Қыр 27, 2018 15:31 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісіндегі Құранның көрінісі 5

Имам Хусейн (ғ.с.) жүріп келе жатқанда Хор бен Язид Риахи бәлкім, имамды өзімен Абдолла бен Зиядтың қасына ертіп апара алармын деп, әскерін имамға қарай бағыттады.

Керуеннің алдынан бейкүнә жазық дала құшағын жайды. Имам Хусейн (ғ.с.) керуенімен жолға шықты. Имам тоқтаған жерде ағартушылық және дұрыс жолға нұсқау жұмыстарымен айналысты. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның ой-пікірі Құран Кәрімнен нәр алғандықтан хазіреттің жүрекке қонымды сөздері Құран әтірінің хош иісін таратып, аяттармен араласты: "Аллаға иман келтіруге кеңес беремін, өйткені Алла Тағала өзіне иман келтіргендерді алаңдаушылықтар мен уайымнан алыстатып, оларды жақсы көріп, қуантатын нәрсесін беріп, ойламаған жерден ырзық беретіндігіне кепілдік берді ",- деді. Имамның бұл сөзі Құранды білетін адамдарға "Талақ" сүресінің: "...Куәлікті Алла үшін толық орындаңдар. Міне,  Аллаға, ақырет күніне иман келтіргендер үшін осылармен насихат етіледі. Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған Алла ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел  қылса сонда Ол оған жетіп асады. Сөзсіз, Алла өз бұйрығын атқарады..",- деп айтылған 2-3-ші аяттарын еске салады. Имам Хусейн (ғ.с.) жүріп келе жатқанда Хор  бен Язид Риахи бәлкім, имамды өзімен Абдолла бен Зиядтың қасына ертіп апара алармын деп, әскерін имамға қарай бағыттады.

Жол ортасындағы аялдамалардың бірінде Нейнаваға жақындаған кезде зилхадже айының 28 күні имам үшін Хордың сарбаздарымен сөйлесіп, оларға шындықты, көтерілісі мен күресінің мақсаты туралы түсіндіретін тағы мүмкіндік туды. Имам Куфе халқының шақырғанын айтып, өз жолын жалғастырып, дұшпанды өз шешімінен үміттерін үзіп: "Уа, халайық! Олар (Әмәви әулеті) Аллаға бағынудың орнына шайтанға бағынып, бұзақылықты таратып, илаһи міндеттерін орындауды тоқтатты. Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіне тиесілі мүлікті өз ықтиярларына алды. Халал мен харамды, үміт пен үмітсіздікті өзгертті. Сондықтан мен атамның дінін өзгерткен бұзақылардан гөрі мұсылмандардың қоғамын басқаруға лайықтымын. Сондай-ақ, жіберген шақыру хаттарың мен қасыма келген хабаршыларың  – маған бият етіп, мені дұшпанның алдында жалғыз қалдырмай, қолдау көрсететіндіктеріңнің белгісі. Егер осы келісімдеріңе табанды қалсаңдар, бақытты болып, адамның құндылығын түсінесіңдер. Өйткені, мен – Исламның ұлық пайғамбарының қызы мен хазірет Әлидің перзентімін. Мен – сіздердің қамқоршыларыңмын. Менің жақтасым болып, мені үлгі тұтыңыздар. Егер маған берген үәделеріңізді бұзып, бияттарыңызға табанды болмасаңыздар, Алламен ант етемін, бұл бұрын болмаған жайт емес. Мұның алдында әкем, бауырым және көкемнің баласы Мүслім арасындағы келісімдерді бұздыңыздар. Сіздердің сөздеріңізге сеніп, сіздермен келісімге келген адам – алданған адам. Сіздер – исламдық несібеге ие болу жолын қате таңдап, өз үлестерінен айрылған адамсыздар",-  деді. Содан соң "Фатх" сүресінің 10-шы аятын оқып: "... Кім сертін бұзса, сонда өз зиянына ғана. Кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді".

 

Бұл аят хиджраттың алтыншы жылы Исламның ұлық пайғамбары мен Меккенің құрайыш мүшріктері арасында орын алған "Ходайбие" келісімнен кейін жіберілді. Сол келісімнен кейін біреулер бүлік жасап, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мұсылмандардан "Резван бияты" деген жаңа бият алуға мәжбүр болды. Куфе халқы имам Хусейн (ғ.с.)-ға көптеген шақыру хат жіберді. Бірақ, Кербалада бияттары мен келісімдерін бұзып, имамға қарсы соғысты. Келісімді бұзғаны олардың өздерінің зиян шегуіне себеп болды. Олар күнәға шырмалып, ең маңыздысы  Алланың қолдауы ме илаһи сыйдан мақұрым қалды.

 

Тегтер