Қар 14, 2018 15:58 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 28

Батыс үкіметтері мен ақпарат құралдары Ислам дініне шабуыл жасап, бұл дінді зорлық-зомбылық діні ретінде таныстырып отырған жағдайда мұсылмандар әлемдегі лаңкестік әрекеттердің ең үлкен құрбандарына айналып жатыр.

ДАИШ  пен ән-Носрат  тәкфиршіл ағымдары уаһабшы мүфтилердің пәтуаларын заңды санап, әйелдермен шайтандық қатынас орнатып, "жиһад" деген терминді шариғат мен адамгершілікке жатпайтын әрекеттермен байланыстырды. Шара қолданбай, үнсіздік танытып, кейде  кейбір Батыс үкіметтерінің ДАИШ пен басқа тәкфиршіл топтардың қылмыстарына қолдау көрсетуі байқалған кезде бұл топтың құрылуының жасырын мақсаттары көбірек әшкереленеді. Олардың барлығының мақсаты – Исламның мейірімді жүзін теріс көрсету. Батыстықтар жылдар бойы Исламды қорқыншты әрі радикалды дін ретінде көрсетуге әрекет жасауда. Олар әлемдегі лаңкестік әрекеттердің көбін мұсылмандармен байланыстырып, мұсылмандарды лаңкестік әрекеттерді іске асырушылар деп айыптап отыр.   

Ираннан үркіту - Батыс ақпарат құралдарының сценарийі

Тәкфиршіл ағымдардың құрылуы мен дамуы Батыс үшін Исламды үрейлі, қатыгез әрі қорлаушы дін деп көрсету үшін мұрсат тудырды. Лаңкестер «Алланың дұшпандарын өлтіру» деген ұрандарымен жазықсыз адамдарды өлтіріп, оларды бауыздап немесе дарға асып, "Аллаһу Акбар" ұранын айтады. Кейде бастарын кескен адамдардың суреттерінің астына Құран аяттарын жазып, әлеуметтік желілерге жариялайды. Олар сұм қылмыстарын арсыз өтіріктерімен Ислам дінімен байланыстырып, Батыстың саяси лексикасында "Ислам", "лаңкестік" және "зорлық-зомбылық" деген сөздердің синонимдер ретінде көрсетілуіне себеп болды. Өткен онжылдықтардағы Батыс үкіметтері мен ақпарат құралдарының Исламнан үркіту ұстанымдарына жасаған шолу олардың Исламды зорлық-зомбылық діні ретінде көрсететінін әшкере етті. Олардың ДАИШ қылмыстарына қатысты  ұстанымдары Исламға деген қатынастарын көрсетеді. Олар ДАИШ туралы айтқан кезде "исламдық үкімет" деген сөз тіркесін қолданады. Сөйтіп әлемдіктерге ДАИШ тобын Исламның өзі және саяси исламның өкілі деп сендірмек. Негізінде, бұл – Батыстың Исламнан үркіту саясатының бір бөлімі.

ДАИШ - Батыс саясаткерлерінің қолындағы құрал

Батыс үкіметтері мен ақпарат құралдары Ислам дініне шабуыл жасап, бұл дінді зорлық-зомбылық діні ретінде таныстырып отырған жағдайда мұсылмандар әлемдегі лаңкестік әрекеттердің ең үлкен құрбандарына айналып жатыр. Халқының көбін мұсылмандар құрайтын елдердегі лаңкестік әрекеттердің саны Батыс мемлекеттеріндегі лаңкестік әрекеттердің санымен салыстыруға келмейді. ДАИШ сияқты тәкфиршіл әрі лаңкестік топтардың бірінші мақсаты әділет пен бейбітшілік, достық пен тек бір Аллаға ғана құлшылық етуді талап ететін Ислам тағылымдарын бұрмалау болып табылады. ДАИШ пен басқа тәкфиршіл топтардың Исламның жүзін теріс көрсетуден басқа мақсаттары жоқ. Сондықтан олар әртүрлі исламдық мазхабтардың арасына іріткі салып, қайшылықтар тудырып жатыр. Бұл – АҚШ пен еуропалық одақтастарының мақсаттарымен жақтас мақсат. Олардың ең үлкен мақсаттардың бірі – сүннит пен шиіт мазхабы жақтастарының арасына іріткі салу. Олар ең көп санды шиіт жамағатын басқа мұсылмандарға қарсы қойғысы келеді. Абу Мусааб Зарқави ирандық шиіттердің қатері туралы: "Шиіттер өздері ойлап шығарған дінді ұстанады. Олардың мақсаты – сүниттерді билеп-төстеп, Ислам үмбетінің басшылығын өз қолдарына алу",- деді. Олар Ирак шынайы Исламның жолынан ауытқып, шиіттердің қолдарына түсті деген үгіт-насихат жүргізіп отыр.

Шын мәнінде, ИИР әрқашан әртүрлі мазхабтар мен мұсылман үкіметтерін бірлікке шақырып келеді. ИИР бүгінде әлемдегі лаңкестікпен күрес саласындағы  ең үлкен  әрі ең маңызды ел саналады. 17000 азаматынан айрылған Иран – лаңкестіктің ең үлкен құрбаны. Ислам әлеміне іріткі салу жобаларын іске асыруға Батыстың үстемшіл елдері мен  аймақтың кейбір үкіметтері мен тәкфиршіл топтар қатысады. Бұл ойыншылар бір-бірін толықтырады.

Тәкфиршіл лаңкестік топтардың қылмыстарының салдарлары олардың Батыс үкіметтері мен аймақтағы одақтастарының саясаттарын ілгерілетіп, ислам әлеміндегі кейбір олқылықтарды теріс пайдаланғысы келетінін көрсетеді. Трансаймақтық мемлекеттердің стратегиясы мұсылмандарды бір-біріне айдап, оларды әлсіретіп, Батыс Азия аймағында өздерінің әскери-саяси араласушылықтарына жол ашуды қарастырады. Олар ислам әлемін бөлшектеп, аймақтағы өз жағдайларын нығайтуымен бірге сионистік режимнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеуде. Бұл салада үстемшіл елдер мұсылмандар арасында қайшылық тудырып, ислам елдерін бір-бірінен алыстатқысы келеді.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің әшкерелеген құжаттары АҚШ, сионистік режим мен Англияның ДАИШ-тың құрылуына жауапты екендігін көрсетті. АҚШ бұл лаңкестік ұйымды құрды. Израиль мен Англия "Араның ұясы"  деген стратегиясымен әлемнің әртүрлі елінен жиналған содырларды Сирияға жіберді. Канадалық экономист әрі Әлемдік зерттеу орталығының іргетасын қалаушы  профессор Майкл Часудовский бір мақаласында: "ДАИШ – Батыстың құралы. Сондықтан лаңкестер АҚШ пен Батыстың дұшпандары ретінде көрсетілгенімен негізінде құжаттар бойынша, оларды АҚШ-тың Орталық Барлау басқармасы мен сионистік режимнің барлау ұйымы Моссад құрған",- деп жазды. Оның пікірінше, ДАИШ-тың жазықсыз әскерилерді өлтіруі Американың ислам елдеріне әскери тұрғыдан араласуы үшін сылтау. АҚШ исламтанушысы Куин Барт "Исламдық емес үкімет: шайтандық халифат" деген мақаласында ДАИШ-тың міндетін  мазхабаралық қайшылықтарды арттыру, Таяу Шығыс аймағын тұрақсыздандырып, АҚШ-қа аймаққа араласу үшін сылтау ұйымдастыру деп атады.

Бұл үдерісте тәкфиршіл идеологияның негізі ретінде уаһабшыл ағымдар маңызды рөл атқарып отыр. Уаһабшылардың жетекшілері тәкфиршіл пәтуаларын шығарып, мұсылмандар арасында мазхабаралық бүліктер ұйымдасырып, ислам әлемінің қайшылықтарын ушықтырып жатыр. Олар өз пәтуаларымен қарапайым адамдарды мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекет жасауға итермелейді.Тәкфиршіл ағымдар, әсіресе ДАИШ дәл осы пәтуаларға сілтеме  жасап, жантүршіктірерлік қылмыстарын іске асырды. Олар аймақтағы  өздерін қолдайтын үкіметтермен келісіп, мұсылман бауырлардың бір-бірлерін өлтіріп,  ислам үмбетін жіктеу  деген сұм мақсаттарына жетпек. Алайда, Құран мен Ислам дінінің көрнекті тұлғалары мұсылмандарды бір-біріне бауыр әрі дос болып, бір-біріне мейірімділік көрсетуге шақырады. Алла Тағала Құран Кәрімде мұсылмандарды бір-бірінің бауыры деп атап: "Мүміндер – баршаға бауыр. Сондықтан бауырларыңның арасында бейбітшілік пен татуластық орнатыңдар",- деп қуаттады.  

 

Тегтер