«Фатыр» сүресі, 775-ші бөлім, 3-6 аятар
«Фатыр» сүресінің 3-6 аяттарының тәпсірі:
Мейірімді де рақымды Алланың атымен!
«Фатыр» сүресінің 3-4 аяттары:
یَا أَیُّهَا النَّاسُ اذْکُرُوا نِعْمَتَ اللَّـهِ عَلَیْکُمْ هَلْ مِنْ خَالِقٍ غَیْرُ اللَّـهِ یَرْزُقُکُم مِّنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ فَأَنَّى تُؤْفَکُونَ»، «وَإِن یُکَذِّبُوکَ فَقَدْ کُذِّبَتْ رُسُلٌ مِّن قَبْلِکَ وَإِلَى اللَّـهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ»
Әй, адам баласы! Алланың сендерге берген ырысын еске алыңдар. Сендерге көктен, жерден несібе беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір Құдай жоқ. Сонда қалай тентіреп, бара жатырсыңдар? (3)
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені жасынға шығарса, расында сенен бұрынғы елшілер де жасынға шығарылған еді. Барлық іс Аллаға қайтады. (4)
Алдыңғы бағдарламада Алланың кең рақымына сілтеме жасалды. Бұл аяттар Құдайдың жаратушылық пен ырзық үлестірудегі жалғыздығына тоқталып: «Аспан мен жерден сендерге түсетін материалдық және материалдық емес барлық нығмет – бір Құдайдан. Сендерді жаратқан сол Құдай сендерге ырзық береді. Жарату бір Құдайдың қолында, ырзық беру келесі бір Құдайдың немесе олардың өздері де Құдайдың мақұлықтары саналатын басқа тіршілік иелерінің қолында емес.
Одан басқа не Жаратушы, не ырзық беруші жоқ. Сол себепті одан басқадан ырзық пен нығметтен дәметсеңдер тура жолдан тайғандарың» дейді.
Аяттардың жалғасы пайғамбар мен мұсылмандарды жұбатып: «Егер кәпірлер мен мүшіріктер ислам тағылымдарын теріске шығарып, хақты қабылдауға әзір болмаса, өз жолдарыңның дұрыстығына қатысты күдік-күмәнға берілмеңдер. Барлық істердің соңының Құдайға қайтып оралатынын біліңдер.
Құдай олардың күпіршіліктері мен теріске шығарушылықтарының жазасын береді. Сондай-ақ, сендердің имандарың мен төзімділіктеріңнің де сыйын береді» дейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдайдың нығметтеріне көңіл аудару – Құдайды тану мен күпіршілік пен шерктен аулақ болудың жолы.
2. Құдай ырзық беруші болғанымен, ол ырзық пен нәсіпті өзі жаратқан құралдары арқылы береді.
3.Бұрынғылардың тарихын зерттеу хақ жолында табандылық таныту мен жалғанның сыртқы айбыны мен ұлылығынан қорықпауға себеп болады.
4.Ақыретке көңіл аудару адамды діннің дұшпандары мен қиын жағдайлардың алдында күшейте түседі.
«Фатыр» сүресінің 5 аяты:
«یَا أَیُّهَا النَّاسُ إِنَّ وَعْدَ اللَّـهِ حَقٌّ فَلَا تَغُرَّنَّکُمُ الْحَیَاةُ الدُّنْیَا وَلَا یَغُرَّنَّکُم بِاللَّـهِ الْغَرُورُ»
Әй, адам баласы! Сөз жоқ, Алланың уәдесі хақ. Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын. Сондай-ақ, аса алдағыш та сендерді Алла туралы алдамасын. (5)
Алдыңғы аяттар Құдайдың жаратылыс пен ырзық берудегі жалғыздығы мен пайғамбарлық тақырыбына арналды.
Осы аят жалғасында Құдайдың қиямет туралы уәделеріне тоқталып: «Қияметтің сотындағы қисап кітабы мен игілер мен күнәһарлар үшін жұмақ пен тозақ туралы уәделердің барлығы – хақ әрі шындық.
Ондай болса, дүниенің ырзығы мен жылтырағы сендерді ақыреттен қапыл қалдырмасын. Шайтанның «Құдай рақымды әрі кешірімді» деген уәделерінің күнә жасауға ынталандыруынан да абай болыңдар» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Шайтанның адамды күнәға ынталандырудағы тәсілі оны Құдайдың кешіретіндігінен үміттендіруі саналады. Алланың кешіруінің шарты адамның күнә жасауға ықыласын арттыру емес, күнә жасағаны үшін тәубеге келіп, өкінуінде.
- Егер шайтан кәпірлерді дүниенің қызықтары мен ырзықтары және жылтырақтарымен алдаса, мүміндердің бір тобын да Алланың кеңдігі мен кешірімділігінен үміттендіріп, күнәға душар етеді.
«Фатыр» сүресінің 6 аяты:
«إِنَّ الشَّیْطَانَ لَکُمْ عَدُوٌّ فَاتَّخِذُوهُ عَدُوًّا إِنَّمَا یَدْعُو حِزْبَهُ لِیَکُونُوا مِنْ أَصْحَابِ السَّعِیرِ»
Шәксіз, шайтан сендерге дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан санаңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады. (6)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят адамдардың бәріне, әсіресе мүміндерге «Жаратылыстарыңның басынан шайтан сендермен жауласып, сендердің алдарыңда сәждеге жығылмады. Бұйрыққа бағынбағандықтан илаһи дәргейден қуылған кезде ол адамдарды адастыруға ант ішкен болатын. Сондықтан сендер де оны өздеріңнің дұшпандарың санап, оның азғыруына көнбеңдер. Шайтан сендерге үстемдік етіп, сендерді күнә жасауға мәжбүрлейтіндей емес. Оның әсері тек шайтанның соңынан ергісі келетін, оның қасында жүретін адамдарға ғана тиеді. Ондай адамдардың соңы тозақ болып, олар шайтанмен бірге жәһаннамға түседі» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Тек еліміздің байлығы, жаны мен намысы және суы мен топырағы туралы ойлап қана қоймайық. Бұлар маңызды болғанымен өзіміздің иманымыз пен ахлағымыздың дұшпандары да туралы да ойлайық.
2.Егер қапылдыққа салынсақ, шайтан бізді күнә мен жолсыздыққа түсіреді.
3. Егер нағыз мүміндерді қамтитын Алланың тобынан шықсақ, шайтанның тобына душар болып, одан шығу қиын, соңы азап болатын жолға түсеміз.