«Саба» сүресінің 768-ші бөлімі, 31-33 аяттар
«Саба» сүресінің 31-33 аяттарының тәпсірі:
«Саба» сүресінің 31 аяты:
«وَقَالَ الَّذِینَ کَفَرُوا لَن نُّؤْمِنَ بِهَـذَا الْقُرْآنِ وَلَا بِالَّذِی بَیْنَ یَدَیْهِ وَلَوْ تَرَى إِذِ الظَّالِمُونَ مَوْقُوفُونَ عِندَ رَبِّهِمْ یَرْجِعُ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ الْقَوْلَ یَقُولُ الَّذِینَ اسْتُضْعِفُوا لِلَّذِینَ اسْتَکْبَرُوا لَوْلَا أَنتُمْ لَکُنَّا مُؤْمِنِینَ»
Сондай қарсы келгендер: “Біз әсте бұл Құранға сенбейміз әрі бұның алдындағыларға (кітап) да сенбейміз” деді. Ол залымдарды Раббыларының құзырында тұрғызылып, бір-біріне сөз қайтарып тұрғанда бір көрсең: езілгендер өздерін ірі санағандарға: “Сендер болмасаңдар, иман келтіретін едік” дейді. (31)
Мүміндер мен кәпірлердің қияметтегі орнын баяндаған алдыңғы бағдарламалардағы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Аспандық кітаптар тауһид пен қиямет саласында айтқанды кәпірлер теріске шығарып, оны қабылдағысы келмейді. Шын мәнінде, олар өтірік ұйықтаған сияқты болып, оны қанша шақырып, жұлқыласа да тұрмайтын адам сияқты хақты қабылдамайды».
Аяттың жалғасы былай дейді: «Осы дүниеде қырсықтық пен орынсыз ырымшылдықтарына байланысты хақты аяқасты еткен теріске шығарушылар қияметте теріске шығарғандарын ақтауға тырысып, өздерінің күнәларын басқалардың мойындарына асуға тырысады. Сол себепті олардың өздері де тозаққа түскен қоғамдарының үлкендеріне: «Бізді адастырған сендерсіңдер. Әйтпегенде біз иман келтірген болатынбыз. Сендер болмағанда бүгін жазаға ұшырамаған болар едік» дейді».
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Хақпен қырсығу адамды күпірлік пен теріске шығаруға қарай тартады. Мұндай адам ешқашан иман келтіруге әзір болмайды.
2.Аспандық барлық кітаптар бір мақсат пен бағытты ұстанады. Сол себепті күпіршіл адамдар олардың ешқайсына иман келтірмейді.
3.Күпіршілік пен шерк және дінсіздік – адамның өзі мен пайғамбарлардың хақына қатысты үлкен зұлымдық.
4. Діни мәдениетте өзіне зұлымдық жасау да зұлымдықтың дәлелдерінің бірі саналады.
5. Иман қияметте құтылудың факторы болады.
«Саба» сүресінің 32-33 аяттары:
«قَالَ الَّذِینَ اسْتَکْبَرُوا لِلَّذِینَ اسْتُضْعِفُوا أَنَحْنُ صَدَدْنَاکُمْ عَنِ الْهُدَى بَعْدَ إِذْ جَاءَکُم بَلْ کُنتُم مُّجْرِمِینَ»، «وَقَالَ الَّذِینَ اسْتُضْعِفُوا لِلَّذِینَ اسْتَکْبَرُوا بَلْ مَکْرُ اللَّیْلِ وَالنَّهَارِ إِذْ تَأْمُرُونَنَا أَن نَّکْفُرَ بِاللَّـهِ وَنَجْعَلَ لَهُ أَندَادًا وَأَسَرُّوا النَّدَامَةَ لَمَّا رَأَوُا الْعَذَابَ وَجَعَلْنَا الْأَغْلَالَ فِی أَعْنَاقِ الَّذِینَ کَفَرُوا هَلْ یُجْزَوْنَ إِلَّا مَا کَانُوا یَعْمَلُونَ»
Өздерін ірі санағандар езілгендерге: “Сендерге тура жол келгеннен кейін сендерге біз бөгет болдық па? Керісінше өздерің күнәкар едіңдер” дер. (32)
Езілгендер өздерін ірі санағандарға: “Күндіз-түні қулықпен Аллаға қарсы келуімізді, Оған теңеулер жасауымызды әмір етуші едіңдер” дер. Сондай-ақ, азапты көрген кезде ішінен өкінеді; қарсы келгендердің мойындарына бұғаулар жасадық. Оларға істегендерінің ғана жазасы беріледі. (33)
Осы аяттарда «езілгендер» мен «үстемшілдер» деген сөздер бірнеше рет қолданылған. «Езілгендер» – көздері мен құлақтары жабық күйде басқалардың соңдарынан еретіндер, өздерінің ақылдары мен ойларын қолданбайтындар; «үстемшілдер» – билік пен байлықты теріс пайдаланып, басқаларға үстемдік ететіндер.
Үстемшілдер халықты соңдарынан еруге мәжбүрлемейді. Олар әртүрлі жарнамалық бағдарламалары және мәдени әртүрлі құралдары мен шеркке толы ойларын қолданып, үгіт-насихат жасайды. Соның салдарынан адамдардың бір тобы пайғамбарлар мен аспандық кітаптардың тағылымдарынан бас тартып, үстемшілдердің алдамшы жарнамаларына ереді. Үстемшілдердің бағдарламалары мен жарнамаларында ұсынатындар көптеген адамдардың нәпсілік тілектері мен шәһуаттық ләззаттарымен үйлеседі. Себебі, үстемшілдердің соңдарынан ергенде құлақ пен көз және тілді бақылаудың қажеті жоқ.
Осы аят аталмыш екі топтың әңгімелерінен келтіретін бейне – билік пен байлық иелерінің алдау әрекеттерінің жауапкершіліктен қашу үшін қабылдауға келетін ақтау емес екендігі. Сауаты төмен, хабары аз болса да адам ләззат пен шәһуаттың орнына Құдай оның болмысына аманатқа берген ақыл мен таза негізді іздеуі керек
Үстемшілдер халықты адастырудағы рөлдерінің мөлшеріне орай жазаланады. Бірақ, езілгендер олардың алдаушылықтарын өздерінің күнәға батқандықтары үшін ақтай алмайды. Олар жауапкершілік жүгінен қашып құтыла алмайды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Қоғам бұзылған болса да, әрі адамдарға теріс әсер етуіне қарамастан оларды бұзақылық пен адасушылыққа мәжбүрлей алмайды. Сол себепті ешкім өзінің күнәлары мен қателерін қоғамның мойнына аса алмайды.
- Қияметте өзінің күнәсін басқаның мойнына асуға болмайды. Яғни, ешкім басқаның күнәсына жауап бермейді.
- Пайғамбарлар мен аспандық кітаптардың дауыстарын естіген адам оны қабылдамаса, қияметте оған жауап беруі тиіс болады.
- Билік пен байлыққа ие үстемшілдер күні-түні өз ойларын халықтың арасында жарнамалап, үстемдік ету үшін олардың ойлануына рұқсат бермеуге күш салады. Олар осы тәсілдерімен халықты Құдайдың жолынан тосады.
- Адасқан адамдар басқаларды да теріс жолға шақырады. Оларды жамандықтардан тосудың орнына жаман, бұрыс істерге шақырады. Осылайша қоғамды өздерімен қосып адастырады.