Қыр 17, 2018 16:52 Asia/Almaty

Ашураның бас қаһарманы имам Хосейн (ғ.с.) Кербала жолында әртүрлі жерлер мен үйлерден өткен кезде ағартушылыққа толы сөздерімен адамдарды ойландырып, көтерілісін қолдау керектігін Құранның дұрыс жолға нұсқайтын аяттары арқылы қуаттады.

Ашураның бас қаһарманы имам Хосейн (ғ.с.) хиджри жыл санағы бойынша 60-шы жылдың ережеп айының 28 күні Мединеден шығып, 61-ші жылдың мохаррам айының 2 күні Кербалаға  жетті. Кербала жолында әртүрлі жерлер мен үйлерден өткен кезде ағартушылыққа толы сөздерімен адамдарды ойландырып, көтерілісін қолдау керектігін Құранның дұрыс жолға нұсқайтын аяттары арқылы қуаттады. Хазірет ғиззат пен абыройды қоғамдағы бұрмаланушылықтар мен әділетсіздік және зорлық-зомбылықпен қарсыласудың жетістіктері екенін, сондай-ақ, ақиқат талап етудің қорқу, қашу, ақтау  және сылтаумен бірге болмайтынын көрсетті. Алла Тағала «Фуссиләт» сүресінің 30-шы аятында:  «Расында, “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты тұрғандарға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді»,- деген болатын.

Рауаят бойынша, Исламның ұлық пайғамбарының хиджратының екінші жылының Рамазан айында болған «Бадр» соғысында Алла елшісіне көмекке үш мың періштенің келгені туралы айтылды.  «(Мұхаммад с.ғ.с.) сол уақытта («Бадрде») мүміндерге: «Раббыларың сендерге періштелерден үш мың түсіріп жәрдем етсе, жетпей ме?»- деген». («Әли-Имран» сүресі, 124 аят). Тарихта  имам Хосейн (ғ.с.) Мединеден шыққан кезде хазіретке көмекке көптеген періштелердің түскені айтылған. Бірақ имам оларға алғыс айтып:  «Құранның «Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді» деп айтқанын  ұмыттыңдар ма»,- деді. («Ниса» сүресінің 78-ші аяты). Иманның жалыны лаулаған кезде барлық мәселелер мен күмәндар жойылады. Сенім мен жігер қадамдарды арттырып, әртүрлі қастандықтардан өтуге көмектеседі.  Сондықтан егер адам білімсіз болса, бұрмаланушылықтар мен күнәләрға шырмалып, алданады. Имам Хосейн (ғ.с.)-ның қисынында жол мен мақсатты түсінбеу адамды шайтанның ойыншығына, залымдардың құралына айналдырады.

Имам Хосейн (ғ.с.) Меккеде болған кезінде көптеген адамдармен сөйлесіп, әртүрлі адамдар үшін шындық пен жалғандықтың мизанын көрсетті. Ашкөздік пен өкініш – көптеген адамдарды биіктен құлатып, адами қоғамдағы ащы оқиғаларға себеп болатын екі фактор. Сол себепті олардың көбі қарсылықтары мен қақтығыстарын жалғастыруда. Имам Меккеден Куфеге қарай жолға шығудан бас тартқызғысы келген көкесінің ұлы Абдолла бен Аббаспен Әмәви әулеті және олардың қолдаушылары туралы сөйлескен кезде келесі аятты оқыды:  «Мұнафықтар Алланы алдамақ болады. Негізінен Алла оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алады». («Ниса» сүресі, 142-ші аят). Имам Хосейн (ғ.с.)-ның қисынында өзі мен нәпсісінен алыстау шындық жолындағы басты шарт болып табылады. Өзінің мыңдаған әшкере және жасырын талап-тілектері мен қалауларына шырмалаған адам жоғары мақсаттарына жетпейді. Рухы дамыған адам барлық нәрселерінен алыстайды. Имам бұл адамдарға сауаптың жазылатынын айтып, «Әли-Имран» сүресінің 185-ші аятын оқыды: «Әркім өлімді татады. Шын мәнінде қиямет күні ақыларың толық төленеді..». Керісінше, имам ойлары таяз, тек сыртқы көрініс туралы ойлайтын адамдар туралы «Ниса» сүресінің  «Олар осы екі арада делсал күйде. Не бұларда жоқ, не оларда жоқ. Алла біреуді адастырса, оған әсте жол таба алмайсың» деген 143-ші аятын оқиды. Қорыта айтқанда, имам Хосейн (ғ.с.) Аллаға иман келтірген және ерлік пен жанкештілік жасауға бір-бірінен озуға асыққан сабырлы да  иманды адамардың орталығы болды.

 

 

 

 

Тегтер