«Саба» сүресі, 765-ші бөлім, 18-21 аяттар
«Саба» сүресінің 18-21 аяттарының тәпсірі:
بسم الله الرحمن الرحیم
«Саба» сүресінің 18-19 аяттары:
«وَجَعَلْنَا بَیْنَهُمْ وَبَیْنَ الْقُرَى الَّتِی بَارَکْنَا فِیهَا قُرًى ظَاهِرَةً وَقَدَّرْنَا فِیهَا السَّیْرَ سِیرُوا فِیهَا لَیَالِیَ وَأَیَّامًا آمِنِینَ»، «فَقَالُوا رَبَّنَا بَاعِدْ بَیْنَ أَسْفَارِنَا وَظَلَمُوا أَنفُسَهُمْ فَجَعَلْنَاهُمْ أَحَادِیثَ وَمَزَّقْنَاهُمْ کُلَّ مُمَزَّقٍ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَاتٍ لِّکُلِّ صَبَّارٍ شَکُورٍ»
Оларменен сондай біз берекет берген кенттер арасында көрініп тұрған ауылдар бар. Онда кезілетін жер белгіледік. Ол жерде күндіз-түні аман-есен кезіңдер.” (18)
Сонда олар: “Раббымыз! Сапарларымыздың араларын ұзақтастыр!”,- деп, өздеріне кесірлері тиді. Сонда оларды аңызға айналдырып, быт-шыт қылып, мүлде тозғындыққа ұшыраттық. Сөз жоқ, бұнда әр сабыр етуші мен шүкір етушілерге үлгі бар. (19)
Алдыңғы бағдарламда Йеменде өмір сүрген Саба қауымының тағдырына қысқаша сілтеме жасалды. Бұл аяттар алдымен былай дейді: «Құдайдың оларға орасан нығмет дайындағаны сондай, үлкен аймақтың жер-жерінде аралары қысқа қашықтықта гүлденген ауылдар орналасты. Жерлерінің жап-жасыл, гүлдер мен әртүрлі өсімдіктер мен ағаштар және егістіктерге толы болғаны сондай, жолдар қысқа, ауылдар бір-біріне соншалықты жақын көрінді. Нығметтердің көптігімен бірге ол аймақта қауіпсіздік те орнатылған болатын. Жалпы алғанда адамдарға өмір сүру үшін бақуатты кеңістік әзірленді. Барша еңбек етіп, талпыныс жасап, үлкен нығметтен пайдаланды.
Алайда бұл жағдай ұзаққа созылмады. Адамдардың көбісінің қапылдығы мен масаттықтары Құдайды ұмытуға себеп болды. Олардың мақтанып, көңіл көтерумен айналысқандары сондай нығметті көтере алмады.
Олар осыншалықты бақуаттылық пен тыныштықтан жалығып, астамшылыққа ұрынып: «Жағдайдың өзгергенін қалаймыз. Бір-бірімізге қатты жақын болмасақ екен. Ара қашықтығымыз артып, бір-бірімізден біраз алыс болсақ екен» десті» дейді.
Саба қауымының нығметке күпіршілік білдіріп, нығметтердің өзгергенін сұрауы сол аймақтың дамуы мен өркендеуігің факторы болған үлкен бөгеттің қиратылуына себеп болды.
Жағдай былай болды: белгілі бір факторларға байланысты топырақтан салынған бөгеттің қабырғасы ішінен жарылып, қатты сел басып, ол құлады.
Сол оқиға жасыл, көркейген аймақтағы Саба өркениетінің лай мен балшық және қираған үйлерге толы аймаққа айналуына себеп болды. Бұл жылдар бойы дастандар мен адамдардың сұхбаттарының тақырыбына айналған, жап-жасыл, көрікті аймақтың тікенек пен арамшөпке толы жерге қалай айналғаны туралы ғибратты тағдырға айналды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Нығметтерге шүкірсіздік білдіру олардың жойылуына немесе азап пен қиындықтардың тууына себеп болады.
2. Кейбір күнәлардың, соның ішінде шүкірсіздіктің жазасы осы дүниеде де адамды жағадан алып, оның жеке, отбасылық және қоғамдық өміріне әсер етеді.
3. Құран бүгінгі өмірде сабақ алу үшін бұрынғы қауымдардың тағдырын зерттеуге кеңес береді.
«Саба» сүресінің 20-21 аяттары:
«وَلَقَدْ صَدَّقَ عَلَیْهِمْ إِبْلِیسُ ظَنَّهُ فَاتَّبَعُوهُ إِلَّا فَرِیقًا مِّنَ الْمُؤْمِنِینَ»، «وَمَا کَانَ لَهُ عَلَیْهِم مِّن سُلْطَانٍ إِلَّا لِنَعْلَمَ مَن یُؤْمِنُ بِالْآخِرَةِ مِمَّنْ هُوَ مِنْهَا فِی شَکٍّ وَرَبُّکَ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ حَفِیظٌ»
Расында оларға деген Ібілістің ойы шынға шығып, бір-ақ топ мүміндерден басқасы саған ілесті. (20)
Негізінде Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақыретке сенген кісімен, одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы. (21))
Осы аяттар былай дейді: «Шайтан Саба қауымына қатысты өзінің арманын жүзеге асырды. Себебі, адамдардың көпшілігі оның қалауына ерді. Иманға ие азшылық қана оның айтқанына көнбеді. Шайтан адамдарға қатысты билікке ие, оларды бүлік пен күнәға мәжбүрлейді деген ой қалыптаспауы керек. Мүлдем олай емес. Оның ісі тек алдап-азғыру ғана. Егер Құдай оған осы іске рұқсат берсе оның себебі адамдарды сынауға негіз әзір болуы үшін, яғни, қай адамның қияметке сеніп, шайтанның азғыруына берілмейтіндігі мен қай адамның күдік-күмәнға душар болып, аздаған азғыру арқылы күнә жасауға тартылатындығы анықталуы үшін.
Ерік-жігерлері мен имандары әлсіз адамдар нәпсілік тілектеріне немесе сыртқы азғырушылықтарға өте жылдам еріп, олардың алдында табандылық танытуға күштері жетпейді.
Құдайдың құлдарының іс-әрекеттерінен хабардар екендігіне шәк жоқ. Бірақ, жаза мен сыйды өзінің ғылымы негізінде бермейді. Адамның ісі анықталмайынша, оны жазалау мен оған сый берудің мағынасы жоқ.
Бұл оқушының ақылды, алғыр екенін білгенімен одан емтихан алмайынша, емтихан парағын тексермейінше, жақсы баға қоймайтын мұғалім сияқты.
Мұғалімның оқушыға жақсы баға қоюы үшін ғылымының жеткіліксіз екендігі, олар іс жүзінде білімдері мен өздерінің ғылыми әлеуеттерін көрсете алу керектігі шүбәсіз.
Осы аяттардан үйренетіміз:
1.Шайтанның адамға әсер ету жолдарының бірі илаһи нығметтерге күпіршілік білдіруде. Саба қауымы илаһи нығметтерге күпіршілік білдіргендіктен шайтан оларға ықпал етті.
2.Құдай бір жағынан адамға ықтияр берді, екінші жағынан ақыл мен уәһи беріп, оған дұрыс әрі бұрыс жолдарды көрсетті.
3. Пайғамбарлар мен илаһи әулиелер халықты ізгіліктер жаққа шақырады. Шайтан мен шайтан сипаттастар адамды жамандыққа итермелейді. Сол себепті адам ерік-жігері және еркімен өзінің жолын таңдауы керек.