Қыр 16, 2018 14:29 Asia/Almaty
  • Имам Хосейн (ғ.с.)  көтерілісіндегі Құранның көрінісі 2

Құран Кәрім ғылым мен ақылды қуаттап, адамзат қоғамынан немқұрайдылық пен надандықты алыстатуды көздейді. Имам Хосейн (ғ.с.) немқұрайдылық пен бейжайлықтың адам мен қоғамды шырмайтын ең жаман ауру екендігін баса айтқан болатын.

Имам Хосейн (ғ.с.) Кербаладағы көтерілісімен жанкештілік, ерлік, махаббат және шындықты талап етуші ретінде танымал болды. Ешбір кезең мен ешбір мекенде шындық мұншалықты әдемі, салтанатты әрі айқын көрініс таппаған еді. Имам Хосейн (ғ.с.) дауыл тұрып,  қараңғылық  жайлап, шаң-тозаң көтерілген замандағы Құранның туын көтеруші болды. Хазіреттің зияратнамасынан: «Уа, имам Хосейн! Мен сіздің Алланың кітабының оқушысы болғаныңызға куәлік етемін»,- деп оқимыз.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қолымен жазылған Құран (Құдс Разави облысының мұражайында сақталуда)

Құран Кәрім ғылым мен ақылды қуаттап, адамзат қоғамынан немқұрайдылық пен надандықты алыстатуды көздейді. Имам Хосейн (ғ.с.) немқұрайдылық пен бейжайлықтың адам мен қоғамды шырмайтын ең жаман ауру екендігін баса айтқан болатын. Немқұрайдылық – жеке адам мен қоғамның барлық мәселелерінің себебі. Өйткені, немқұрайдылық танытқан адам немкеттілікке беріліпі, материалдық өмірдің сыртқы көріністерінен басқа еш нәрсе туралы ойламайды. Құран немқұрайдылықты құлдырау мен кері кетушіліктің негізгі факторы деп атайды. «Ағраф» сүресінің 179-шы аятында: «Рас, тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Олардың құлақтары  бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне, солар мүлдем қәперсіздер»,- деп айтылған. Немқұрайдылыққа батқан қоғам оятуды қажет етеді. Хақ пен бақыт жолына түсу тек шындықтарды түсіну арқылы ғана жүзеге асады. Имам Хосейн (ғ.с.) Құранның әдістері және илаһи сөздермен халықты оятып, қырағылыққа нұсқап, Алланың жолына түсуге шақырды. Ол Құранды мәңгілік мұғжиза деп атап, одан айқын дәлелдер келтіріп, «Анғам» сүресінің 157-ші аятының үзіндісін оқыды: «...Расында, сендерге Раббыларыңнан бір ашық дәлел, тура жол, мәрхамет те келді....».

Имам Хусейн (ғ.с.) барлық кезеңде Құранға жүгінді. Құранның хош әтірін хазіреттің барлық ғамалынан байқауға болады. Ахлағы мен ғамалдар Құранның берекелі аяттарының көрінісі болып, имам Хосейн (ғ.с.) Құран тағылымдарын жандандырып, қоғамға таратты. Хазірет қоғамның дамуы, қауіпсіздігі мен тұрмысын басшымен байланыстырып, исламдық басшының ең бірінші шартын иманы және илаһи заңдарға сай ғамал жасауы деп қуаттады. Өйткені, Алла Тағала: «Шын мәнінде саған Кітапты Алланың өзіңе көрсетуі бойынша адамдардың арасына үкім қылуың үшін шындықпен түсірдік. Сондықтан, қиянат жасаушыларға болысушы болма»,- деген. («Ниса» сүресі 105-ші аят). Басшының халыққа жақын болуы және халықтың, әсіресе ислам үкіметінің Алланың бұйрықтарына бағынуы – Құранның көптеген аяттарында баяндалған келесі шарт. Сондықтан Алладан басқаға бағынатын үкіметтер айыпталды. Ислам үкіметінің басшысы елді басқарады. Сондықтан, егер ол бұзақы болса, оның бұзықтығы барлық жерге таралып, кеңістікті ластайды. Егер басшы адал адам болса, оның адалдығы барлық жерге таралады. Имам Хосейн (ғ.с.) сан рет: «Язид пен оның үкіметі исламдық үкімет пен исламдық басшының ешбір шартына сәйкес келмейді»,- деп мәлімдеген болатын. Язид, тіпті Исламның сыртқы көріністерін де сақтамады. Ол арақ ішіп, бұзақы әрекеттер жасады. Сондай-ақ, Құранға қайшы әрі дінді теріске шығаратын өлеңдер оқыды. Ол исламды жақсы көрмеді, сондықтан исламға жаны ашымады. Сондықтан халық шайтанға бағынуға мәжбүр болып, Аллаға бағынбаушылық танытып, Алланың харам нәрсесін халал, керісінше халалын харам етті. 

Имам Хосейн (ғ.с.) Құран Кәрімге сүйеніп, халыққа иман мен тақуалыққа қарай жол нұсқады. Ол Кербалаға қадам басуының басынан-ақ халықты тек дұрыс жолға нұсқап, оларды құтқару туралы ойлады. Сол себепті оның ұлы қозғалысы Ислам тарихындағы ең танымал оқиға болды. Бұл қозғалыстың халыққа өте жақын болуы оны құнды әрі мәңгілік етті. Имам өмірінің барлық сәттерінде, әсіресе Әмәви үкіметінің залымдарына қарсы күресі мен шәһидтігі кезінде шындық пен жалғандықты танудың мизаны болды. Имам Хосейн (ғ.с.) Язидпен шайқасуға дайындалған кезде бауыры Мұхаммад бен Ханафие ағасына тосқауыл жасамақ болғанда имам: «Уа, бауырым! Алламен ант етемін, тіпті, егер дүниеде ешбір пана мен мекен таппасам да, Язид бен Муавиеге бият етпеймін»,- деді. Содан кейін өсиетнамасын жазып, өзінің мақсаты мен жолын қуаттады. Имам Хусейн (ғ.с.) Кербалаға аттанардан бұрын жазған өсиетнамасының соңында «Худ» сүресінің «..Табысты болуым Аллаға ғана байланысты. Оған тәуекел еттім әрі Оған бой ұсынамын» деген 88-ші аятын келтірдіСөйтіп, имам Хосейн (ғ.с.) «Әр адам өз міндетін орындауға міндетті әрі нәтижесіне кепілдік бере алмайды. Бірақ, әділет пен бейбітшілік орнатуға қарай қадам басып, бұл жолда әлемді жаратқан және істерді бақылаушы Жаратушыға иман келтіру керек» деген шындықты адамзаттың ой-пікірінде мәңгілікке тұрақтандырды. Аллаға иман келтірген адамдар бүкіл болмыстарымен илаһи заңдарды қабылдайды. Өйткені, Алла Тағала жақсылық пен әдеміліктен басқаны ұсынбайды.

 

 

 

 

Тегтер