Там 27, 2018 20:11 Asia/Almaty

Ауыл шаруашылығы -1 БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының статистикалық мәліметтері Иранның әлемде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ең ірі елдердің бірі екенін көрсетеді. Бұл ел өзінің азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етумен қоса, Парсы шығанағы маңындағы елдердің де қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыр. Иран негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бірі бойынша әлемде үздік орындарға ие.

Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және ауыл шаруашылығын дамыту әрдайым мемлекеттердің маңызды мақсаттарының бірі болып келеді. Ауыл шаруашылығы секторы әлемде экономиканың стратегиялық салалардың бірі саналады. Ауыл шаруашылығы секторында азық-түлікпен қамтамасыз етудің маңыздылығы әлем тұрғындары санының күн сайын артып келе жатқанын назарға алғанда еселене түседі. Дүниежүзілік Азық-түлік ұйымының болжамы бойынша, әлем халқының саны алдағы 40 жылдың ішінде 9 млрд адамға жетеді. Су мен жер сияқты маңызды ауыл шаруашылығы көздері жыл өткен сайын азайып барады. Осы мәселемен бірге климаттың өзгеруі және жер шарының жылынуы сияқты факторлар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жағдайын жыл өткен сайын қиындатып барады. Мұнымен қоса, әлемдік статистикалық мәліметтер ауыл тұрғындары санының азайып бара жатқанын көрсетіп отыр. Соңғы онжылдықта ауылда тұратын адамдар саны пайыздық есеп бойынша әлем тұрғындарының жалпы санынан азайған. Бұл үдеріс бүкіл әлем бойынша байқалып отыр. Ауыл тұрғындарының азаюынан туындайтын теріс салдарлар даму үстіндегі елдерде көбірек байқалады. Даму үстіндегі елдердің тұрғындарының көбінің ауылдарда тұратынын ескерсек, бұл елдердегі ауыл шаруашылығы әлеуметтік және тұрмыстық тұрғыдан өте маңызды. Дамыған елдердеауыл шаруашылығыэкономикалық қайтарымы бар өндіріс саласы болып табылады.

Ауыл шаруашылығының адам өміріндегі маңыздылығы

Ауыл шаруашылығы – тарихтағы адамның ең көне өндірістік белсенділіктерінің бірі. Бүгінде экономикалық даму тұрғысынан халық санының артып келе жатқан үдерісінде азық-түлікпен қамтамасыз етіп,  тағамдық қауіпсіздікті сақтау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру арқылы бағалы тауарларды импорттау үшін қажет капиталмен қамтамасыз ету, өнеркәсіпке қажет шикізаттар ұсыну, өндірістік белсенділіктер мен қосалқы салалардың дамуына көмектесу ауыл шаруашылығы секторының маңызды міндеттерінің қатарын құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру бір жағынан шетелден азық-түлік сатып алуға деген қажеттілікті азайтып, елдердің сауда таразысын оңалтады. Екінші жағынан, бұл сала өнеркәсіп секторымен салыстырғанда инвестицияны азырақ қажет етеді. Ауыл шаруашылығы секторының  маңыздылығына байланысты мамандар бұл секторды дамуға қолайлы жағдайға ие елдер үшінэкономиканы қарқындатуда маңызды рөл атқара алады деп санайды. Осы тұрғыдан ауыл шаруашылығы көптеген елдерде дамудың өзегіне айналған.

Дүниежүзілік азық-түлік ұйымыныңдереккөздеріне сәйкес, әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі құрамы 66 өнімнен,соның ішінде 41 егін шаруашылығы және 25 мал шаруашылығыөнімдерінен тұрады. Алайда, бұл әлемде тек 66 ауыл шаруашылығы өнімі ғана өндіріледі деген мағынаны білдірмейді, керісінше, осынша өнімнің әлемнің ауыл шаруашылығы құрылымында негізгі өнімдер ретінде қарастырылатынын білдіреді. Дүниежүзілік саудаға келетін болсақ, әлемде ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты мен экспорты басты 35 өнімге негізделген. Әлем елдері арасында 64 ел егін шаруашылығы өнімдерін, 55 ел мал шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы болып табылады. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, бүгінде әлемнің 200-ден астам елі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында жұмыс істеп жатыр.

Иран ауыл шаруашылығымен айналысатын елдердің қатарына жатады. Иранда ауыл шаруашылығы секторы аса маңызды орынға ие. Иран жерінің үштен бірі ауыл шаруашылығына жарамды. БҰҰ-ға қарасты Дүниежүзілік Азық-түлік және ауыл шаруашылығыұйымыныңстатистикалық мәлімметтері көрсеткендей, Иран – әлемде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін негізгі елдердің бірі. Бұл ел өзінің азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етуімен қоса, Парсы шығанағы маңындағы елдердің де қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Шын мәнінде, Иран негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бірінде әлем бойынша үздік орындарға ие.Статистика бойынша, Иран 20-дан астам ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде әлемнің алғашқы жеті елінің қатарына жатады. Иран 15 негізгі бау-бақша өнімін өндіретіндігіне байланысты бау-бақша өнімдерінің алуандығы тұрғысынанәлемде үшінші орын алады. Сонымен қатар Иран 10 ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау тұрғысынан әлемде біріншіден оныншыға дейінгі орындарда тұр. Иранныңауыл шаруашылығы секторындағы экспорттың ең үлкен көлемі салмақ тұрғысынан егін шаруашылығы, бау-бақша, мал және құс шаруашылығына тиесілі болып отыр. Бірақ, құндылық тұрғысынан ең көп табыс бау-бақша, мал мен құс шаруашылығы және егін шаруашылығы өнімдеріне тиесілі. Ирак, БАӘ, Ауғанстан, Ресей, Түркия, Пәкістан, Испания, Қытай, Гонконг, Үндістан мен Қазақстан Иранның ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайтын нарықтардың қатарына жатады.

Иранда әртүрлі дақылдарды егу

Иранның брендіне айналған шафран мен пісте сияқты кейбір ауыл шаруашылығы өнімдерімен қатар бұл ел құрма мен сары өрік өндіру тұрғысынан әлем бойынша екінші, бадам, шие, қияр, қарбыз өндіру тұрғысынан үшінші орында тұр. Иран алма, айва, жаңғақ, інжір, шабдалы, ащы лимон, пияз, қызанақ, фундук, апельсин, өрік, киви, бал, шай, баклажан, картоп, арпа мен соя сияқты 29 маңызды ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласында әлемдегі алғашқы 20 елдің қатарына жатады. Иран құрмасының Үндістан сияқты кейбір елдерде танымалдығы зор, сатып алушылары көп. Иранның қарбызы – Ирак елінде көп тұтынушысы бар валюта әкелетін өнімдердің бірі. Ақ және қызыл орамжапырақтар Иранның ең көп сатылатын және валюта әкелетін өнімдерінің қатарына жатады. Иранның анарын Оңтүстік Корея сияқты кейбір елдер сатып алып, концентратқа айналдырып, кейін оны қымбатқа  сатады. Иран күріш, күнбағыс дәні, ет пен сүт сияқты өнімдерді өндіретін маңызды елдердің қатарына жатады.

Бүгінде бір елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік нарыққа енгізу үшін халықаралық маркетингтің арнайы көрсеткіштері мен критерийлерін  сақтау қажет. Бұл көрсеткіштер  саяси және сауда қаупін, аймақтың жағдайы мен экономиканың тұрақтылығынан бастап, жан басына шаққандағы табыс көлемін, тұтынушылардың санын және нарықтың потенциалды өсуін қамтиды. Бүгінде сауда әлемінде көздеген елдің сауда саясаты мен  оның жергілікті ұсынушыларынан, бәсекелестері мен басқа шетелдік ұсынушыларға әсер ететін факторлар мен баға белгілеу тәсілдерінен хабардар және тарату мен ілгерілету  шараларын білетін ел ғана экспорт ісінде сәттілікке қол жеткізеді. Көзделген нарыққа қолжетімділік, географиялық қашықтықты назарға алу, тасымал құны мен мәдени ортақтықтардың көлемін білу экспорттаушы елдер үшін әртүрлі өнімдер, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін тиімді нарықты анықтауға ықпал ете алады.

Ирандағы ауыл шаруашылығы

Мамандандырылған көрмелер өткізіп, соларға қатысу өнімді өткізетін нарық табуда маңызды әрі тікелей жолдардың бірі болып табылады. Әлемде көрме индустриясының қалыптасу тарихы шамамен 3500 жылды қамтиды. Қазіргі қалыпта көрме өткізу 19 ғасырдың ортасында индустриялды елдерде басталып, әлемнің түкпір-түкпіріне таралды. Иранда ауыл шаруашылығы саласында көрмелер өткізудің мақсаттары тамақ өнімдері мен соған қатысты өнеркәсіптік салалардағы жаңа өнімдермен таныстыру, өнімдер мен соған қатысты қызметтермен алмасу, жаңа нарықтар табу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу өнеркәсібі, машиналар мен әртүрлі құралдар жасау, мал және құс шаруашылығына қатысты шикізат өндіру, қаптау өнеркәсібі, консалтингтік компанияларды таныстыру, тәжірибе алмасу, отандық және халықаралықкомпаниялар арасында сауда қарым-қатынастарын дамытуболып табылады. Сонымен қатар ирандық белсенділер мен өндірушілер басқа елдерде өтетін көрмелерге қатысу арқылы ирандық өнімдерді басқа елдерге танытып, жаңа нарық ашуға талпыныс жасап жатыр.

Иранның "Сабз" атты халықаралық мамандандырылған  көрмесі

Иранның "Сабз" атты халықаралық мамандандырылған  көрмесі (Iran Green Trade Fair) органикалық ауыл шаруашылығы мен бау-бақша өнімдері саласына арналды. "Иранның егін шаруашылығы күндері" атты халықаралық көрме егіншілерге жаңа ғылымижетістіктерді таныстырды. Теһранда "Agrofood" Азияныңауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі деп аталатын ең іріхалықаралықкөрме әлемнің 37 елінен келген 1500-ден астам отандық және шетелдік компаниялардың қатысуыменауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, ауыл шаруашылығы машиналары мен қосалқы салалар тақырыбында өтті. Farm көрмесі егін және мал шаруашылығын механизациялау, ауыл шаруашылығын индустрияландыру тақырыбында өтті. Осы көрмелердің барлығы Иранда соңғы бірнеше айда өткен көрмелер болып табылады. Өткен жылғы көрмелердің арасынан "Иран Экспо-2017" көрмесіне тоқталуға болады. Іргелі ғылымға негізделген  компаниялар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар осы көрмеге қатысып, ИИР-ның экспорттық потенциалын жұрт назарына ұсынды. "Иран Экспо-2017" көрмесі Теһранда 2017 жылдың  қазан айының 31 мен қараша айының 3 күндері өтіп, отандық және шетелдік іскерлерді қабылдап, әртүрлі салаларда, соның ішіндеауыл шаруашылығы өнімдері саласында сауда келісімдерінің жасалуына септігін тигізді.   

Тегтер