«Саба» сүресі, 769-шы бөлім, 34-37 аяттар
«Саба» сүресінің 34-36-37 аяттарының тәпсірі
بسم الله الرحمن الرحیم
«Саба» сүресінің 34-35 аяттары:
«وَمَا أَرْسَلْنَا فِی قَرْیَةٍ مِّن نَّذِیرٍ إِلَّا قَالَ مُتْرَفُوهَا إِنَّا بِمَا أُرْسِلْتُم بِهِ کَافِرُونَ»، «وَقَالُوا نَحْنُ أَکْثَرُ أَمْوَالًا وَأَوْلَادًا وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِینَ»
Бір кентке ескертуші жіберген болсақ, әсіресе олардың байлары: “Рас, сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз” деді. (34)
Сондай-ақ олар: “Біз көп мал мен балаларға иеміз. Сондықтан азапқа душар болмаймыз” деді. (35)
Алдыңғы бағдарламада қияметтегі үстемшілдер мен әлсіздердің сұхбаты айтылды.
Осы аяттар былай дейді: «Илаһи нығметтерге масаттанып, жақсы өмір сүріп, сауық-сайран салып, той-тойлап жүрген үстемшілдер өздерін басқалардан артықпыз деп ойлайды. Олардың белгісі – орасан байлықтары мен әулеттерінің атақ-даңқы».
Бұл топ пайғамбарлардың сөздеріне құлақ аспайды. Себебі, әдетте пайғамбардың жанына мақұрымдар мен әлсіздер жиналады. Байлар қоғамның әлсіз топтарымен бірге отыруды өздеріне ар санап: «Біз пайғамбарлар мен олардың кітаптарына иман келтіруге әзір емеспіз. Егер, тіпті қиямет болса да Құдай бізді азаптамайды. Себебі, Құдай бізді жақсы көретіндіктен бізге көп байлық пен перзент сыйлады» деп тура мәлімдейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Байлық пен биліктің кейде адамның көзін көрге айналдыратыны сондай, олар ешбір дәлел мен қисынсыз пайғамбарлардың тағылымдарын теріске шығарып, хақ сөзді қабылдамайды.
2. Бұл дүниеде байлыққа ие болу Құдайға жақындықтың белгісі емес, керісінше адамның нығметтерге ие болуы оған жауапкершілік жүктейді.
3.Бақуаттылық талап ету егер менмендік пен масаттыққа соқтырса, адамды Хақпен қырсығуға душар етеді.
3. Бұл дүниедегі байлық пен бақуатталық ақыреттегі тыныштық пен рахаттың белгісі емес. Осы дүниені сауық-сайранмен өткізетін қаншама ауқатты адам ақыретте азапқа душар болады.
«Саба» сүресінің 36 аяты:
«قُلْ إِنَّ رَبِّی یَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَن یَشَاءُ وَیَقْدِرُ وَلَـکِنَّ أَکْثَرَ النَّاسِ لَا یَعْلَمُونَ»
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сөз жоқ, Раббым кімге тілесе, несібесін кеңітіп, тарайтады, бірақ адамдардың көбі түсінбейді” де. (36)
«Үстемшілдер осы дүниедегі бақуатталықты Құдайдың мейірімі мен өздерінің ақыреттегі тыныштықтарының белгісі санайды» деген аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Ырзықтың артуы немесе кемуі – илаһи мейірімнің немесе илаһи қаһардың белгісі емес; кімнің байлығы көп болса, сол Құдайдың мейіріміне бөленді, кедей Алланың қаһарына ұшырады дейтіндей емес».
Ырзықтағы айырмашылық хикмет пен мәслихатқа негізделген. Құдай жаратылыс жүйесін соның негізінде жаратқан. Оның илаһи мейірім немесе қаһармен байланысы жоқ.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Нығмет беру мен одан айыру Алланың мейірімі немесе қаһарының белгісі емес, Алланың хикметі мен мәслихатына бағынады.
2.Пайғамбарлардың міндеттерінің бірі – халық Құдаймен теріс байланыстырмауы үшін олардың бұрыс ойлары мен сенімдерін түзету. Мәселен, адамдар орасан байлықты Құдайдың мейірімі мен рақымының белгісі деп ойламауы керек.
3. Байлық пен перзенттерді өзіміздікі емес, Құдайдікі деп санайық. Жұмыс пен билік және ырзық пен бақуаттылықтың басқа да делдалдары бізді ырзық беруші Құдайдан қапыл қалдырмасын.
«Саба» сүресінің 37 аяты:
«وَمَا أَمْوَالُکُمْ وَلَا أَوْلَادُکُم بِالَّتِی تُقَرِّبُکُمْ عِندَنَا زُلْفَى إِلَّا مَنْ آمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَأُولَـئِکَ لَهُمْ جَزَاءُ الضِّعْفِ بِمَا عَمِلُوا وَهُمْ فِی الْغُرُفَاتِ آمِنُونَ»
Малдарың да, балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ, кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ, олар аман-есен жоғары орындарда болады. (37).
«Тағабун» сүресінің 15 аятына сәйкес, Алланың барлық нығметі, соның ішінде байлық пен перзент – Алланың сынағының құралы. Көптеген байлық иелері, ықпалды адамдар илаһи нығметтерді өте жақсы жолдарда пайдаланып, игі істер жасап, мұқтаждарға қызмет көрсетумен айналысып жатыр.
Мұндай адамдарға ақыретте Алланың сауабы нәсіп болады. Керісінше, байлықтары осы дүниеде жандары үшін пәлеге, ақыретте азаптарына себеп болатын қаншама сараң адамдар бар.
Мұнымен қатар қиыншылықтарға төзіп, қылмысқа бармайтын мақұрымдар қаншама. Олар ақыретте өздерінің сабырлығы мен шыдамдылықтарының сыйын Құдайдан алады. Сондай ақ, кедейшілік пен қиындықтарын өздерінің бұрыс, теріс әрекеттерін ақтау үшін, адамдардың мал-мүліктеріне қолсұғушылық шгін пайдаланатын қаншама кедей бар.
Аяттың жалғасы Құдайдың алдындағы сүйікті болудың өлшемі мен мизанын иман мен түзу ғамал деп атап: «Адамдардың үйлері мен көліктері және тұрмыстарына көңіл аударудың орнына олардың істеріне көңіл аударыңдар. Егер істері түзу болса, Құдай жолында еңбек етуде. Олар бай болсын, кедей болсын – бақытты. Бірақ, егер күпіршілік пен жаман, жағымсыз істермен айналысса, бай болсын, кедей болсын осы дүние мен ақыретте бақытқа жетпейді» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Көп адамдар байлық пен перзентті бақыттың белгісі санайды. Құдайдың жанында иман мен түзу ғамал ғана адамның бақыты мен құтылуының факторлары саналады.
2. Байлық пен перзент, мүмкіндіктерге ие болу маңызды емес. Егер осы мүмкіндіктер дұрыс жолда, иман мен түзу ғамал жолында қолданылса, адамның дамуы мен кемелдікке жетуінің құралы болады.
3.Құдайдың жазасы адамның қылмыстары мен бұрмалаушылықтарына сәйкес. Бірақ, илаһи сыйлар Құдайдың мейірімі мен хикметі негізінде болғандықтан адамның жақсы істерінен бірнеше есе көп болады.