«Фатыр» сүресі, 777-ші бөлім, 9-11 аяттар
«Фатыр» сүресінің 9-11 аяттарының тәпсірі
«Фатыр» сүресінің 9 аяты:
«وَاللَّـهُ الَّذِی أَرْسَلَ الرِّیَاحَ فَتُثِیرُ سَحَابًا فَسُقْنَاهُ إِلَى بَلَدٍ مَّیِّتٍ فَأَحْیَیْنَا بِهِ الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا کَذَلِکَ النُّشُورُ»
Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты. (9)
Алдыңғы бағдарламада қияметтегі мүміндер мен кәпірлердің орнына сілтеме жасалды. Осы аят қияметтің болатындығына шәк келтіріп, оны мүмкін емес санайтын адамдарға берген жауапта: «Құдай осы дүниеде де жыл сайын қыс мезгілінде ағаштарды қуратып, көктемде оларды қайта тірілтеді.
Қияметтегі сендердің тірілетіндерің де осындай болады. Жел мен жаңбырды жіберу арқылы кеуіп қалған жерді суғарып, өсімдіктер мен ағаштардың қайта өніп шығуы үшін негіз әзірлейтін Құдайдың өлімнен кейін сендерді қайта тірілтіп, жерден шығаруға күші жетпейді ме?» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Бұлттарды теңіздер мен мұхиттардың үстінен шөлді жерлерге бағыттайтын желдер мен кеуіп қалған жерлерге жаңадан тіршілік сыйлайтын жаңбыр мен табиғаттың басқа да құбылыстарының ешбіреуі кездейсоқ емес. Бұлардың барлығы әлемді жаратқан Құдайдың ерік-жігеріне тәуелді.
2.Жаратылыс жүйесі бағдарлама мен жүйе және қисынға ие. Бұлар Құдай мен оның көмекшілері періштелер арқылы басқарылады.
«Фатыр» сүресінің 10 аяты:
«مَن کَانَ یُرِیدُ الْعِزَّةَ فَلِلَّـهِ الْعِزَّةُ جَمِیعًا إِلَیْهِ یَصْعَدُ الْکَلِمُ الطَّیِّبُ وَالْعَمَلُ الصَّالِحُ یَرْفَعُهُ وَالَّذِینَ یَمْکُرُونَ السَّیِّئَاتِ لَهُمْ عَذَابٌ شَدِیدٌ وَمَکْرُ أُولَـئِکَ هُوَ یَبُورُ»
Кім кұрмет көксесе, негізінде, бүкіл қадір-құрмет – Аллаға тән. Көркем сөз Алла жаққа шығады. Сондай-ақ, жақсы амал оны көтереді. Ал сондай жамандықтың тәсілін істегендер үшін қатты азап бар. Олардың тәсілдері өзінен-өзі жоғалады. (10)
Дүниеқұмарлар өздерінің ғиззаттарын билік пен байлыққа ие болумен немесе үстемдік етіп отырған биліктерге тәуелді санап, бар күштерін соларға жету жолында жұмсайды.
Құдайға тәуелділік оған иман келтіріп, құлшылық етумен байланысты. Себебі, ғиззат – ықпалға түспеу, жеңіліс таппау деген сөз. Жаратылыстың бастауы мен абсолютті құдіретпен қосылмаса бұл ерекшелік адамға берілмейді.
Аяттың жалғасы ғиззатқа жетудің жолын дұрыс сенім мен ізгі істерді орындау санап: «Құдай жаққа жоғарылайтын, адамды биіктететін нәрсе – иман мен түзу ғамал. Одан басқа ештеңе емес» дейді.
Бірақ, кейбір адамдар қулық-сұмдық және алдау-арбау арқылы ғиззатқа жол жеткіземіз деп ойлайды. Егер қолдарынан келсе, қысқа уақытта ғана өздерінің жөнсіз талаптарына жетеді. Соңында жоспарлары жойылып, қорлыққа ұшырап, ұятқа қалады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1. Шынайы ғиззат – адамдардың жанында емес, Құдайдың жанында. Бүгін адамдардың алдында құрметке иелер ертең қорлыққа түседі. Бірақ, мүмін қиындықтар мен мәселелермен бетпе-бет келгенде де құрметті әрі ықпалға түспейді.
2.Иман мен ғамалдың арасында өзара байланыс бар. Олар бір-біріне әсер етіп, бірі екіншісін нығайтып немесе әлсіретеді.
3.Ешкім айла-шарғымен тұрақты ғиззатқа жетпейді.
«Фатыр» сүресінің 11 аяты:
«وَاللَّـهُ خَلَقَکُم مِّن تُرَابٍ ثُمَّ مِن نُّطْفَةٍ ثُمَّ جَعَلَکُمْ أَزْوَاجًا وَمَا تَحْمِلُ مِنْ أُنثَى وَلَا تَضَعُ إِلَّا بِعِلْمِهِ وَمَا یُعَمَّرُ مِن مُّعَمَّرٍ وَلَا یُنقَصُ مِنْ عُمُرِهِ إِلَّا فِی کِتَابٍ إِنَّ ذَلِکَ عَلَى اللَّـهِ یَسِیرٌ»
Алла (Т.) сендерді топырақтан сосын мәниден жаратып, кейін сендерді жұп-жұп қылды. Ешбір ұрғашы Алланың білімінен тыс жүкті болмайды да, тумайды. Алланың Кітабында жазылған өмір ұзартылмайды да, қысқартылмайды. Әрине бұл Аллаға оңай. (11)
Қияметті теріске шығарушылардың оның орын алу мүмкіндігі жоқтығына ғылыми тұрғыдан дәлелдері жоқ. Бірақ, әрдайым сауалдар қою арқылы оның болатындығына күдік-күмән тудырады.
Осы аят: «Егер Құдайдың сендерді қайтадан тірілтетіндігіне күдіктенсеңдер, Құдай бұл дүниеде сендерді топырықтан жарата алғанда қияметте мұндай істі қайтадан жасай алмайды деп ойлайсыңдар.
Ол сендердің жаратылыстарыңның барлық кезеңін, ұрықтанудан жүктілік және босану кезеңіне дейін өзінің ғылымы мен хикметі арқылы қалыптастырады. Солардың барлығынан хабардар ол қияметте қауқарсыз болып қала ма?
Сендердің туғандарыңнан жер бетіндегі тіршілік кезеңдерің қысқа болсын, ұзақ болсын оның құдіретінен тысқары емес. Барлығы илаһи ғылымда тіркеліп, жазылған. Ондай болса жаратылысты қайта жаңғырту ол үшін қиын деп ойлайсыңдар ма?» дейді.
Адамның жаратылысына көңіл аудару оның Құдайдың құдіретін түсінуі мен қапылдық пен тәкәппарлыққа салынбауына себеп болады.
Адамдардың барлығы, соның ішінде хазірет Адам болсын, басқа адамдардың барлығы топырақтан жаратылған. Олар топыраққа қайтады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Адамның өмірі Құдайдың қолында. Оның хикметіне сай кейбіреулердің өмірі – қысқа, кейбіреудікі – ұзақ.
2. Адам өмірінің барлық сағаттары мен сәттері жазылып, тіркеліп, есеп кітабында сақталады. Қияметте айғақты құжаттар адамға зиян немесе пайда келтіреді.