Там 27, 2018 20:16 Asia/Almaty

Денсаулық туризмі-5 Медициналық туризмнің әлемдік үндеуі «Мүмкіндіктер мен қызметтер дамыған елдер деңгейінде, бағалар даму үстіндегі елдер деңгейінде» деп аталады.

Медициналық туризмнің әлемдік үндеуі «Мүмкіндіктер мен қызметтер дамыған елдер деңгейінде, бағалар даму үстіндегі елдер деңгейінде» деп аталады. Бүгінде елдер индустрияланып, адамдар әртүрлі психикалық және физикалық ауруларға душар болғаннан кейін денсаулық туризмі әлемдік туризмнің дамып жатқан салаларының біріне айналды. Дүниежүзілік туризм ұйымының статистикалық мәліметтері бойынша, әрбір 7 шетелдік туристің  орнына қабылдаушы елде бір жұмыс орны ашылады. Денсаулық туризмінде 4 адамға бір жұмыс орны ашылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептері бойынша, Иран медициналық қызмет көрсету саласындағы деңгейінің жоғары, емдеу құнының төмен және тиісті медициналық инфрақұрылым мен тәжірибелі мамандарға ие байланысты денсаулығын жақсартуды қалайтын туристерді тарту үшін ең жақсы таңдау болып табылады.

Диагностикалық және емдеу орталықтары, жақсы жабдықталған ауруханалар, дамыған мүмкіндіктер, білікті дәрігерлер мен мамандар, тәжірибелі ота жасаушылар мен емдеу командасының болуы, жаһандық стандарттарға сәйкес сапамен және дамыған елдердегі бағалардан әлдеқайда аз шығынмен өте күрделі оталарлар жасау, соның ішінде жүрек және қан тамырларына, ми және жүйке жүйесіне ота жасау, жүрек, бүйрек пен жұлынды трансплантациялау, теріні емдеп, косметологиялық оталар жасау, стоматологиялық және параклиникалық дамыған қызметтер көрсету ИИР-да медициналық туризмнің дамуына жақсы жағдай жасады. Емделу үшін келген туристер Иранның көптеген қалаларында осы медициналық қызметтердің түрін пайдалана алады. Сондай қалалардың бірі – Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының орталығы Шираз қаласы. Тарихи және мәдени қала Шираз мол медициналық мүмкіндіктерімен Иранның медициналық туризм саласындағы мақсатты нарықтарының бірі саналады.

Шираз қаласы 4000 жылдық тарихымен шамамен 60 жыл бұрын Иранның оңтүстігіндегі медициналық туризмнің полюсі болып танылды. Жыл сайын көршілес елдерден, әсіресе Парсы шығанағы елдерінен мыңдаған адам осы қалаға емделуге келеді. Қаладағы ондаған мамандандырылған және жоғары мамандандырылған аурухана білікті дәрігерлердің көмегімен  медициналық қызметтердің ауқымды спектрын ұсынады. Шираз қаласындағы жеке және мемлекеттік ауруханалар медициналық қызмет көрсету сапасы мен халықаралық стандарттарды сақтау тұрғысынан Шираз медициналық ғылымдар университеті мен осы қаланың медициналық жүйе ұйымының бақылауына алынған. Медициналық туризм бағдарламаларына қатысуға рұқсаты бар компаниялар мен Шираз қаласының ауруханаларына келгісі келетін шетелдік туристердің өкілдері өздерінің заңды құқықтары жайында ақпарат алу үшін аталған ұйымдармен хабарласа алады. Шираз медициналық ғылымдар университетінің емдеу департаментінің медициналық туризмді басқару бөлімі осы қалада емдік туризмге қатысты механизмдерді дамытуға жауапты орган болып табылады. Шираздың заманауи құралдармен жабдықталған емдеу орталықтарында ирандық және шетелдік науқастарға көрсетілетін ауқымды медициналық қызметтердің қатарын бауыр, бүйрек, ұйқы безі, жұлын сияқты дене мүшелерін трансплантациялау, жүйке тамырына пластикалық ота жасау, MRI зертханалық сынақтарын өткізу, бауыр тамырларына пластикалық ота жасау, обыр ауруларын емдеу үшін химиятерапия мен радиотерапия жасау, заманауи тәсілдер мен ең дамыған мүмкіндіктерді пайдаланып көзге әртүрлі ота жасау, әралуан косметологиялық амалдар жасау, тері мен шашқа арналған қызметтер көрсету, арықтауға арналған ең тиімді техникаларды пайдалану, жүрек пен қан тамырларына дамыған оталар жасау, ортопедиялық қызметтер – жамбас сүйегі мен тізе буындарын ауыстыру, әйелдердің бедеулігі мен ерлердегі белсіздікті әртүрлі тәсілдермен емдеу және IVF жасау. Сонымен қатар сирек кездесетін оталар жасау, соның ішінде  мидің электрлік қозуына ота жасау, жамбас сүйегіндегі ісікті алып тастау, сәбилердің таңдайының жарылуын емдеу, бауыр мен бүйректі бір мезгілде трансплантациялау және басқа да ондаған сирек ота жасау Шираз қаласындағы мамандандырылған орталықтардың медициналық мүмкіндіктері мен дәрігерлерінің қарым-қабілетін көрсетеді.

Шираз әрдайым елдің оңтүстігіндегі және Таяу Шығыстағы медициналық полюс  саналғандықтан 800 га жерге қазіргі замандағы ең дамыған мүмкіндіктерге ие бір медициналық қалашық салып, ең тәжірибелі жергілікті мамандандарды пайдалану осы қалада жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі болып отыр. Шираз медициналық қалашығын салу жобасы ауруханалар мен басқа емдеу кеңістіктері, қонақ үйлер, клиникалар мен емханалар, тұрғын аудан, демалыс орталықтары, қарт адамдар, физикалық науқастар мен мүгедектерді оңалдыру орталықтарын қамтып, медицина саласында науқастарға жоғары сапалы қызметтер жиынтығын ұсынатын болады.

Шираз медициналық қалашығын салу жобасы

Жүрек және қан тамырлары аурулары мен содан туындайтын қиындықтар –  қазіргі замандағы медициналық орта мәселелерінің бірі. Зерттеушілердің айтуынша, 2015 жылы әлемнің түкпір‑түкпіріндегі 18 млн-ға жуық адам жүрек ауруына байланысты жантәсілім еткен. Қазіргі таңда әлемде 400 млн-нан астам адам жүрек және қан тамырлары ауруына шалдыққан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамдарына сәйкес, жүрек және қан тамырлары аурулары 2020 жылға дейін әлемнің түкпір‑түкпіріндегі өлім-жітімнің басты себебі болады. Жүрек ауруы көбінесе 40 жастан асқан адамдардан байқалғанымен кез келген жаста болуы мүмкін. Әйелдер арасында да бұл аурудың артып келе жатқанына қарамастан, ерлер арасында жүрек және қан тамырлары аурулары кеңірек таралған. Қалалық өмірдің салдарлары, соның ішінде семіздік аталмыш аурудың арту факторларының бірі болып отыр. Бүгінде әлемде 1 млрд-қа жуық адам артық салмақтан қиындық шегуде. Диабет, шылым шегу, аз қозғалу, күйзеліс, қобалжу, қан қысымы мен басқа да генетикалық мәселелер жүрек және қан тамырлары ауруларына шалдығудың басты факторлары болып отыр. Ауыз қуысындағы қабынулар, ауаның ластануы, жүктілікке қарсы дәрілер, аз ұйықтау, қан майлылығының артуы және кейбір жұқпалы аурулар осы дертке шалдығудың келесі себептері болып табылады.

Иранның медициналық ғылымы жүрек және қан тамырлары саласында айтарлықтай дамығандықтан әлемнің жүрек саласындағы көрнекті дәрігерлері мен хирургтары Иранның осы саладағы жетістіктерін мадақтауда. Иран дәрігерлері әлемнің түкпір‑түкпірінде жақсы танылған. Германияда көптеген ауруханалардың басшылары – ирандықтар. АҚШ-тағы көптеген жоғары мамандандырылған дәрігерлер – ирандықтар. Бұл жағдай Иран медицинасы үшін үлкен жарнама болып табылады. Сонымен қатар Иран – Таяу Шығыстағы ең қауіпсіз ел. Бұл Иранның денсаулық туризмі үшін үлкен артықшылықтардың бірі саналады. Иран жүрек және қан тамырлары ауруларын емдеу және ота жасауда өте жақсы орынға ие. Иранның жүрек және қан тамырлары ауруын зерттеу орталықтары генетика, биохимия, жасушалық биология, фармацевтика, иммунология мен басқа да салалар зерттеушілерінің білімдерін пайдалану арқылы науқастарға көрсетілетін қызметтерді бағалаумен қоса, жаңа емдеу тәсілдері (діңгекті жасушалар) және жаңа диагностикалық тәсілдерді (генетика)жүрек және қан тамырлары ауруын емдеу қызметтері жүйесіне ұсынады.

Шираздағы денсаулық туризмі

Жүрек және қан тамырлары аурулары саласында мамандандырылған көрнекті орталықтары бар Иранның қалаларының қатарына Хорасан-е Разави облысында орналасқан қасиетті Мешхед қаласы жатады. «Джавад ул-Айеме» атты жүрек және қан тамырлары ауруларын емдеу қайырымдылық ауруханасы – әртүрлі ота жасау, экокардиография, радиология, доплерлік сонография (УЗИ), толық жабдықталған ICU мен CCU арнайы күтім бөлімдері, ядролық медицина, реабилитация бөлімі, оқыту және зерттеу, диагностикалық амалдар, балалар мен жасөспірімдердің ауруларын емдеу, ашық ота жасамай-ақ анжиография арқылы жүректің ақауларын жөндеу, жүректің табиғи емес электр жолдарын жою арқылы жүрек қағысындағы ауытқуларды емдеу сияқты бөлімдерден тұратын Мешхедтің емдеу орталықтарының бірі.  Бұл аурухана шетелдік науқастар бөліміне байланысты басқа елдердің азаматтарына қызмет көрсетуге толық дайын. Аурухана сайты –http://javadalaemehosp.ir

Мешхед қаласындағы емдеу орталықтарының бірі – жоғары мамандандырылған әрі толық жабдықталған Разави ауруханасы (http://virtualtour.razavihospital.com). Бұл аурухана денсаулық туризмі саласында Ирандағы сәтті емдеу орталықтарының бірі ретінде танылған.  Разави жоғары мамандандырылған ауруханасы қызмет көрсету сапасын арттыру және денсаулық туризмі саласындағы халықаралық стандарттарға қол жеткізу үшін Канаданың ACI, Германияның TEMOS халықаралық сертификаттарын алған. Халықаралық стандарттар аурухананың құрал-жабдықтар, қоршаған орта, тиісті тараптардың құқығын сақтау, дәрі-дәрмек, санитария, күтім, ем алу, тамақтану саласында науқастардың құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау, адам күшін, физикалық ресурстар мен қаржы көздерін пайдалану тәсілі сияқты бөлімдерде қызмет көрсету сапасының критерийі болып табылады. Разави ауруханасында көрсетілетін медициналық қызметтердің жоғары сапасы мен тиімді бағасы шетелдік науқастарды тартудың басты екі факторы болып табылады.

Мешхедтегі Разави ауруханасы

Бұл аурухана басқа елдердің науқастарына өз қызметтерін парсы, ағылшын, араб, орыс, тәжік және түрік тілдерінде көрсетеді. Сіз Разави ауруханасының Денсаулық туризмі бөліміне төмендегі сайт арқылы хабарласа аласыз. (http://virtualtour.razavihospital.com/en)

Тегтер