Илаһи жетекшілер (50)
Топтамамыздың бүгінгі бөлімінде имам Джафар Садықтың (ғ.с) өмірінің соңғы кезеңін талдаймыз.
Өткен бағдарламада имам Садықтың (ғ.с) тарихта қалған ісінің нәтижесінің мыңдаған түлегі болған Джафари мектебінің негізін қалағанын айттық. Хазірет көрнекті тұлағаларды тәрбилеп шығару арқылы таза мұхаммадтық (с.ғ.с) Ислам дінінің сындарлы тағылымдарын мұсылман жерлеріне таратып, имам Бағердің (ғ.с) кезеңінде бастау алған мәдени революцияны кемілдікке жеткізді. Имам Садықтың (ғ.с) осы саладағы жетістіктерін мұсылман ойшылдары өте жоғары бағалаған. Бағдарламаның жалғасында осы тақырыпқа толығырақ тоқталамыз.
Каир университеті Шет тілдер факультетіндегі араб әдебиетінің оқытушысы профессор Хамед былай дейді: "Фикһ тарихы мен ислам ғылымдары саласын жиырма жылдан астам уақыттан бері зерттеп келемін. Бұл салада пайғамбар әулетінің пәк ұрпағы саналатын имам Садықтың ерекше тұлғасы назарымды аударды. Ол хазірет – ислам ғылымдарының жаңашыл жетекшілерінің бірі әрі көрнекті ойшыл" (الإمامُ الصّادق وَ الْمَذاهِبُ الأرْبَعَة، 52-бет).
«Сунна уәл-джамаа» ағымының жетекшісі Малек ибн Әнәс: "Мен ғылым, ғибадат пен білім тұрғысынан Джафар ибн Мұхаммад Садықтан (ғ.с) артық әрі лайық адамды көрмедім",- деген (الإمامُ الصّادق وَ الْمَذاهِبُ الأرْبَعَة, 53-бет).
Сүниттік бағыттағы төрт негізгі мазһабтың бірі саналатын ханафи мазһабының негізін қалаушы Абу Ханифа Нұғман ибн Сабит имам Садық (ғ.с) жайлы былай деген: "Мен имам Джафар ибн Мұхаммадтан асқан фақиһті көрмедім. Бір күні Аббас әулетінің халифі Мансұрдың бұйрығына сәйкес халиф пен барлық тұлғалардың алдында баяндап, талқылау үшін фикһ ғылымындағы маңызды 40 сұрақ дайындадым. Хазірет пікір қайшылығын тудырған мәселелерге нақты жауап беріп, қырық сұрақтың әрқайсына мінсіз жауап бергені соншалықты, сонда жиналғандардың барлығы хазіреттің ислам тағылымдары мен ғылымын жетік меңгерген теңдессіз данышпан екенін мойындады" (مناقب ابی حنیفه: 1-том, 172-бет).
Өзімшіл басшылардың басым бөлігі білім-ғылымға ешқандай көңіл аудармаған. Ал егер сарайларда данышпандар мен ойшылдар болған жағдайда оларды құрал ретінде пайдаланып, өздерін білім мен ғылымның қамқоршысы ретінде көрсетуді ойлап немесе олардың ғылыми қабілеті мен тұлғасына күмән келтіруді көздеген. Аббас әулетінен шыққан халиф Мансұр да дәл осы мақсатта Абу Ханифадан фикһ саласы бойынша күрделі 40 сұрақ дайындауды сұрап, имам Садықтың (ғ.с) жауап беруге қабілеті мен шамасы жетпейді деген арам оймен басқалардың алдында ол хазіреттің беделіне нұқсан келтіруді көздеді. Алайда оның қитұрқы жоспарына қайшы имамның абыройын асқақтатқаны соншалықты, баршаның мақтауына ие болды. Құран Кәрімде осы мәселеге қатысты былай деп айтылған: "Олар айлакерлік істеді, Алла да амалын тапты. Алла – тәсілшілердің жақсысы (Әли-Имран сүресі, 54-аят).
"Әл-Әлам" атты биографиялық жинақтың авторы Хейр ад-Дин Зиркилли имам Садықтың (ғ.с) тұлғасы жайлы: "Ол хазірет ғылым мен ізгілік бойынша өз заманындағы біртуар тұлға болды. Имамның сабағына Абу Ханифа да қатысып, хазіреттен ғылым үйренген. Имам Садық (ғ.с) алгебра, химия мен тағы басқа ғылымдардан хабардар болған. Хазіреттен білім алған адамдардың ішінен химия «ғылымының данышпаны» деп танымал болған Джабер ибн Хаянды атауға болады",- деген.
Имам Садық (ғ.с) ғылыми тұрғыдағы ерекшеліктерінен бөлек, сопылық пен тақуалық, қарапайым өмір сүру мен адамдармен жақсы қатынаста болу тұрғысынан да теңдессіз болған. Бойында көптеген ахлақтық ізгіліктер мен жағымды қасиеттер қалыптасқандықтан, хазірет "Садық", яғни «шыншыл», «адал» деген лақаппен танымал болған. Мысырлық атақты жазушы Ахмад Амин былай деп жазған: "Имам Садық (ғ.с) – ең ірі шиіт фақиһ, құқықтанушы ғана емес, сондай-ақ, ислам дәуірі мен одан кейінгі кезеңдердегі ең ірі ғылыми тұлға". Атақты "Жиырмасыншы ғасыр энциклопедиясының" (دائره المعارف القرن العشرین) авторы Фарид Ваджди: "Джафар ибн Мұхаммад Садықтың (ғ.с) білім ордасы күн сайын ұлы данышпандарға лық толы болды. Хазіреттің сабақтарына хадистер, тәпсірлер, фәлсапа мен калам ғылымдарын танып-білуге ынталы 2000, кейде 4000 атақты үлемдер қатысатын"- деп жазған.
Имам Садықтың (ғ.с) ғылым мен фикһ бойынша жан-жақты білімі мен баршаны өзіне тартатын қасиетінің жоғары болғаны соншалықты, Аһле бейттің жолын қуушылармен қоса, сүнит мазһабының жетекшілері, сопылар, зерттеушілер, фақиһтер, әдебиетшілер, тіпті, Құдай мен қайта тірілуді жоққа шығаратын атеистердің өздері имам Садықтың (ғ.с) білімінен нәр алып, оның шексіз білім теңізінен сусындау үшін Джафарм білім ордасынан білім алуға асыққан.
Құрметті оқырмандар, имам Садықтың (ғ.с) тұлғасымен тереңірек танысып, ол хазіреттің мәдени революциясының ислам әлемі үшін қандай бағалы мұра қалдырғанын білу мақсатында бұл бөлімді тағы екі тұлғаның пікірін талдаумен аяқтаймыз. Атақты мысырлық ақын, әдебиетші әрі жазушы Абдурахман әш-Шарқави имам Садықты (ғ.с) сипаттағанда былай деп жазған: "Ол хазіреттің дәуірінде өмір сүрген халық бір дауыстан имам Садыққа (ғ.с) ілтипат танытқан. Себебі, ол хазіреттің ойы биік, санасы кең, жүрегі нұрға толы. Ірі тұлғалы, үнемі күлімсіреп жүретін, жақсы сөз айтып, халықпен жақсы қатынас орнатып, қайырлы істерді жүзеге асыруда көшбасшы болған. Барлық қысымдар мен шектеулерге қарамастан, дана жолмен және ізгі насихаттарымен халықты таухидтік сенім мен исламды қабылдауға шақырды".
Ислам әлемінің Мұхаммад ибн Талха Шафии деген ұлы ойшылдарының бірі имам Садықтың (ғ.с) бойындағы қасиеттері жайлы былай деген: "Аһле бейттің ұлы үлемдерінің бірі Джафар ибн Мұхаммад білімі терең, ерекше тақуа, сопы болған. Хазірет Құранды көп оқып, оның терең мағынасы мен ұғымдарына терең бойлап, илаһи кітаптың бағалы асыл тастарын ерекшелеп, ғажайыптарын анықтап, өз уақытын түрлі ғибадатқа бөліп, нәпсісін бақылауда ұстаған. Оның адамгершілік пен нұрға толы жүзі ақыретті еске салса, сөзі адамға бұл фәни дүние мен оған деген тәуелділіктен айрылуға септігін тигізетін. Хазіреттің жолын қуу жәннатқа кіруге себеп болып, жарқын жүзі оның пайғамбардың ұрпағы екенін аңдататын. Оның бойындағы ізгі қасиеттерін санап шығу мүмкін емес. Ол хазіреттен көптеген хадис пен рауаяттар қалып, ислам үмбетінің ұлы тұлғаларының басым бөлігі оның терең білімінен сусындап, нәр алған.
Құрметті оықрмандар, илаһи рақымшылықтың арқасында имам Садықтың (ғ.с) ғылыми, әлеуметтік және саяси тұрғыдағы өміріне қысқаша шолу жасағандықтан, ол хазіреттің ауқымды діни талпыныстары арқылы өз заманындағы саяси салаларға белсенді әрі ықпалды түрде атсалысқанын айтуға болады. Имам Садықтың (ғ.с) мектебі серпінді исламдық фикһ ғылымының барлық салалары бойынша ғылыми және іс жүзінде қолданысқа ие болып, кез келген кезеңнің қажеттіліктеріне жауап беруге шамасы келген жағдайда адамзат қоғамында әсерлі рөл атқара алатынын ашық көрсетті. Исламдық фикһ үстемшіл үкіметтерге қарсы тұрып, олардың болмыстарын әшкерелеп, қастандықтарын залалсыздандырып, халықтың қозғалыстары мен көтерілістерін қорғап отыруы тиіс. Ислам республикасының негізін қалаған имам Хомейни (р) имам Садықтың (ғ.с) өмір жолының тереңдігін кез келген адамнан артық танып, Джафари мектебінен қалған мұджтаһидтік жолдау туралы: "Уақыт пен мекен – иджтиһатты анықтайтын екі нәрсе. Мұджтаһид өз кезеңінде болып жатқан мәселелерден хабардар болуы тиіс. Әлемге билік етіп отырған мәдениеттің қулықтарымен күресу әдісімен танысу, қырағылық пен экономикалық көзқарасқа ие болу, саясаттарды, тіпті саясаткерлері тану мұджтаһидтке тән басты қасиеттер саналады. Мұджтаһид бір үлкен исламдық, тіпті исламдық емес қоғамға жетекшілік ету үшін қажет даналық пен қабілетке ие болуы керек. Сондай-ақ, мұджтаһидтің абыройы саналатын тазалығы және тақуалығымен қатар, ол шын мәнінде дана әрі саналы басқарушы болуы тиіс",- деп жазған (Сахифее нур, 21-том, 8-бет).
Күмәнсіз, Аббас әулетінің билеушілері имам Джафар Садық (ғ.с) мектебінің серпінді фикһін жүзеге асырудан қорыққандықтан, билік жүйесі де алуан түрлі бағыттағы саналық, сенім, пәлсапалық және саяси мектептермен тікелей бетпе-бет келетін қазіргі заманда таза мұхаммадтық (с.ғ.с) Ислам дінінің сындарлы әрі оятушы фикһін жүзеге асырудан үрейленеді. Басқару жүйесі әртүрлі жолдармен вахаббизмнің отаршыл бағыттарын қалыптастыру, қасақана жасалған ирфаннан бастап, қайшылық тудыру мен соғыс отын өршіту, Құранды отқа өртеу, исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) жарқын бейнесіне нұқсан келтіру, мұсылмандарды рақымсыз түрде өлтіру арқылы әлемдегі ислам дінінің рақымды бейнесіне нұқсан келтіруді көздеп отыр. Бағдарламаның соңында имам Садықтың (ғ.с) құнды кеңестеріне назар аударуларыңызды сұраймыз: "Дұшпандар перзенттеріңнің жүректерін ауытқыған тағылымдарымен өздеріне қаратпастан бұрын өз перзенттеріңді біздің тағылымдармен таныстырыңдар. Біз түсінігі мол, діндар, шыншыл әрі адал адамдарды жақсы көреміз. Біз – жетекшілік, тақуалық, ізгілік, иман мен жеңіске иеміз. Менің ең сүйікті бауырларым менің кемшіліктерімді өзіме сыйлайтын адамдар саналады".
Хазірет Аббас әулетінен шыққан Мансұрдың арандатуымен уланып, көз жұмар алдында "Біздің шапағатымыз намазға жеңіл-желпі қарайтын адамдарға тимейді" деген.