Там 07, 2018 10:28 Asia/Almaty

«Саба» сүресінің 25-30 аяттарының тәпсірі

«Саба» сүресінің 25-26-27 аяттары:

«قُل لَّا تُسْأَلُونَ عَمَّا أَجْرَمْنَا وَلَا نُسْأَلُ عَمَّا تَعْمَلُونَ»، «قُلْ یَجْمَعُ بَیْنَنَا رَبُّنَا ثُمَّ یَفْتَحُ بَیْنَنَا بِالْحَقِّ وَهُوَ الْفَتَّاحُ الْعَلِیمُ»، «قُلْ أَرُونِیَ الَّذِینَ أَلْحَقْتُم بِهِ شُرَکَاءَ  کَلَّا  بَلْ هُوَ اللَّـهُ الْعَزِیزُ الْحَکِیمُ» 

Оларға: “Біздің кесірімізден сендер сұралмайсыңдар да, сендердің істегендеріңнен біз сұралмаймыз” де. (25)

Оларға: “Раббымыз арамызды қосып, сосын арамызға шындықпен үкім етеді. Ол қара қылды қақ жарған, аса білгіш” де. (26)

Оған ортақтар етіп, қосқандарыңды маған көрсетіңдерші. Әсте мүмкін емес. Әрине, Ол Алла, өте үстем, аса дана” де. (27)

Алдыңғы бағдарламда Алла елшісінің халықты Хақ жолына шақыруда олардан өздерінің ойланып, хақ жолды таңдауды сұрағанын айттық.

Әрбір адам өзін таңдауы мен іс-әрекеттері және қатынасына жауапты санайды. Осы аяттар былай дейді: «Қияметте де әрбір адам өзінің таңдауы бойынша шақырылады. Бірақ, адамдардың арасында төрелік ету аспан мен жердің Жаратушысы әрі барлық адамдардың жағдайынан хабардар Құдайдың қолында болады. Құдай хақ пен ақиқат негізінде төрелік етіп, әрбір адамға олардың әрекеттеріне сай үкім етеді».

Осы дүниеде адамдардың барлығы өздерінің ойлары мен іс-әрекеттерін дұрыс санайды. Хақты жалғаннан ажырату оңай іс емес. Қиямет – уәж айтатын жер емес. Бірақ, Құдай өзінің ғылымы негізінде хақ пен жалғанды ажыратып, олардың арасын бөледі.

Келесі аят тағы да мүшіріктерге қаратып: «Сендердің Құдайға шерк етіп қосатындарың шындыққа сай емес, бар болғаны сендердің болжамдарың мен ойларың ғана, оны ұсынып, дәлелдеуге лайық емес. Олар бар болғаны ағаш пен тастың бір бөлігі ғана. Сол себепті жаратылыста немес жаратылыс істерін басқаруда Құдайға серік бола алмайды» дейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Қияметте іс-әрекеттерді бағалаудағы мизан отбасылық байланыстар немесе тілдік я, нәсілдік артықшылықтар емес хақ пен жалған болады. Сондықтан әрбір адамның іс-әрекеті басқа істермен емес, тек хақ мөлшермен бағаланады.
  2. Қарсыластармен сұхбатта оларды қылмыскер, күнәһар санамайық. Алланың елшісі мүшіріктерге: «Құдай бізді күнәларымыз үшін, сіздерді істеріңіз үшін шақырады» деген болатын.
  3. Адамдардың ойдан жасап алған ешбір тәңірлері, пұттардан бастап періштелерге дейін өздерін Құдайға серік санамайды. Оларды Құдайға қосып, оның серігі санайтындар – надан адамдар.

«Саба» сүресінің 28 аяты:

«وَمَا أَرْسَلْنَاکَ إِلَّا کَافَّةً لِّلنَّاسِ بَشِیرًا وَنَذِیرًا وَلَـکِنَّ أَکْثَرَ النَّاسِ لَا یَعْلَمُونَ»

Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (28).

Таухид пен шерк туралы талқылаудан кейін осы аят исламның ардақты пайғамбары хазірет Мохаммад Мостафаның жаһандық, күннен күнге артып келе жатқан пайғамбарлық ресалаты туралы баяндайды.

Хазірет сөйлескен алғашқы адамдар Хиджаз аймағының адамдары болғанымен, әрі кітабы араб тілінде түскенімен, оның жолдауы тек бір қауым мен тек бір тілге немесе өзінің ғасыры мен заманына ғана тиесілі емес. Керісінше, бұл жолдау тарихтың соңына дейін әлемнің барлық халқын, барлық қауым мен нәсілді қамтиды.

«Фурқан» сүресінің бірінші аятында да пайғамбардың шақыруы әлемдіктердің барлығы үшін деп аталды.

Осы аятта сонымен қатар хазіреттің ресалатын орындаудағы тәрбиелік тәсілі баяндалған: «Ол Хақ жаққа бет бұрып, Хақты қабылдайтын адамдарға осы дүние мен ақыреттің бақытын сүйіншілейді. Хақтан теріс айналып, Хақтың алдында қырсықтық танытатын адамдардың қатты жазаланатындықтарын ескертеді».

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Ислам пайғамбарының ресалаты – әлемдік. Ол хазіреттің біздің қауым мен тайпамыздан, біздің нәсілімізден болмағаны туралы сылтау «тек Шам мен Палестина халқы ғана мәсихи болуы керек. Себебі, ол жерде хазірет Иса дүниеге келіп, өзінің ресалатын сол жерде жүзеге асырған» деген уәж сияқты. 

2. Пайғамбарлар адамдарды Хақтың дінін мәжбүрлеп таңуға емес, илаһи шақыруды жариялауға жауапты болған. Сол себепті олардың шақыруының тәсілі адамдардың жеккөрініші мен тиістілігі және мәжбүрлігіне емес, ескерту мен сүйіншілеуге негізделді.

«Саба» сүресінің 29-30 аяттары:

 

«وَیَقُولُونَ مَتَى هَـذَا الْوَعْدُ إِن کُنتُمْ صَادِقِینَ»، «قُل لَّکُم مِّیعَادُ یَوْمٍ لَّا تَسْتَأْخِرُونَ عَنْهُ سَاعَةً وَلَا تَسْتَقْدِمُونَ»             

Олар: “Егер шыншыл болсаңдар, қиямет туралы уәделерің қашан болады?”,-дейді. (29)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерге уәде етілген бір күн бар. Одан бір сәтке кейін қалмайсыңдар да, ілгері кете алмайсыңдар” де. (30)

Таухид пен набоватқа сілтеме жасалғаннан кейін осы аттар қиямет тақырыбына тоқталып: «Қияметті теріске шығарушылар қияметтің болмайтындығына дәлел келтіре алмай, тек оның уақытының анық еместігін сылтауратып, оны теріске шығаруды жалғастырады. Адамдардың барлығы өздерінің өлетіндіктеріне сенгенімен ешкім өзінің қашан өлетінін білмейтін сияқты.  Қияметтің болатыны нақты. Ол күн Құдай тағайындаған уақыттан бір сәт не ерте, не кеш емес, тура болады. Сендер қияметтің белгілерін көрген кезде одан қаша алмайсыңдар немесе оны кейінге қалдыра алмайсыңдар. Сондықтан сол күні өздеріңнің іс-әрекеттеріңді теріске шығаруды ойламай, жауап беруге дайын болыңдар» дейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Қияметтің болатын уақытын тек Құдай ғана біледі. Пайғамбарлар да одан хабарсыз.

2.Қияметтің болатын уақытын немесе сол кезде адамның жазалану немесе сый алатын тәсілін сылтауратқанша қиямет сахнасына құр қол бармауымыз үшін өзіміздің ойымыз бен қатынасымызды түзетуді ойлайық.