Қыр 30, 2018 16:54 Asia/Almaty
  • Имам Хусейннің (ғ.с.) серіктері 3

Хабиб бен Мазахер мен Мослем бен Аусадже, Зохейр бен Қайн Баджали Осман, Уаһаб бен Абдолла Калеби, Абес бон Аби Шабиб Шакери - бұлардың барлығы имамның қасында шәһид болды.

Кемел адамның ерекшеліктерінің бірі – ерлік. Қатерлерден қорықпай, өмірдің қиын салаларына аяқ басып, шындық талап ету мен адамзаттың армандарына табандылық таныту ерліктің қатарына жатады. Имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның серіктері өмірлерінің ең қиын жағдайлары мен илаһи сынақтарынан ерлікпен өтті. Олар әлем Жаратушысына иман келтіріп, тек бір Аллаға сүйеніп, батыл күреске шықты. Имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерінің әрекеттері  «Ахқаф» сүресінің «“Раббымыз Алла” деп, сосын тұп-тура кеткендерге қауіп-қатер жоқ. Әрі олар күйінбейді. Міне, осылар жаннаттық. Амалдарының бодауы түрінде онда мәңгі қалады» деп айтқан 13-14-ші аяттарына сай келеді. Имам Хусейннің (ғ.с.) серіктері қадам басқан жолдарына иман келтіріп, илаһи мейірімді бүкіл болмыстарымен сезді. Олар өлсе де соғыстың жеңімпаздары өздері болатынын білді. Бұл сезім олардың ерлігін екі есе арттырды. Имамның серіктерінің бірі Исламның ұлық пайғамбарының кезеңін көрген ақ шашты ақсақал  Абес бон Аби Шабиб Шакери еді. Ол абыройлы, қырағы, халықтың арасында ерлігімен танымал адам болды. Абес жауынгерлігімен танымал Шакери әулетінен шыққан. 

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктері

Абес – Куфеде имам Хусейн (ғ.с.)-ның елшісі Мүслим бен Ақилге бият еткен бірінші адамдардың бірі. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның хаты Куфенің ақсақалдарына оқылған кезде Абес орнынан тұрып, батыл түрде: «Мен басқалардың атынан сөйлемеймін және олардың ойларында не бар екені туралы да білмеймін. Мен олардың атынан уәде бермеймін, мен өзім туралы айтамын. Алламен ант етемін, егер шақырсаңыздар, барып, дұшпанмен соғысамын. Алланың жолында шәһид болғанша, қылышымды қолымнан тастамай, соғысамын»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) серіктерінің рухы мен болмыстары иманға толы болды. Рауаяттардың бірінде: «Алладан қорыққан адамнан бүкіл адам қорқады. Алладан қорықпайтын адамды Алла әр нәрседен қорқатын етеді»,- деп айтылған. Сондықтан Ашураның қақтығыс майданында имамның серіктерінің әрқайсы шәһид боларынан бұрын  дұшпан сарбаздарының көбін өлтірді. Дұшпан сарбаздарының бірі имам Хусейн (ғ.с.) серіктерінің ерлігін сипаттап: «Олар қолдарына қылыш алған кезде арыстан сынды біздің жаяу және салт атты сарбаздарымызды құлатты. Егер оларға уақыт бергенде олар көбімізді өлтіретін еді. Олар тек алға қарай ілгеріледі»,- деп мойындаған болатын.

Ашура күні таңеретң Абес имамның басқа ержүрек серіктері сынды хазіреттің қасына келіп, майданға шығуға рұқсат сұрады. Имам оған мейіріммен қарады. Имамның мейірімі Абестің болмысын жылытты. Абес хазіретті соңғы рет көріп тұрғанын түсініп: «Уа, Аба Абдолла! Осы кезде және осы мекенде мен үшін өзіңізден жақын адам жоқ. Егер өзіңіздің үстіңнізге төнген зұлымдық пен зорлық-зомбылықты жою үшін өмірімнен артық нәрсе болғанда, аямас едім. Сәлем сізге, Аба Абдолла! Мен сіз бен әкеңіздің жолына табанды екеніме куәлік етемін»,- деді. Сөйтіп, Абес соғысуға рұқсат алып, имаммен қоштасып, майданға аттанды. 

 

 

سلم لمن سالمکم

Имам Хусейн (ғ.с.) серіктерінің Ашура күнгі сөздері мен Кербала даласындағы ерліктеріне жасаған шолу әр адамның болмысында ерлік рухын тәрбиелейді. Олардың әр біреуі соғыс майданында дауыстап, кейде өздерін таныстыратын, кейде сенімдері мен ой-пікірлерін білдіретін немесе дұшпандарды қате жолға түскендіктерімен айыптайтын сөз айтып, дұшпандарды Алланың жолына шақырды. Абес соғыс майданында оған тең адам табылмайтын араб қаһармандарының бірі еді. Ол майданға шығып, күреске шақырған кезде оған қарсы шығуға ешкімнің батылы жетпейтін. Абес қылышын алып, соғыс майданында бар ашу-ызасымен дұшпанға асығады. Рабиғ оны жақсы танитын. Екеуі бір кезде бірге соғысқан болатын Бірақ Рабиғтің дүниеқұмарлығы оны язидшилердің қатарына қосты. Ол: «Уа, халайық! Майданға келген – Абес. Мен оны танимын. Ол – арыстандардың арыстаны. Алламен ант етемін, оған қарсы шыққан адам өледі»,- деп айқайлады.  Кейбір рауаяттар бойынша, Абес онымен соғысуға ешкімнің шықпайтынын көріп, атынан түсіп, жаяу алға жүреді. Бірақ, бұл жолы да оған қарсы ешкім шықпайды. Абес бас киімі мен сауытын шешіп, қайтадан дұшпанды соғысуға шақырды.

 

جننی حب الحسین 

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктері өмірдің ақиқатынан алған сабақтарының арқасында болаттан да мықты болды. Имам Ашура қарсаңындағы  түнде серіктерінің ерлігі туралы хазірет Зейнабқа: «Алламен ант етемін, оларды сынақтан өткізіп, олардың ержүрек, адал әрі табанды екендіктерін көрдім. Олар  менің қасымда өлуге дайын»,- деді.  Олар өлімнен қорықпай, дұшпанға қарсы шықты. Сол себепті дұшпанның сарбаздары олардан қашты. Дұшпанның ержүректерге қарсы шығатын адамдары болмағандықтан, олар бірігіп шабуыл жасайтын немесе имамның серіктеріне алыстан тас лақтыратын. Абес соғыс майданының ортасында тұрып, дұшпанды күреске шақырып: «Менімен соғысатын ер жоқ па?»- деп айқайлайды. Умар Саадтың әскері оған жақындаудан қорыққанда бұл жағдайды көріп, оған төзу Саад үшін қиын болды. Сондықтан ол: «Оған тас лақтырыңдар»,- деп бұйырды.

 

السلام علی اصحاب الحسین

Оқ пен тас жауып, Абес тастармен соғысты. Абес бас киімі мен сауытын шешкен кезде барша оған таңырқай қарады. Абес найзағайдай дұшпанның әскеріне шабуыл жасады. Рауаятшылардың бірі: «Алламен ант етемін, қасқырдан қорқып қашатын қойлар сияқты қашып бара жатқан әскерді көрдім. Ол арыстан сияқты жау әскерін оңды-солға  құлатты. Ол күресін жалғастырды. Абес денесінен қаны аққанымен тас, оқ және найзалардың астында соғысын жалғастырып, соңында жерге құлап, оның жаны аспанға көтерілді. Жауыз дұшпандар Абестің басын кесіп, үлкен сыйға ие болу үшін басты алып, арасынан біреуі оны өзі өлтіргені туралы уәж айтты. Сол кезде Умар Саад олардың айтыс-тартысын тоқтату үшін: «Бір-біріңмен айтыспаңдар. Алламен ант етемін. Бір адам жалғыз өзі Абесті жеңе алмайтын еді»,- деді. Содан соң оның басын имам Хусейн (ғ.с.)-ға қарай лақтыруды бұйырды. Абестің басы Абдолла бен Амир Кааеби мен Омар бен Дженаденің бастарынан кейін имамға қарай лақтырылған үшінші адамның басы болды.

Имам Хусейн (ғ.с.) - дұрыс жолға нұсқайтын шырақ және құтқаратын кеме

Соңында Кербала шәһидтері зияратының бір бөлімін ұсынамыз: «Сәлем саған, Абес бон Аби Шабиб Шакери! Бадр жауынгерлері мен Алла жолындағы жанкештілердің қиындықтарының сенің басыңнан да өткендігіне куәлік етемін».