Қыр 11, 2018 16:47 Asia/Almaty

Кербала оқиғасы мен имам Хусейн (ғ.с.)-ның ерлігі Әмавилердің зұлымдығы мен үгіт-насихаттық шаң-тозаңның арасында жасырылған шындықты әшкереледі.

Имам кез келген мұрсатын илаһи аяттарды оқып, адамдардың рухын тазартып, оларды дұрыс жолға нұсқауға талпыныс жасады. Сондай-ақ, қайда тұрғаны, не үшін көтерілгені және қарсы шепте тұрған адамдар туралы ескертті.

Құран Кәрім мен Исламның ұлық пайғамбарының әулеті шындықтың екі көрінісі. Олардың әр біреуі Алланың рақымы мен махаббаты және дұрыс жолға нұсқаудын көрінісі. Егер Құран мен Исламның ұлық пайғамбарының екеуінің бірін таңдасақ, екіншісіне жол табамыз. Құранның тереңдігі туралы ойланып, пайғамбар әулетінің ойлары мен ғамалдарын талқылау арқылы Құран аяттарының мағынасын түсінеміз. Жаратылыс жүйесінде жаратылған әлем пәк имамсыз күш-қуатқа жетпейді. Құран аяттары имамсыз іске асырылмайды. Әйгілі «Сақалаин» хадисі Алла елшісінің өмірінің соңғы сәтінде: «Мен кетіп барамын. Бірақ, араларыңда екі құнды нәрсені қалдырамын: оның бірі Алланың кітабі – Құран Кәрім; екіншісі – әулетім. Еш уақытта олар бір-бірінен бөлінбей, Кәусар хауызының қасында маған қосылады»,- дегенін жеткізеді. Имамдардың арасында Хусейн бен Әли (ғ.с.) –ғиззат пен азаттықтың, жиһадтың басшысы ретіндегі ерекшеліктерге ие. Ол шамамен алты жыл пайғамбардың қасында, уәхи орталығында тәрбиеленіп, Құранның жүрекке қонымды үнін тыңдап, терең білімге ие болды. Ол Құран Кәрімнің рухани тартымдылығына қызығып, илаһи аяттарды оқып, сараптады. Имам Хусейн (ғ.с.) үшін Құран – білім мен өмір заңдарының шексіз мұхиты. Сондықтан оны ойлап, түсіну қажет. Имам Хусейн (ғ.с.): «Алланың кітабы сөздер мен сырлар, хикаялар мен шындықтар деген төрт нәрсеге табанды. Сөздер – халық үшін, ишаралары мен сырлары – ерекше пенделері, хикаялары – әулиелер үшін, шындықтары – әмбиелері мен пайғамбарлар үшін. Яғни, әр адам өзінің түсіну мүмкіндігіне қарай оны пайдалана алады. Рауаяттарда Абдурахман Салмидің имам Хусейн (ғ.с.)-ның перзентіне «Хамд» сүресін үйреткені және баланың әкесіне сол сүрені оқып бергені туралы айтылған. Хазірет Абдурахманға динар мен көптеген сыйлық берген. Кейбіреулер «Хамд» сүресін үйреткені үшін сондай сый сыйладыңыз таңғалғанда имам: «Мен сыйлағаным оның үлкен еңбегі үшін жауап бола ала ма?!»- деп жауап берген.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісі Ислам тарихының маңызды кезеңінен хиджри қамаридің 61-ші жылының Ашура күні өзінің ең жоғары толқынына жеткен ғибратқа толы Кербала оқиғасына айналды. Осы уақытқа дейін зерттеушілер, жазушылар мен өнерпаздар әртүрлі тұрғылардан оқиғаны зерттеп, әртүрлі талдаулар жасады. Солардың бірі – имам Хусейн (ғ.с.)-ның илаһи қозғалысында Құранмен бірге болғаны туралы. Имам Хусейн (ғ.с.) Мединеде болсын, Мекке мен Мединенің арасында болсын, сондай-ақ, Меккеден Кербалаға аттанған жолы мен Кербалада, яғни әртүрлі кезеңдерде Құран аяттарын оқып, бұл қасиетті кітапқа деген ықыласын білдіріп, жиналған адамдар мен келешек ұрпақтан Құран Кәрімнің ақыл-кеңестерінен пайдаланып, бұзақылық пен зұлымдықтың көріністерімен күресуді сұрады.

 

Муавиеден кейін оның абырой мен кісіліктен жұрдай ұлы Язид үкімет басына отырды. Ол өзінің бұзақылығы және біліксіздігімен танымал болған. Язид өз үкіметін күшейту үшін баршадан оған адал болу туралы уәде алуды бұйырды. Валид бен Утбе табиғи түрде Мединеде Язид үшін уәде алмаған соң Марван бен Хакам қорқытып, күш қолдану жолын таңдады. Оның мақсаты Хусейн бен Әли (ғ.с.)-нан адалдыққа ант алып, Язид үкіметін заңдастыру болды. Марван бен Хакам имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасына келген кезде имам Құран аятын оқып, Әмәви отбасының қысымдары мен қылмыстарына тоқталып, өз әулетімен таныстырып, Исламның ұлық пайғамбары әулетінің абыройы туралы еске салып: «Неткен қасірет, сен зұлымсың. Біз – Алла Тағала: «Әй, Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде, Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды» («Ахзаб» сүресі, 33-ші аят) деп айтқан отбасымыз. Құранның тілі бойынша, кемелдікке жеткен, имандары терең адамдар еш нәрседен қорықпайды да, алаңдамайды да» деді. Имам Хусейн (ғ.с.) өзінің тәухидтік көзқарасы және қырағылығымен Язидке қарсы шықты.

 

 

Тегтер