«Фатыр» сүресі, 776-шы бөлім, 7-8 аяттар
«Фатыр» сүресінің 7-8 аяттарының тәпсірі
بسم الله الرحمن الرحیم
«Фатыр» сүресінің 7 аяты:
«الَّذِینَ کَفَرُوا لَهُمْ عَذَابٌ شَدِیدٌ وَالَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُم مَّغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ کَبِیرٌ»
Сондай қарсы болғандарға қатты азап бар. Ал иман келтіріп, оң іс істегендер үшін жарылқау әрі ірі сыйлық бар. (7)
Алдыңғы бағдарламада шайтанның адаммен дұшпандығы мен адамның шайтанның тобына енгені үшін тозақтыққа айналу қатері туралы сөз қозғалды. Осы аят былай дейді:
«Күпірлік пен хақты теріске шығару шайтанның адамға үстемдік етуі үшін негіз дайындап, ол үшін ауыр салдардың қаупін қалыптастырды. Бірақ, егер адам иман мен ізгілік иесі болса, тіпті, егер шайтанның азғыруына түсіп, қателікке ұрынса да, Құдай оның күнәсін кешіріп, оны өзінің мейірімі мен рақымына бөлейді».
Иманның сыртқы ғамалсыз жарамсыз екендігі және оның сыйының болмайтындығы белгілі.
Бірақ, күпірлік жалғыз өзі адамның жұмақтан алыстауына себеп болады. Өйткені, адам қате жолды таңдаған кезде тіпті, егер ең жақсы атқа мінсе де, ешқашан діттеген жеріне жетпейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Істің соңы туралы ойлап, оған көңіл аудару – адамды тәрбиелеу мен оның бақытында әсерлі. Себебі, адамның ісі өліммен аяқталмайды. Ақылды адам болашақты ойлап, алысты болжайды.
2.Адамдардың күнәлары кешірілмейінше оның жұмаққа енуі мен сауапқа ие болуына негіз әзірленбейді. Адам арқасындағы күнә дорбасымен жұмаққа енбейді. Өйткені, жұмақ –күнәһарларға орын емес.
«Фатыр» сүресінің 8 аяты:
«أَفَمَن زُیِّنَ لَهُ سُوءُ عَمَلِهِ فَرَآهُ حَسَنًا فَإِنَّ اللَّـهَ یُضِلُّ مَن یَشَاءُ وَیَهْدِی مَن یَشَاءُ فَلَا تَذْهَبْ نَفْسُکَ عَلَیْهِمْ حَسَرَاتٍ إِنَّ اللَّـهَ عَلِیمٌ بِمَا یَصْنَعُونَ»
Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу (жақсымен тең бе?) Алла қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Ендеше (Мұхаммед Ғ.С.) оларға қайғырып, өзіңді жойма. Әрине Алла, олардың қылған істерін толық біледі. (8).
Мүміндер мен кәпірлердің соңдары туралы баяндаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Күпіршілік пен теріске шығару адамның өзінің жаман істерін жақсы етіп көруіне, шындықты сол қалпында түсінуден мақұрым қалуға, өзін түзетуді ойламауымен қатар ешбір уағыз бен ақыл-кеңесті қабылдамауына себеп болады.
Кәпірлер Құдайды қабылдамағандықтан барлық нәрсені өздерінің нәпсісі арқылы өлшейді. Адамның нәпсісінің өткінші ләззаттар мен шәһуатқа жету үшін кейбір жаман істерді жақсы етіп көретіні түсінікті. Бірақ, мүміндер істерін Алланың бұйрықтарымен бағамдап, нәпсілік тілектерін айыптайды. Олар нәпсілік тілектеріне шырмалмайды.
Күпіршілік пен нәпсілік тілектерге еру адамды илаһи жетекшіліктен мақұрым етіп, оны жолсыздыққа түсіреді. Бірақ, Құдайға деген иман илаһи жетекшілікке жету үшін негіз дайындап, адамды тура жолмен ілгерілетеді.
Аяттың соңы исламның ардақты пайғамбары мен мұсылмандарға хақ сөзді қабылдамақ түгілі, оны естігілері де келмейтін адамдардың жағдайын ойлап, қасірет шегіп, қатты өкінбеуге, өздерінің жандары мен рухтарын әлсіретпеуге кеңес береді.
Себебі олардың істері Құдаймен. Құдай олардың сырттары мен іштерінен хабардар».
Тарих пайғамбардың халыққа жетекшілік ету жолында өте мейірімді болғанына куәлік етеді. Құран пайғамбарды сипаттауда былай дейді: «Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді (Тәубе сүресі, 128 аят).
Сол себепті, аяттың мақсаты – «адамдардың адасушылық жолына түсуіне өкінбейік, ренжімейік» деген сөз емес. Керісінше, ондағы мақсат – өкініш пен реніш бізді әрекет пен талпыныстан тосылтпасын немесе өкініш пен үмітсіздікке салынбайық. Біздің шақыруымыз мен уағыздарымыз әсерсіз деп ойламайық дегенге саяды.
Осы аяттан йүренетініміз:
- Адамның нәпсілік қатерлерінің бірі жамандықтарды әшекейлеп, күнәларды ақтауда. Яғни, адам алдымен күнәні ақтап, кейін оны жасайды. Жақсылықтар мен жамандықтарды жүректің қалауымен емес, ақыл мен уәхидің мықты мизандарымен бағамдау керек.
- Құдай күнәні адасушылықтың себебі еткен. Адасушылық пен бұрмалаушылық адамның ісіне байланысты. Күпірлер күнәнің жолын қырсықтық пен қыңырлық бойынша өткереді. Оның салдары олардың көбірек адасушылығы болмақ.
3.Халыққа жетекшілік ету үшін мазасызданып, олардың адасушылығына өкіну керек. Бірақ, өкініш пен қасіреттің де шегі мен шекарасы бар.