Қаз 14, 2018 21:14 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісіндегі Құранның көрінісі 10

Шындық талап етушілердің керуені Кербалаға жетті. Кербала имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның ерлігіне дейін танымал болмаған. Хиджри қамаридің 61-ші жылғы Ашура оқиғасы бұл жерді танымал етті. Содан бері «Кербала» деген атау ерлік, иман және махаббатпен қатар естіліп, уайым-қайғы мен азаның символына айналды.

Ашура күні шамамен алты шақырым жердегі кеңістікте сегіз сағатқа созылған теңдессіз ерлік жасалды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктері теңсіз шайқаста ерлік көрсетті. Иман мен ержүректік асқақтап, оқ атылып, қылыштар сермеліп, дендері бөлшектеніп, қандары судай аққан адамдардың жандары тәндерін тәрк етіп жатты.

Имам соңғы күні дұшпанды дұрыс жолға нұсқау үшін әскерінің ортасынан алға шығып, дұшпанның алдында: «Сендерді ілгерілетіп, бақытқа жеткізетін менің сөзімді неліктен тыңдамайсыңдар? Сендердің ешбіреуің маған бағынбайсыңдар, менің сөзімді тыңдамайсыңдар. Өйткені, сендердің қарындарың харам нәрселерге толып, жүректеріңді қатігездікке салынған. Сендер – бұл үмбеттің дінсіздері, Құранға немқұрайдылық танытатын бұзақылар тобының қалдығысыңдар. Сендер – пайғамбарларыңның перзенттерін өлтіріп, хазіреттің ұрпағын жойғысы келетін қылмыскерсіңдер; кітапты өзгертушісіңдер»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) сөзінің бір бөлігінде «Һуд» сүресінің аяттарын оқып:  «Олар: “Саған кейбір тәңірлеріміздің киесі тиген екен” деп қана  айтамыз. Хазірет Һұд:  “Расында мен Алланы айғақ қыламын, сендер де айғақ болыңдар. Мен сендердің Аллаға қосқан серіктеріңнен аулақпын. Маған Алладан басқа бәрің мекерлік қылыңдар да сонан кейін мұрсат бермеңдер. Расында, мен менің Раббым әрі сендердің де  Раббыларың Аллаға тәуекел еттім. Ол  маңдайынан ұстамаған (толық меңгермеген) ешбір жандық жоқ. Күдіксіз, Раббым тура жолда» («Һуд» сүресінің, 54-56-шы аяттары) деді. Умар бен Саад әскерилерінің бірі Қейс бен Кандидің ұлы Мұхаммад бен Ашас имам Хусейн (ғ.с.)-ға: «Уа, Хусейн – Фатиманың ұлы! Сенің бойыңда Алла елшісіне тән, басқаларда жоқ қандай ерекшелік бар?»- деп сұрады. Имам Хусейн (ғ.с.) «Әл-Имран» сүресінің 33-ші сүресін оқып, жауап берді:  «Негізінен Алла Тағала хазірет Адам мен Нұхты (ғ.с.) және хазірет Ыбырайым (ғ.с.) мен Ғымранның жұрағатын әлемдерге ардақты қылды».

Имам Хусейн (ғ.с.) өз қанына малынып жатқан кезде Исламның ұлық пайғамбарының: «Уа, халайық! Бұл – Хусейн бен Әли! Сендердің барлығыңнан артық Хусейнді танисыңдар. Хусейн – менен, мен – Хусейнненмін. Уа, Алла! Оны саған және үмбетіңнің ата-бабаларына тапсырамын» деген сөзі естілді. Далада өлексемен қоректенетін құстар қаптады. Найзалар имамның қорғансыз серіктерін жерге құлатып, соңында имам Хусейн (ғ.с.) әскерінен тіпті бір адам да қалмады. Бірақ, зұлымдыққа қарсы иман мен табандылықтың хош иісі Кербаланың кеңістігін кернеді. Дұшпан кесілген бастарды найзаларының ұшына  көтеріп, жеңістерін тойлады. Бірақ, имам Хусейннің (ғ.с.) кесілген басы Құран оқып, жиналғандарды бір жағынан таңғалдырса, сонымен қатар қорқытты. Құранның белгісі болған имам Хусейн (ғ.с.) найзаның басынан да шындық пен ақиқат туралы сөзін жалғастырды. Зейд бен Арқам: «Хазіреттің Құран оқып тұрған қасиетті басын көрдім: «Үңгірдегілерді және жазуды таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба?» («Кәһф» сүресі, 9-шы аят). Менің төбе шашым тік тұрып: «Бұл оқиға Кәһф сахабаларының оқиғасынан да қызығырақ» дедім»,- деп есіне алатын. 

Имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болған соң Құранның тілімен залымдардың салдарлары мен шындық талап етушілердің жеңісі туралы:  «...Ол зұлымдық қылғандар,  жақында қалай айналдырылатындарын біледі»,- деді. («Шура» сүресі, 227-ші аяттын бөлімі).

Ашура күні батпастан бұрын тарих керуені жолын жалғастырды. Имам Хусейннің (ғ.с.) серіктері мен шындықтың дұшпандары біртіндеп келіп-кетеді. Мәңгілік қалатын құндылық – имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) бастаған әділет пен шындықты талап етуге деген құштарлық.

 

 

Тегтер