Жетекшілік хадисі 60
Қар 30, -0001 01:34 Asia/Almaty
Діни жетекшілер шайтанға қарсы тұруды маңызды мәселе санады. Бұл мәселе ахкам мен діни ғибадаттарда ерекше орынға ие.
Мәселен, кез келген жұмысты бастаудан, маңызды шешім қабылдаудан бұрын Ұлы Алланың атын айтып, шайтан тудыратын күдік-күмәннан Алланы пана тұтамыз. Шайтан туралы хадистер топтамасының бір бөлігі шайтан мен сыртқы ластықтар арасындағы жақын қатынасқа байланысты. Бұл хадистердің негізі бойынша ластықтар мен ішкі қоқыстардың шайтанның жолын ашатыны белгілі болады. Яғни, қай жерде кір-қоқыс болса, сол жерде шайтан пайда болады. Сол себепті шайтаннан алыстайтын жолдардың бірі адамдар мен қоршаған ортаның қоқыстарын тазарту саналады. Исламның ұлық пайғамбарының хадистерінің бірінде: «Қоқысты түнде үйлеріңде ұстамаңдар, күн батпай шығарып тастаңдар. Өйткені, қоқыс – шайтанның мекені»,- деген болатын. Бұл хадис бойынша, қоқыс кір мен ластықтың мекені болғандықтан қоқыс жиналған жерде шайтанның ұясы болады. Сондықтан мұндай мекендер – адасу мен алдаудың мекені. Пайғамбардың басқа хадисінен: «Бөлмелеріңдегі өрмекшінің ұялары – шайтанның ұясы»,- деп оқимыз. («Усуль Кафи», 6-шы том). Құлшылық дәрежесінің тереңдеуіне себеп болатын ғибадат пен Аллаға жақындау талпынысы ерекше маңыздылыққа ие. Оның дүниелік және қоғамдық әсерін теріске шығаруға болмайды. Имам Бақер (ғ.с.) бұл туралы: «Үйдің ішін сыпыру – кедейшілікті азайтатын критерийлердің бірі»,- деген болатын. Қасиетті Ислам дінінің көзқарасы бойынша адамның ішіп-жеуі оның физикалық және психикалық сипаттарымен байланысты. Кейбір тамақтар адамдарға күш-қуат береді. Басқа кейбір шектеулі тамақтар адамның әлсіреуіне соқтырады. Осыған орай Ислам аадмның денсаулығына немесе рухына қауіп-қатер туырмайтын тамақтарды пайдалы деп санайды. Исламның ұлық пайғамбары көкініспен тамақтануды адамның көңіл-күйі мен шаттығына себеп болады деп атап: «Дастархандарыңды көкініспен безендіріңдер. Өйткені, көкөніс «Бісмілләхир рахманир рахиммен» бірге шайтанды алыстатады»,- деп кеңес берген. Келесі бір хадисінде хазірет: «Дастарханды ашқан кезде төрт мың періште оның басына жиналады. Адам «Бісміллә» деген кезде періштелер «Алла Тағала тамақтарыңа береке берсін» деп, шайтанға: «Әй, бұзақы! Сыртқа шық, олардың жолына кедергі бола алмайсың»,- дейді. («Усуль Кафи», 6-шы том). Бұл рауаяттан Алланың атымен басталмаған әр жұмыстың шайтанның ықпалына түсіп, оның адамның серігі болатындығы белгілі болады. Шайтан араласқан жұмыс нәтижеге жетпейді. Сондықтан Алланың атын атау, әсіресе «Бісміләхир рахманир рахим» деген зікір адамға тыныштық әкелуімен бірге шайтанды алыстатады. Имам Саджад (ғ.с.)-ның дұғаларының бірінде: «Иә, Алла, жәннәттән қуылған шайтанның күдік-күмәндерінен бір Өзіңді пана тұтамыз. Оның бүліктері мен жүректердегі сезімдерге әсер етуі, оның алдап-арбауы мен оның торына түсу бізді құлшылық ету жолынан бұрмалайды. Иә, Алла ғибадат күшіңді пайдаланып, біздің достығымызды тұрақты ет. Біз бен оның арасына перде қой. Иә, Алла, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) туралы сәлем мен салауат айтып, Өзіңнің достығыңмен бізді одан алыстатып, бізді оның айлаларынан қорға, қастықтарын тоқтатып, тіпті оның ізі қалмайтындай ете гөр»,- деген дұға жасады. («Саһифе Саджадие», 17-дұға).Тегтер