Қар 13, 2018 18:42 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 2

Иран Ислам революциясының жетекшісі хижри шамси жыл санағы бойынша Жаңа жылдың бірінші күні имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне жиналған зияратшылардың алдында сөйлеген сөзінде Ислам революциясының мақсаттары мен армандарын анықтап, өткен 40 жылдағы Ислам республикасының дамуына тоқталды.

Ислам революциясының жетекшісі азаттықты тәуелсіздік, ұлттық сенім, діни халықтық демократия және әділетпен бірге революцияның құндылықтары мен негіздері деп атады.

Хазірет бөгделердің әділетсіз тек өз мүдделерін көздейтін ұстанымдарына тоқталып: «Бүгін біздің еліміз ойлану, сөз және сайлау азаттығына ие. Ой-пікірі үкіметтің ой-пікірінен өзгеше адамдарға қысым көрсетілмейді»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, азаттықтың ең маңызды негізі – Конституция. Конституция – заңды еркіндік (азаттық) пен құқыққатарға жеткізетін анық жолдардың бірі. Халықаралық құқық саласының эксперті Ғоламреза Мадани бұл туралы: «Негізгі құқықтар заңдылықты сақтау арқылы азаматтардың істерін басқаруға қатысты заңдылықтың көзқарасын көрсетеді. Бұл ережелер азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің егемендігі деген екі маңызды құқықтық көзқараспен бетпе-бет келді. Бірақ, негізгі құқықтардың ролі – екі көзқарастың арасында логикалық теңдік орнату»,- деді.

Осы көзқарасқа сәйкес, кез келген қоғамның негізгі құқықтарының бірі – «негізгі құқықтар мен бостандықтар» немесе «мемлекеттік және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері» деп аталатын жеке тұлғалардың құқықтары және билеушілердің билігінің шектелуі. Әртүрлі мектептердің арасында екі негізгі көзқарас ретінде жеке тұлға мен қоғамның қатынасы заң шығарушылар тарапынан қабылданып, көптеген елдердің тиісті мәтіндері осы мектептердің бірінің түпнұсқалығын қабылдап, сол елдің құқықтарына негізделіп, және осы құқықтардың негізінде анықталады. «Заңдар рухы» деген кітаптың авторы Монтескье азаттықты «заң рұқсат еткен кез келген істі орындау» деп атады. 1789 жылы қабылданған Адам құқықтары жөніндегі француз декларациясы еркіндікті басқаларға зиян келтірмейтін нәрсені жасау мүмкіндігі ретінде таныстырды. Басқалар еркіндік адамға басқаларды ерік-жігерінен айыруға рұқсат етпейді десе, тағы біреулер азаттықты аадмдардың заң шығаратын органның мүшелерін сайлау және атқарушы биліктің амалдарын бақылау деп санап, мұны саяси азаттық деп сипаттайды. Батыс философиясы тарихы мектебінің соңғы философы Гегель азаттықты өмірдің мәні деп атады.

Еркіндік – Иран Ислам революциясының негізіндегі басты мақсаттардың бірі болғандықтан, адамдардың құқықтары мен  бостандықтарына, әлеуметтік, соттық және қауіпсіздігіне бірнеше қағидат берілген. Бұл мақсаттар басынан «Тәуелсіздік, еркіндік, Ислам республикасы» деген ұрандардан байқалып,  революцияның жеңісінен кейін Конституцияда қалыптасты. Конституцияның кіріспесінде: «Биліктің тәсілі исламдық тұрғыдан таптық, жеке немесе топтық үстемдіктен туындамағанымен ұлттың саяси ұмтылысын көрсетеді»,- деп айтылған. Сол себепті Конституцияның бір бөлігі адамдардың  құқықтарына арналды. Ең маңызды заң саналатын Конституция жеке адамның еркіндігін анықтап, бір жағынан адамдардың еркіндігінің шегі мен шекарасын,  басқа жақтан қоғамдық күштердің жеке адамның құқығына қатысты шектерді де анықтайды. Иран Конституциясының осы тарауында айтылған ең маңызды құқықтар мен еркіндік барлық халықтың заң алдында тең екенін көрсетеді. Барша түсі мен тіліне қарамастан қауіпсіздікке ие болып, өмірі, мүлкі, құқығы, тұрғын үй, жұмыс орын тұрғылары бойынша құқықтарға ие болуы керек. Ислам азап-қорлыққа тыйым салып, сөз бен қалам және ақпарат құралдарының, еркіндігін қарастырады. Конституцияның 38-ші бабы адамзатқа қарсы әрекеттерге тыйым салады.

Партиялар, қоғамдастықтар, саяси және сауда бірлестіктері, исламдық қауымдастықтар құру сияқты топтық еркіндік пен шерулер бостандығы Иран Конституциясының азаматтық еркіндікті қамтитынын көрсетеді. Өз пікірін еркін білдіру қағидасына сәйкес, ИИР Конституциясының 23-ші бабы бойынша, ешкімге өз пікірін білдіргені үшін  қысым көрсетуге немесе қорлауға болмайды. Бұл ұстанымды баспасөз еркіндігінен де көруге болады. Исламдық үкіметте тұлғалар заң бойынша өз көзқарастарын білдіруге құқылы болғандай, баспасөз, басылымдар, газеттер және басқа ақпарат құралдары  ұлттық қауіпсіздік  және жеке адамның  құқықтарына қауіп төндірмесе, толық азаттыққа ие. Конституцияның 24-ші бабы ислам негіздеріне сай мәліметтер жариялауды еркін деп санайды. 

Еркіндікті  теріс пайдалану және азаттықты қоғамдық пікірді өзгертуге қолданып, теріс мәліметтер таратылу мүмкіндігінің болуына байланысты мемлекеттердің көбінде азаттықтың шекарасы заңдар арқылы анықталады. Иранда да ақпарат құралдары мен басылымдардың жұмыстары баспасөз заңымен шектеледі. Заң шеңберінде мақалаларды жариялау азат болғандықтан, тәуелсіздік, еркіндік, ұлттық бірлік және исламдық фундаментализм принциптері мен ИИР-ның негіздері бұзылмаған жағдайда партиялар мен саяси топтардың құрылуына рұқсат етіледі. Иран Конституциясының 12-ші бабына сәйкес, «Иранның ресми діні – ислам және джафари мазхабы (шиіт)» Конституцияның 13-ші бабы бойынша зәрдушт және христиан ирандықтар заң шеңберінде аз санды топтар саналып, заңға сәйкес  діни салт-жораларын орындауға еркін. Олар өз діндеріне сәйкес ғамалдарын орындайды. 

Ислам Республикасында еркіндікті пайдалану аясында адамның өсуі мен жетілуіне қатысты алаңдаушылық бар. Бірақ, еркіндік тек қоғамдық өмірмен шектеліп қана қоймай, адамдардың құтқарылуына да жауап береді. Мұндай көзқараста адамдар еркіндікті пайдаланумен бірге өздері, Құдайдың, басқалардың, қоғамның, тіпті болашақ буынның алдында да жауапты. Бұл – ИИР-ның Конституциясында бейнеленген адам құқықтарының негізгі принциптері. Конституцияның ережелерінен басқа, Иран халықаралық конвенциялар мен келісімдерге қосылып, ел үкіметі БҰҰ-ның Жарғысын қабылдады. Иран үкіметі Адам құқықтары жөніндегі 10-нан астам халықаралық конвенцияны қабылдап, оларға қосылғанын жарияланды. Соның ішінде 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы  бекіткен «Азаматтық және саяси құқықтар»   және «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар» туралы халықаралық пактілерді атауға болады.  Басқаша айтқанда, ИИР жеке адам еркіндігінің шектеулерін қорғап, бір жақтан билік әрекеттерінің алдындағы жеке адам еркіндігінің шекарасын, басқа жақтан жеке адамға қатысты қоғамдық әрекеттердің шекараларын анықтады.  Конституция еркіндіктің шегін анықтауымен бірге жеке адамның еркіндігін қамтамасыз етеді.  Батыстың еуропалық мемлекеттерінде адам құқығы және жеке адамның құқығы мен еркіндігі туралы ортақ түсінік қалыптаспаған.

ИИР Конституциясы адамның қадiр-қасиетiнiң моральдық және әлеуметтiк құндылықтары мен принциптерiне сәйкес еркіндік принципiн құрметтеп, оны қорғайды. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, еркіндіктің ең маңызды негізі – елдің Конституциясы.

 

 

 

 

Тегтер