Қыр 23, 2018 18:10 Asia/Almaty
  • Имам Хусейннің (ғ.с.) серіктері 2

Кербалада имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) серіктерінің арасынан әртүрлі жастағы және әртүсті адамдарды көруге болды: қарттар мен жастарды, жасөспірімдерді, әйелдер мен балаларды, қара және ақ нәсілділерді. Хабиб бен Мазахер мен Мослем бен Аусадже бұрыннан имамның серіктерінің қатарында болған. Зохейр бен Қайн Баджали Осман халифаның жақтасы еді. Сондай-ақ, солардың ішінде жаңадан мұсылман болған христиан Уаһаб бен Абдолла Колеби да имамның қасында шәһид болды.

Кербала белгілі бір мекен және арнайы уақытпен шектелген оқиға емес. Кербала – адамды кез келген мекен мен кез келген уақытта тәрбиелейтін мектеп. Бұл мектепте адамның ұлты, діні, түсі, жасы, яғни қарт, жас немесе бала болуы, сондай-ақ, ер немесе әйел, имам немесе имамның артында тұратын адам болуы маңызды емес, тақуалық, тәуекел, иман, ризалық, махаббат, жанкештілік, Алланың ризалығына ие болу үшін майданға асығу сияқты қасиеттер маңызды. Бұл мектепке кіру тек адамның таңдауына байланысты.

کُلُّ یَومٍ عاشُوراءُ وَ کُلُّ أرْضٍ کَرْبَلاءُ

Өмір таңдау арқылы мағынаға ие болады, шын мәнінде өмірдің өзі – таңдау. Өмір сүру тәсілі мен алға ілгерілеу жолын адамның өзі  таңдайды.  Адамның өмірі оның таңдауына сай өтеді. Адам  тағдырын өзі таңдайды.  «Наһдж ул-Балағенің» 78-ші хикметінде имам Әли (ғ.с.) «Сеффейн» соғысынан кейін Шамға қайтып  келе жатқан кезде барлық нәрсе ол үшін бұрын белгіленген және еш нәрсе адамның ықтияры мен таңдауымен байланысты емес деп күдіктенген адам: «Біздің Шамға баруымыз илаһи қалау болды ма?»- деп сұрағанда имам: «Сен илаһи қалау мен адамның ықтиярына қатысты күдіктендің бе? Егер олай болса, илаһи сый мен жазаның, илаһи хабар мен қорқытудың пайдасыз болғаны. Алла өз пенделеріне ықтиярларға ие болғанымен қорқуды бұйырды. Жаратушы өз пайғамбарларын себепсіз жіберген жоқ, қасиетті кітаптарын да тектен тек жібермеді, аспан мен жерді және екеуінің ортасындағыларды мақсатсыз жаратпады»,- деп жауап берген.  Кербала оқиғасында әртүрлі мәдениеттерге тиесілі әртүрлі адамдар жолайрығына тіреліп, таңдаумен бетпе-бет келді. Олар дүние мен ақырет, адамгершілік пен хайуандық, ілгерілеу мен  құлдырау, жаннат пен тозақтың арасынан біреуін таңдауға міндетті болды. Кез келген сайлау адамды соңында жаза мен әртүрлі мақсаттарға жеткізді. Имам Хусейннің (ғ.с.) серіктері таңдаған жол адамгершілік, ахлақ, әділет талап ету және зұлымдықпен күресу болды. Олар өз түсініктері мен көзқарастарына сәйкес шындық талап етушілер үшін мәңгілік үлгі болатын жолды таңдады. Сол серіктерінің қатарында Уаһаб бен Уаһаб Насрани немесе Уаһаб бен Абдолла Колеби болды.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның адал серіктері

Уаһаб бен Уаһаб Саалбие аймағында анасы және жас келіншегімен бірге өмір сүріп жатқан христиан болған. Үйленгенінен бірнеше күн өткен кезде имам Хусейн ( ғ.с.)-мен танысады. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның өтіп бара жатқан керуенін көріп,  оның болмысы имамның дініне ғашық болады. Дүниенің қызықтарының тұтқынына түспеген Уаһаб пен оның шағын отбасы шындықпен бетпе-бет келіп, қысқа уақытта өзгеріп, Исламды қабылдап, шын жүрекпен Аллаға бағынды. Негізінде өмірде таңдау жасауға адамға  қырағылығы мен жүрегінің сергектігі жақсы көмектеседі. Қырағылық адамға сенім мен құндылық сыйлап, оны дұрыс амал етуге қарай нұсқайды. Имам Хусейн (ғ.с.) үнемі бұл мәселені қуаттап, серіктерінің арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, қырағылыққа сай әрекет етуге шақырды. Хазірет өз дұғасында: «Уа, Алла! Дұрыс жолға нұсқап, қырағылықпен ілгерілеп,  мақсатыма жетуге көмектесе гөр. Басқаларды да мен арқылы мақсаттарына жеткізе гөр!»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) қырағылығымен Исламның ұлық пайғамбарының сүннетін жандандыру  жолында қадам басты. Имамның Исламның тағдырын Язидтің қастығынан құтқаруға шақыруы хабардарлық және қырағылықпен іске асты. Имам басынан бастап серіктері мен жақтастарына: «Маған қосылған адам шәһид болады. Теріс айналған адам жеңіске жетпейді» деді. Сондықтан имамның соңынан ергендер өз міндеттері мен тағдыры туралы жақсы білді.

صلی الله علیک یا اباعبدالله الحسین

Ашура күні Уахаб майданға шығуға дайындалған кезде әйелі жолын кес-кестеп: «Уа, Уахаб! Мен сенің имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасында шәһид болып, жаннаттан орын алатыныңды жақсы білемін. Мен өзіңнен  қиямет күні жаннатта менен бөлек болмайтынын туралы уәде беруіңді қалаймын»,- деді. Уахаб оның өтінішін қабылдап, имам Хусейн (ғ.с.)-ның алдында мәңгілік сарайда онымен бірге болуға уәде беріп, Исламды қорғау үшін майданға асықты.

Әйелі мен перзентіне ғашық болу – адамның көркем әрі қасиетті ерекшеліктерінің бірі. Кейбір материалдық мүмкіндіктерге ие болу да адам өмірі қажеттіліктерінің бір бөлігі. Бірақ, егер қажеттіліктер адам өмірінің негізіне, яғни басты нәрсеге айналса, адамды артқа тартады. Адамды ілгерілетудің орнына тұралатып, жиһадқа шығудың орнына отыруға бұрмалайды.  Алайда, Уахаб өмірінің ең қиын жағдайларында илаһи сынақтан қырағылықпен өтіп, өз жолын таңдады. Ол ең маңызды кезең мен мекенде ең жақсы жолды ажыратты. Ол шайқас кезінде: «Мен – ержүрек және табанды ермін. Күтпеген жағдайлармен бетпе-бет келген кезде еш уақытта күдік-күмәнге батпаймын. Уа, Уахабтың анасы! Мен өзіңнің көз алдыңда оларға шабуыл жасап, оларға найзаммен соққы беремін; Жаратушысына иман келтірген мүміннің соққысын беремін»,- деп айтып жүрді. Уахаб шайқастан кейін әйелі мен анасына оралып: «Уа, ана! Риза болдыңыз ба?»- деп сұрағанда анасы: «Жоқ, Хосейннің (ғ.с.) қасында шәһид болмағанша риза болмаймын»,- деп жауап береді. Уахаб майданға оралып, қайтадан соғысқа кіріседі. Біраздан кейін қолдарынан айырылды. Сол кезде әйелі қолына ағаш алып, оған қарай жүріп: «Уа, Уахаб! Ата-анам құрбаның болсын! Күшің мен мүмкіндігіңе қарай шайқасыңды жалғастырып, дұшпанды Алла елшісінің отбасынан алыстат»,- деп айқайлайды. Уахаб: «Әй, қатын! Шатырға қайт, жиһад сенің міндетің емес»,- дегенде ержүрек әйелі: «Мен сенімен бірге Хусейн (ғ.с.) үшін құрбан болғанға дейін жиһадтан бас тарпаймын»,- дейді. Мұны көріп, естіген имам Хусейн (ғ.с.): «Алла Тағала сыйыңды береді. Әйелдердің қасына қайтып, солармен бірге бол. Алла саған рақым етеді.  Соғыс әйелдер үшін уәжіп емес»,- деді.

Уахаб шәһид болғанша бар батылдығымен шайқасын жалғастырды. Ол шәһид болған кезде денесінен қылыштың 70 ізі байқалды. Соңында дұшпанның сарбаздары оның басын кесіп алып, имам Хусейннің (ғ.с.) әскеріне қарай лақтырды. Уахабтың анасы баласының кесілген басын жерден көтеріп, құшақтап, бетіндегі қанын сүртіп: «Сені шәһид етіп, мені қуантқан Аллаға алғысымды айтамын»,- деп, перзентінің басын қайтадан дұшпанға қарай лақтырып: «Алланың жолында сыйлаған нәрсемізді қайтып алмаймыз»,- деді.

 

Уахабтың әйелі жұбайының қанға былғанған мәйітінің қасына барып, оның бас жағына отырып, топырақтан тазартып: «Сені Алланың жаннаты күтуде. Жаннатты сенің ырзығың еткен Алладан мені де жаннатқа жіберуді сұраймын»,- деді. Бұл махаббатқа толы мистикалық сахнаны көруге шамасы жетпеген Шемр құлына оны өлтіруді бұйырды. Шемрдің құлы жақында ғана келін болып түскен жас келіншекті қылышпен ұрды. Сөйтіп, ол шәһидтіктің дәмін татты. Уахабтың әйелі Кербалада имам Хусейн (ғ.с.)-ның отбасын қорғап, шәһид болған бірінші әрі жалғыз әйел болды.

Кербала шәһидтерінің кесенесі

Уахаб пен оған батылдықтың сабағын үйреткен ержүрек анасы мен әйеліне сәлем! Ол пайғамбардың мектебіне бет бұрған христиан болды. Имам Хусейннің (ғ.с.) бір көзқарасы оған екі адамның батасын сыйлады: әйелінің мейірімі мен анасының «Алла елшісінің отбасын қорғап, шәһид болмағаныңша, риза болмаймын» жиһадқа жігерлендіруі. Сондықтан ол таңғалдырарлықтай шайқасып, шәһид болды. Оның әйелі де қасына келіп, шәһид болды. Оның өзі мен анасы және әйеліне сәлем!

 

Тегтер