Қаз 14, 2018 21:05 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісіндегі Құранның көрінісі 9

Кербала жерінде имамның Алламен сырласып, Құран аяттарын оқыған дауысы дерттерге жақсы дауа болды.

Хиджридің 60-шы жылы имам Хусейн (ғ.с.) күпірлік пен екіжүзділіктің толқыны нұр мен дұрыс жолға нұсқаушыларға, Ислам мен Құранға қарай шабуыл жасап, ауыр соққы жасаған жағдаймен кезікті. Олардың арасында  бұл илаһи кітаппен таныс, олар оны күні-түні оқып жүрген, тіпті  бірқатары оны жатқа білетін адамдар болды. Құран Кәрім илаһи мұғжиза болып, оның негіздері өзгерісті қабылдамайтындығына қарамастан абыройсыз басшылар оның ақиқаты мен адамдардың ой-пікірлерінің арасында алшақтық тудырып, бұл нұрдың жарығы адамдардың өмірін нұрландыруы жолында көптеген факторлар кедергі болды. Имам Хусейн (ғ.с.) өзгерістердің туын көтеріп, таухид кемесін алға бастырып, оны дауыл мен зұлматтан құтқару үшін өзі мен серіктерінің өмірлерін құрбан етті.

Кербала жерінде имамның Алламен сырласып,  Құран аяттарын оқыған дауысы дерттер үшін жақсы дауа болды. Имам Хусейн (ғ.с.): «Алланы мадақтап, қуанышым мен уайым-қайғыда оған алғыс айтамын. Уа, Алла! Атамыз Исламның ұлық пайғамбарының набоватымен бізді құрметтегенің, Құранды үйретіп, дін сыйлап,  құлақ пен көз және жүрек бергенің үшін  ризалығымызды білдіреміз. Сондықтан, бізді шүкіршілердің қатарына қоса гөр»,- деді.  Имам өзінің жүрекке қонымды сөзімен қиындықтарға толы уақытта жолы мен көтерілісінің дұрыстығын көрсетіп, Құранның ақиқаттарын баяндап, жүректерді тыныштандырып, сенім сыйлады. Таухид үшін өмірлерін қиюға дайын ғашықтар имамды қоршап, түндерін Құранмен өткізіп, жігерлері мен қарсыласу күштерін арттырды. Рауаятшылардың бірі: «Сол түні таңға дейін имам Хусейннің (ғ.с.) шатырынан Құран мен мүнәжәт оқып отырған дауыстар естілді»,- деген болатын. Имам Хусейн (ғ.с.) өз адамдарын тазартып, жұректерінде жақсылықтар мен ержүректік  шоғырланған адамдарды қатарына жинап: «Алламен ант етемін, оларды өзімнен қуып, сынақтан өткіздім. Соңында оларды жартастар мен өлімге ғашықтардың  арасынан таптым»,- деді.

Кербала керуені қанішерлердің сарайына жеткен кезде Куфенің танымал адамдарының бірі Убайдолла бен Хор Джафидің сол жерге шатыр тіккенін көрді. Имам оған адамын жіберіп, шындық әскеріне қосылуды ұсынып, соңында оны шақыруға өзі барды. Убайдолла бен Хор: «Аллмен ант етемін! Уа, Алла елшісінің перзенті! Егер Куфеде саған қосылатын адамар болғанда, мен олардың ең күштісі болып, дұшпандарға қарсы шығатын едім. Бірақ, мен Куфеде өзіңнің жақтастарыңмын деп уәж айтқандардың Әмәви әулеті мен олардың қылыштарынан қорқып, үйлеріне қашқанын көрдім. Алламен ант етемін, менен бұл істі сұрама. Мен мүмкіндігім келгенше, қаржылай көмектесіп, мына жүйрік атым мен қылышымды сізге сыйлаймын»,- деді. Имам: «Біз сенің атың мен қылышың үшін емес, сенің қолдауың үшін келдік. Біздің жолымызда жаныңды қиғың келмесе, қаржы көмегіңді қажет етпейміз»,- деді. Содан соң имам «Сондай-ақ, ешқашан аздырушыларды көмекші еткен емеспін» деген аятты оқыды. («Каһф», 51-ші аяты). Осылайша, имам таухидтік қозғалыстарда адал адамдарды қажет ететіндігін көрсетті. Қорқақ және әлсіз адамдар еш уақытта илаһи құндылықтарды қорғай алмайды. Имам Құранның дауысымен сәттерді нұрға бөлеп:  «Шынында, менің ием – Құран түсірген Алла. Ол жақсыларға иегершілік етеді»,- деді. («Ағраф» сүресі, 196-шы аят).

 

 

Тегтер