«Саба» сүресі, 766-шы бөлім, 22-24 аяттар
«Саба» сүресінің 22-24 аяттарының тәпсірі:
«Саба» сүресінің 22-23 аяттары:
«قُلِ ادْعُوا الَّذِینَ زَعَمْتُم مِّن دُونِ اللَّـهِ لَا یَمْلِکُونَ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ فِی السَّمَاوَاتِ وَلَا فِی الْأَرْضِ وَمَا لَهُمْ فِیهِمَا مِن شِرْکٍ وَمَا لَهُ مِنْهُم مِّن ظَهِیرٍ»، «وَلَا تَنفَعُ الشَّفَاعَةُ عِندَهُ إِلَّا لِمَنْ أَذِنَ لَهُ حَتَّى إِذَا فُزِّعَ عَن قُلُوبِهِمْ قَالُوا مَاذَا قَالَ رَبُّکُمْ قَالُوا الْحَقَّ وَهُوَ الْعَلِیُّ الْکَبِیرُ»
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Алладан өзге көктерде де, жерде де тозаңның салмағындай түкке ие бола алмайтын, екеуінде де бір ортақтығы жоқ. Сондай-ақ, Аллаға олардың ешбіреуі көмекші де емес. Құдай деп ойлағандарыңды шақырыңдар” де. (22)
Алланың қасында рұқсат берілген біреуден басқаның шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде өзара: “Раббың не айтты?”,- десе: “Хақты айтты” деседі. Ол Алла аса жоғары, тым үлкен. (23)
Меккенің мүшіріктері мен пұтқа табынушыларына айтылған бұл аяттар қисынды сауалдар қойып, олардың негізсіз ойларын түйткілге тіреді.
Алдымен былай дейді: «Сендер Құдайға шерік қосып, болмыстың кейбір істері солардың қолында деп санайсыңдар.
Егер солай болса, оларды шақырып, олардан істерің мен қиындықтарыңның түйіндерін шешуді сұраңдар». Олар не аспан мен жердің бір бөлігінің иесі немесе Құдайдың жаратылыс пен тіршілікті басқарудағы серігі немесе осы әлемдегі істерде рөлге ие болуы үшін кем дегенде оның істердегі орынбасары немесе көмекшісі болуы керек.
Мұсылмандар пайғамбарлар мен әулиелердің шапағатына сенетіндіктен, «Пұттар мен шафиғтардың арасында қандай айырмашылық бар» деген сауалға жауапта келесі аят былай дейді: «Пайғамбарлар мен Құдайдың әулиелері де – Құдайдың жаратылыстары. Олар да басқа мақұлықтар сияқты құдіретке ие емес. Бірақ, Құдай оларға кейбір адамдарға шапағат ету құқығын берген. Барлығымыз Құдайдың пайғамбарларды халыққа жетекшілік ету үшін делдал етіп жібергенін, өз бұйрықтарын оларға уәһи еткенін білеміз.
Олар да сол тағылымдарды жеткізеді. Діни міндеттерді орындауда аянып қалған сол адамдар шапағат мәселесінде де илаһи әулиелерге барып, Құдай олардың тәубесін қабылдауы үшін олардан өздері мен Құдайдың арасында делдал болуды сұрайды.Тәубе Құдайдың дәргейіне оралатын жол саналатындықтан, бұл іс олардың Құдайдың әулиелеріне барып, ризашылықтарына ие болып, Құдайдың ризашылығы үшін негіз дайындауға себеп болады». Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдайдан басқаны Ие және Жаратушы санау – толығымен негізсіз.
2. Адамның жәһілдігі мен қауқарсыздығы істерге шерк қосып, басқалардан көмек сұрауға міндеттейді. Бірақ, әлемнің құдіретті Құдайы ешбір жағдайда шерк пен көмекшіні қажет етпейді. Шапағат деген шапағат тілеушілер Құдайдан мейірімдірек деген мағынаны білдірмейді. Себебі, өзінің ерекше әулиелеріне шапағат тілеуге рұқсат берген – Құдайдың өзі.
3. Кәпір қылмыскерлер бір күні пайғамбарлардың жолы мен Құдайдың сөзінің шындығын мойындайтын болады. Бірақ, одан не пайда?
«Саба» сүресінің 24 аяты:
«قُلْ مَن یَرْزُقُکُم مِّنَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ قُلِ اللَّـهُ وَإِنَّا أَوْ إِیَّاکُمْ لَعَلَى هُدًى أَوْ فِی ضَلَالٍ مُّبِینٍ»
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан: “Сендерге көктерден және жерден кім несібе береді?”,- деп сұра да: “Алла” де. Негізінде біз немесе сендер әлбетте тура жолда не ашық адасудамыз. (24)
Алдыңғы аяттағы жаратушылық тақырыбынан кейін осы аят ризық тақырыбына тоқталып, сендердің ризықтарыңның құралын кім әзірледі, жаңбыр жауып, құрғақ жер егін егуге әзір болуы үшін кім бұлт пен желді жібереді, әртүрлі өнімдер өсіп шығуы үшін дәнді кім жердің қойнауында өсіреді, кім сендер мен өсімдіктер және жан-жануарлар үшін күнді нұр және жылумен қамтамасыз ету үшін жауапты етті, аспан мен жер кімнің бұйрығымен тіршіліктің құралын адамға әзірлейді деген сауалдар қойып, «Сендер осы істің барлығында Құдайға шерік қосасыңдар. Біз осы сыйлардың барлығын бір Құдай тарапынан әрі ешбір шерксіз деп санаймыз. Сіздер ойланып, егер біздің сөзіміз дұрыс болса, қабылдаңыздар, бұрыс болса, қабылдамаңыздар» дейді.
Шын мәнінде, пайғамбар өзі тарапынан төрелік етпейді. «Біз хақ, сендер жалғансыңдар» деп айтпайды. Керісінше, әділ тәсілмен қатынас жасап: «Біздің бір топқа жетекшілік жасалады, келесі топ адасушылыққа кіріптар. Біз ақыл мен қисын арқылы жетекшілік пе, әлде адасушылық па, біздің ақидамызға қай тақырыптың дұрыс келетінін пайымдаймыз» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Тағылым мен тәрбиеде адамдардың ұжданы оянып, тақырыптар туралы өздері ойлануы үшін тақырыптарды бір жақты және таңу арқылы түсіндірудің орнына көбінесе сауал тәсілін пайдалануымыз керек.
2.Адам өзінің еңбегі мен талпынысы арқылы әртүрлі өнім өндіргенімен, олардың құралдары Құдайдың қолында.
3.Су мен топырақ және жылу – ауылшарушылығы мен мал шарушылығында маңызды рөлге ие факторлар. Бұлар Құдайдың адамға берген нығметтері саналады.
4. Нұр, жылу мен бұлт, жел, жаңбыр – аспанның ырзықтары; жердің ырзықтары – жеміс-жидектер мен басқа да материалды нығметтер.
5.Қарсыластармен сұхббатта әдеп пен ынсапты сақтайық. «Біз – хақ, сендер – жалғансыңдар» деп айтпайық.