Шіл 24, 2018 11:07 Asia/Almaty

Бүгінгі бағдарламада медициналық туризмнің бір тармағы тіс емдеу туризміне тоқталамыз. Оны табыс тұрғысынан денсаулық туризмінің ең табысты саласы деп айтуға болады.

Өмірінде бір рет тіс дәрігеріне бармаған адамды кездестіру қиын. Көп адамдарға тіс емханаларына бару жағымсыз әсер қалдырды. Тіс дәрігеріне бару, ауыз қуысы мен тіске қатысты ауруларды емдеу әлемнің түкпір‑түкпіріндегі көптеген адамдар үшін қорқынышты істердің бірі саналды. Тіс ауруы асқынған жағдайда да қорқыныш тіс дәрігерлеріне барып, емделуге кедергі келтірген жағдайлар болған. Ауыз қуысы мен тістердің саулығы – адамның денінің саулығын білдіретін көрсеткіштердің бірі.  Бүгінде ғылым мен технология тіс емдеу саласына енгеннен кейін ауыз қуысы мен тістерге қатысты ауруларды емдеуде қолданылатын құрал-жабдықтарда таңқаларлық өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Жаңа технологиялардың тіс емдеу саласына енуі жақ, ауыз қуысы мен тіске қатысты ауруларды емдеуді жеңілдетіп, психикалық тұрғыдан науқастар үшін тыныштық пен жайлылық сыйлады. Жаңа технология тіпті тіс дәрігерлерінің емдеу тәсілдерін өзгертті.

Ауыз қуысы мен тіске қатысты медициналық күтім әлемде шығыны көп емдердің бірі болып табылады. Ауыз қуысы мен тістердің  дененің әртүрлі мүшелеріне, соның ішінде  ас қорыту жүйесі мен жүрек, бүйрек және тағы басқаларға әсері мен маңыздылығы оларға көңіл аударып, күтудің қажеттігін көрсетті. Мысал ретінде тістердің инфекциясы мен оның басқа дене мүшелеріне әсеріне тоқталуға болады. Тістің инфекциясы бір бөліктен екіншісіне тасымалдана алады. Кейбір жағдайларда тіс қабынғаннан кейін тамақ пен құлақта да ісік пайда болуы мүмкін. Бұл ісіктер кейде тіпті айналасындағы бөліктерге таралып, науқас адамның тыныс жолдарының жабылып қалуына, оның аурухананың бөлімі‑жан сақтау бөліміне ISU жатқызылуына соқтырады. Сол жерде адамның тыныс жолдарының ашық болуы қадағаланып, оның тұншығып қалуына тосқауыл жасалады. Тіс инфекциясынан басталған ісіктердің таралуы айрықша жағдайларда тіпті мидың іріңдеуіне, кейде менингитке де себеп болады. Сондықтан ауыз қуысы мен тіс ауруларына байсалды қарау керек.

Мынадай сауал туындайды: ауыз қуысы мен тістердің саулығы дегеніміз не? Бұрынғы заманда ауыз қуысы мен тістердің саулығы дегеніміз олардың ауырмауымен шектелген. Алайда, бүгінде бұл сипаттама адамдар мен қоғамдардың құндылықтары, ойлары, өмірден күтетіндері мен көзқарастарын назарға алып өзгерді. Қазіргі таңда ауыз қуысы мен тістердің саулығы әртүрлі қырдан бағаланады. Өмірдің сапасына қарай бүгінде бір қажеттілік саналады. Бұл қырлар адамдардың физиологиялық, әлеуметтік және психикалық ерекшеліктерінен бастау алады. Дүниежүзілік тіс емдеу федерациясы 2020 жылға дейінгі перспективаны дайындауда ауыз қуысы мен тістердің саулығына көңіл аударып, күтуді адам баласы үшін негізгі құқықтардың бірі деп таныды. Осы жоспар бойынша ауыз қуысы мен тістердің саулығына қатысты негізгі тақырыптарда дертке шалдығу, науқастың жағдайы, оның ушығу деңгейі және жайсыз жайттары қарастырылған. Бірақ психикалық және әлеуметтік байланыстар тұрғысынан дененің осы бөлігінің физиологиялық қызметі сөйлеу, күлу, шайнау, жұту, әлеуметтік орындарда қысылмай әріптестік  жасауда немесе ұялуда аса маңызды. Дүниежүзілік тіс емдеу федерациясы тарапынан ұсынылған сипаттамада генетикалық және биологиялық факторлар, қоршаған орта, физикалық жағдай, гигиеналық  тазалық пен күтуге қолжетімділік өз кезегінде ауыз қуысы мен тістердің саулығын сақтауда әсерлі бола алатын негізгі 5 сала болып табылады. Адамның жасы, мәдениеті, табысы, тәжірибесі, күтетіндері мен үйлесімдігі тіс емдеу сипаттамасының тек емдеумен ғана шектелмей, аурудың алдын алу, күту, ауыз қуысы мен тістердің саулығын қолдауға қарай ілгерілеуіне себеп болған факторлардың бірқатары болып табылады.

Ауыз бен тіс гигиенасы

Тіс емдеу туризмі (dental tourism немесе dental vacation) – медициналық туризмнің (medical tourism) бір түрі. Онда туристер тістерін емдету үшін арзан да сапалы қызмет көрсететін елді іздейді. Жаһандық стамотологиялық стандарттар деңгейінде шығыны аз сапалы қызмет туристерді көбірек қызықтырады. Бүгінде әлемнің дамыған елдерінде тіс емдеу туризмі кең таралған. Әдетте осындай туристер үшін даму үстіндегі елдердің кейбіреуі жоғары сапалы медицинаға ие болуы үшін негізгі бағыт болып табылады.

Тіс емдеткісі келетін туристердің басқа елдерге баруының ең маңызды себебі өз елдерінде тіс емдеу құнының жоғарылығы болып отыр. Бір сапарға, соның ішінде қонақ үй, емделу, тіпті ойын‑сауыққа кететін шығын өз елдерінде тіс емдеу шығындарынан арзанға түседі. Мысалы, ондаған млн америкалық тіс емдеуге қатысты сақтандырылмаған. Сондықьтан тіске қатысты бастапқы ем алу, соның ішінде тіс ішіндегі жүйке тамырларын жойып, тісті қаптау үшін АҚШ‑тан тыс жерге бару олардың емделуге кететін шығынын 70 пайызға дейін азайтады. Сол себепті миллиондаған америкалық тістерін емдету үшін басқа елдерге сапар шегеді.

Тістердің саулығы жеке адам өмірінің сапасына өте көп әсер ететіні ешкімге жасырын емес.  Әдемі күлкі әртүрлі әлеуметтік сәттіліктерге қол жеткізуге әсер етеді. Жақсы тіс дәрігері – осы саладағы технологиялардан хабардар болып, тіс емдеуде жаңа шикізаттарды қолданатын адам. Иран білікті тіс дәрігерлері, заманауи технологиялар негізіндегі құралдармен жабдықталған емханалары мен емдеу орталықтарының болуына байланысты осы сала туристері үшін қолайлы ел болып табылады. Сол себепті Иран аймақтағы медициналық және тіс емдеу туризмінің бағыттарының бірі болып отыр. 21 ғасырда адам өмірінің сапасын жоғарылату үшін ауыз бен тісті емдеуге қатысты жоғалған талшықтардың орнына жаңа тәсілдер мен шикізаттар табу жайлы пікірталастар өтіп, зерттеулер жасалып жатыр. Иран  тіс емдеуге қатысты шикізаттар мен басқа да салалар бойынша айтарлықтай дамыған.

Ирандағы сандық‑лазерлік тіс емдеу

Ауыз қуысы мен тістерді емдеу саласына тіс протездерін жасау, тістің тамырын емдеу, балалардың тістерін емдеу, ауыз қуысы радиологиясы,  лазерлік тіс емдеу, ауыз қуысы мен тістердің патологиясы, жақ пен бетке ота жасау, тіс етіне ота жасау және т.б. жатады. Олардың әрқайсысы әртүрлі бөліктерге бөлінетіндіктен арнайы мамандандарды қажет етеді. Мысал ретінде косметологиялық тіс емдеуді атауға болады. Оған бличинг (тістерді ағарту немесе жөндеу), композит (тістің түсі мен құрылымын жөндеу), тіс қаптамаларын жасау, лазер арқылы тіс пен тіс еті ауруларын емдеу, тістер тізбегін түзеу үшін ортоденсия жасау, жақтың ақауын түзеу, тістің арасындағы алшақтықтарды жою үшін ламинат жасау, тістің көлемі мен түсін жақсарту, бридж бен имплант жасау жатады.

Қазіргі таңда Иранда шамамен 30 мың тіс дәрігері әртүрлі салаларда жұмыс істейді. Иранда білікті мамандандар мен заманауи орталықтардың болуы және туристер үшін тіс емдеу құнының қолайлы болуына байланысты көршілес елдердің азаматтарының көбі Иранды тіс емдеу туризмінің мақсаты етіп таңдайды. Иран қалалары, соның ішінде  Теһран, Исфахан мен Мешхедтің тіс емдеуді қалайтын туристерді тартатын әлеуеттері жоғары. Кейбір мамандардың айтуынша, Иранда тіс емдеу саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы Еуропа мен Азияның ең дамыған елдерімен, соның ішінде  Франция, Италия, Германия, Скандинавия елдері, Оңтүстік Корея мен Малайзиямен салыстырғанда жоғарырақ. 

Ирандағы тіс емдеу

Денсаулық туризмі, соның ішінде  тіс емдеу туризміне қатысты туристердің Иранға келуі үшін жұмыс істейтін әртүрлі институттар мен компаниялар бар. Олар өз қызметтерін сайттар арқылы таныстырады. Бұл қызметтердің ауқымы кең: тұратын жер мен тасымалдан бастап, білікті әрі сенімді тіс дәрігерлерін таныстыруға дейінгі қызметтерді қамтиды. Мұндай компаниялардың қызметтерінің кейде ауқымды болатыны соншалықты, тіс емханасына кезек алу, тіпті жеңілдік алып беруді де қамтиды. Ирандағы осындай компаниялардың қатарына Ғылым мен білімді тұрақты дамыту халықаралық институтын жатқызуға болады. Сайты http://medicaltourismusc.ir/en. Бұл орталық туристің емдік сапарын жеңілдетуге қажет қызметтердің барлығын ұсынады. Ол тиісті емдеу орталықтарымен үйлестіру жұмыстарымен айналысып, тұратын жер тауып, емдеу түрі мен дәрігерлерді таңдап, Иранда сақталынатын заңдар және ережелермен таныстырып, ақлақ негіздерін сақтау арқылы медициналық туристке сенімді сапар үшін жағдай жасайды.

Тегтер