердің экономикалық бағдарламаларымен байланысты болады. 

Жаңадан пайда болған нарықтардың дамуы әдетте генетикалық дәрілер саласында орын алады. Фармацевтикалық өнімдерді классификациялауда коммерциялық (бренд) және генетикалық (патентке негізделген дәрілерді өндіру) деген екі негізгі топ қарастырылған. Осы екі топтағы дәрілердің айырмашылығы патент, зерттеу және маркетингке қатысты әртүрлі заңдар мен ережелерді сақтауында болып отыр. Ірі фармацевтикалық компаниялар көбінесе коммерциялық дәрілерді өндірумен айналысады. Генетикалық дәрілер коммерциялық дәрілермен салыстырғанда арзанырақ. Генетикалық дәрілердің орташа және аз табысқа ие елдерде, тіпті кейбір еуропалық елдер мен Америкада медициналық қызметтер құнының жоғарылығы мен осы қоғамдардағы экономикалық дағдарыстарға байланысты жақсы нарыққа ие болуына септігін тигізеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сипаттамалары бойынша,  Иран фармацевтика өнеркәсібіндегі 80 жылдық тарихымен өндіруші ел саналады. Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейін  елдің дәрі-дәрмекке деген қажеттілігінің  барлығы дерлік тікелей немесе жанама түрде көпұлтты компаниялар тарапынан қамтамасыз етіліп отырды. Сол кездегі ең үлкен түйткіл тәуелділіктің жоғарылығы және санаулы ирандық компаниялардың бәсекеге қабілетсіздігі еді. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін  және елдің фармацевтика өнеркәсібінің басым бөлігінің мемлекеттендірілген соң Иранның фармацевтика өнеркәсібінің дамуы  бірнеше дәрі өндіру зауытының жұмысымен басталды. 40 жылға жуық уақыт өткен соң Иранның фармацевтика өнеркәсібі елдің ішкі қажеттілігінің 95 пайыздан астамын қамтамасыз ететін дәрежеге жетті.  Ірілі-ұсақты ондаған зауыттың ашылуы, фармацевтика саласына студент тарту, фармацевтикалық компаниялар құрудың артуымен бірге жоғары технологияға негізделген фармацевтикалық өнімдерді өндіру мақсатында іргелі ғылымға негізделген  компаниялардың құрылып жатқанына куә болып отырмыз. Олар әртүрлі салаларда, соның ішінде  ауыр науқастарға шалдыққандар үшін қажет биотехнологиялық өнімдер шығару саласында жұмыс істейді.

Иранда  Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін дәрі өндіріс 6 есе артты

Иранның фармацевтика өнеркәсібіндегі жетістіктері көрсеткендей, ел ішінде дәрі өндірісі 1979-2015 жылдары 30 пайыздан 96 пайызға жетті. Ирандық дәрігерлер ел ішінде өндірілген дәрілермен жүрек және қан тамырлары ауруларын, қан қысымы және жоғары холестиринге қатысты ауруларды ел ішінде тиісті бақылауға алды. Ел ішінде өндірілген дәрі-дәрмектерді тұтыну және олардың ауруларды емдеудегі әсері елде өмірге үміттену көрсеткіштерінің артуына әсер еткен факторлардың бірі болды. Қазіргі таңда шетелдік үлгілермен салыстыруға болатын жоғары сапаға ие ирандық дәрілер ішкі нарықта қолданылуда.  Ирандық мамандардың жетістіктерінің  қатарына  MS ауруына шалдыққандар үшін «Синокс» сияқты дәріні шығару, күйікке ұшырағандар үшін «Алваксин» дәрісін өндіру, СПИД ауруын бақылауда ұстайтын дәрі шығару, обыр ауруына шалдыққандарға арналған «Ритоксимеб» дәрісі, С және В вакциналарын өндіру, тырысқақ пен іш сүзегіне қарсы классикалық вакцина, қауіпті ісіктерге шалдыққан адамдарға көмектесу үшін «Гамаимунекс» дәрісін шығару, елдің Атом қуаты ұйымының әріптестігімен көптеген ауруларды, соның ішінде  жүректің бұлшық еттерін, жұлын, сілекей бездерін, тироид, паратироид, өкпе, бауыр мен бүйректі тексеруде әсерлі «Молибден 99-текнесиум» радиодәрісін өндіру жатады.

Соңғы онжылдықтардағы ғылыми-техникалық жетістіктерді ескерсек, Иран әлемде фармацевтика өнеркәсібі дамыған он елдің бірі саналады. Иранда жасалған дәрілер аймақ елдеріне экспортталады. Қазіргі таңда дәрілер мен шикізаттар Ауғанстан, Ирак пен Орта Азияның кейбір елдеріне шығарылады.  

Тегтер