Қыр 23, 2018 21:15 Asia/Almaty

«Фатыр» сүресінің 1-2 аяттарының тәпсірі

«Фатыр» сүресінің 1-2 аяттарының тәпсірі

                    

   بسم الله الرحمن الرحیم

«الْحَمْدُ لِلَّـهِ فَاطِرِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ جَاعِلِ الْمَلَائِکَةِ رُسُلًا أُولِی أَجْنِحَةٍ مَّثْنَى وَثُلَاثَ وَرُبَاعَ  یَزِیدُ فِی الْخَلْقِ مَا یَشَاءُ  إِنَّ اللَّـهَ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ قَدِیرٌ»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Көктерді және жерді жасаған, сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Алла (Т.) ға барлық мақтау лайық. Ол жаратуда қалағанын арттырады. Күдіксіз, Алланың әр нәрсеге толық күші жетеді. (1)

Бұл сүре де Құранның "Хамд" сүресі сияқты басқа сүрелеріндей Аллаға алғыс айтып, оны мадақтаумен басталады.

Аспан мен жердегі жаратылыс Құдайдың құдіретімен жаратылғаны үшін мадақ Құдайға айтылады.

Олардың барлық істері періштелер арқылы басқарылады. Олар – Құдайдың жаратылыстары. Періштелердің әрбір тобы арнайы міндеттерге ие. Олардың құдіретттері мен мүмкіндіктері әртүрлі. 

Құран оларды екі, үш, төрт қанатты деп сипаттайды. Бұл олардың мүмкіндіктері мен дәрежелерінің әртүрлі екендігін көрсетеді.

Періштелер материалды тіршілік иелері емес. Сол себепті «құстардың қанаты» деген түсінікті оларға телуге болмайды.

Бұл анықтамалар – «ғаршы», «күрсі», «лух» және «қалам» сияқты түсінікті болуы үшін материалды сөздер арқылы ұсынылатын материалды емес түсініктер.

Аят періштелер туралы айтқан соң былай дейді: "Құдай ертеде жаратылысты жаратып, оны өз еркіне қоя салды деген ой тумауы керек. Бұл іс әлі жалғасуда. Құдай не нәрсені қай кезде қаласа, жаратады. Оның жаратылысы аяқталмайды. Себебі, оның құдіреті әрдайым мәңгілік әрі тұрақты". 

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Құдай жаратылыс жүйесін себептерге негіздеген.  Ол абсолют иесі болғанына қарамастан әлемнің істерін періштелері арқылы жүзеге асырады.

2.Жаратылыс істерінде Құдайдың ықтияры шексіз. Жаратылыс даму мен кеңею үдерісін бастан өткеруде.

Періштелердің міндеттері мен жауапкершіліктері әртүрлі.

Олар һәм дінді тарату, һәм рухани тұрғыдан жетекшілік ету, һәм жаратылыс міндеттеріне ие.

"Фатыр" сүресінің 2 аяты: 

«مَّا یَفْتَحِ اللَّـهُ لِلنَّاسِ مِن رَّحْمَةٍ فَلَا مُمْسِکَ لَهَا  وَمَا یُمْسِکْ فَلَا مُرْسِلَ لَهُ مِن بَعْدِهِ وَهُوَ الْعَزِیزُ الْحَکِیمُ»

Алла (Т.) ның адам баласына берген мәрхаметін тосушы жоқ. Алланың тосқан нәрсесін артынан жіберуші жоқ. Ол аса үстем, тым хикмет иесі. (2)

Алдыңғы аятта Құдайдың жаратушылығы туралы сөз болды. Осы аят жаратылысқа негізделген, жаратылыстан кейін кез-келген жаратылыс иесі мұқтаж Алланың кең рақымына тоқталды.

Тіршілік пен ырзық – әрбір тіршілік иесінің жалғастығының қажеттілігі. Ол илаһи рақым негізінде беріледі. Оған ешкім кедергі жасай алмайды.

Егер Құдай біреуден рақымын үзсе,ешкім оның орнын толтыра алмайды.

Бірақ, рақым деген сөз сезімдік мағынадағы тек мейірім мен махаббат деген ұғымды ғана білдірмейді, сонымен қатар илаһи барлық нығметтер мен ырзықтарды да қамтиды.

Адамға жететін барлық нәрсе – материалдық болсын, рухани болсын, жаратылыстық болсын, шариғаттық болсын,  барлығы – Алланың рақымы.

Аяттың жалғасы илаһи екі сипатты қуаттайды: бірі Құдайдың шексіз, жеңілмейтін құдіретін, келесісі илаһи үздіксіз хикметті.

Сол себепті илаһи істер құдірет негізі мен хикмет пен маслихат шеңберінде жүзеге асады. Қажет жерде Құдай құдіретімен жаратып, сыйлайды. Егер қажет санамаса, тіпті бүкіл әлем қаласа да, оны болдыртпайды.  

  1. Егер адам Алланың рақымын алатын жолды өзі жаппаса, Алланың рақымы оның қаһарынан ілгері жүреді. Негіз – рақымда.
  2. Құдайдың құдіреті мен ерік-жігері оның хикметі шеңберінде. Егер Құдай бір істі орындамаса, себебі қауқарсыздығында емес, хикметі қажет санамағандықтан жүзеге асырмауында.