«Фатыр» сүресі, 778-ші бөлім, 12-13 аяттар
«Фатыр» сүресінің 12-13 аяттарының тәпсірі
«Фатыр» сүресінің 12 аяты:
«وَمَا یَسْتَوِی الْبَحْرَانِ هَـذَا عَذْبٌ فُرَاتٌ سَائِغٌ شَرَابُهُ وَهَـذَا مِلْحٌ أُجَاجٌ وَمِن کُلٍّ تَأْکُلُونَ لَحْمًا طَرِیًّا وَتَسْتَخْرِجُونَ حِلْیَةً تَلْبَسُونَهَا وَتَرَى الْفُلْکَ فِیهِ مَوَاخِرَ لِتَبْتَغُوا مِن فَضْلِهِ وَلَعَلَّکُمْ تَشْکُرُونَ»
Екі теңіз тең емес. Бұл – тәтті, шөл қандырады. Екіншісі – тұзды, ащы. Әр бірінен жас ет (балық) жейсіңдер әрі тағатын сәндік-бұйымдар (інжу-маржан) шығарасыңдар. Сондай-ақ, Алланың кеңшілігінен несібе іздеу үшін кеменің теңізде суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине, шүкір етерсіңдер. (12)
Алдыңғы бағдарламада Құдай адамды жаратудағы өзінің құдіреті мен оның тіршілігіндегі кейбір ерекшеліктерге сілтеме жасады. Бұл аят Құдайдың табиғаттағы белгілерінің біріне тоқталып, былай дейді: Әлемдегі теңіздер екі түрлі: бірі – тұщы, бірі – ащы. Бірақ, Құдай екі түрі арқылы да адам үшін көптеген азық-түлік пен киім әзірледі.
Суда тіршілік ететін жан-жануарлар мен әртүрлі балықтарды өндіріп, көбейтуде адамның ешбір рөлі жоқ және оған еш еңбегі де сіңген жоқ. Ол тек аулап, өзі тұтыну үшін немесе басқаларға сату үшін жағаға алып шығады.
Азық-түліктің осындай үлкен қоры жағада тұратын адамдардың ғана емес, сонымен қатар теңізден алыс аудандар мен жерлердің де қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Азық-түлікпен қатар інжу-маржан мен меруерт сияқты әшекей заттары да теңіздер мен мұхиттардың түбінен өндіріліп, сүңгуірлердің ықтиярына тегін беріледі.
Егер теңіздердің түбі адамзаттың азық-түлігін қамтамасыз етсе, беті – тегіс, кең жолдар. Адам оларды салып, сақтау үшін ешбір шығын кетірмейді. Құдай адам баласы заттары мен жолаушыларды әлемнің әртүрлі жеріне тасымалдау үшін жағдай жасайды.
Жердің үсті мен ауада қозғалу мүмкіндігі жоқ сияқты көрінетін үлкен кемелер су бетінде оңай қозғалады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Теңіз – Құдай адамның ықтиярына тегін берген азық-түлікпен қамтамасыз ететін маңызды қорлардың бірі.
2.Адамдардың өмір кезеңдері де теңіз сулары сияқты кейде тәтті, кейде ащы. Егер адам капитан немесе жақсы балықшы болса, барлық жағдайда өз өмірін дұрыс пайдаланып, табысқа қол жеткізеді.
3.Әшекей бұйымдарын пайдалану – ислам қабылдайтын жайт.
«Фатыр" сүресінің 13 аяты:
«یُولِجُ اللَّیْلَ فِی النَّهَارِ وَیُولِجُ النَّهَارَ فِی اللَّیْلِ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ کُلٌّ یَجْرِی لِأَجَلٍ مُّسَمًّى ذَلِکُمُ اللَّـهُ رَبُّکُمْ لَهُ الْمُلْکُ وَالَّذِینَ تَدْعُونَ مِن دُونِهِ مَا یَمْلِکُونَ مِن قِطْمِیرٍ»
Ол Алла түнді күндізге кигізіп, күндізді де түнге кигізеді. Сондай-ақ, ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар Раббыларың Алланікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың құрма сүйегінің қабығына да ие емес. (13)
Адамның болмысындағы таухидтің белгілері мен табиғат әлеміне сілтеме жасалған аяттардан кейін бұл аят табиғаттың келесі белгілеріне сілтеме жасап былай дейді: «Жердің күнді айналуының нәтижесінде жер тұрғындары үшін түн мен күнді кезек келтіретіндігі Алланың хикметіне негізделген. Жылдың төрт мезгілінде түн мен күннің ұзақтығы әртүрлі болады, олар бір-біріне ұласады. Түн мен күн бір уақытта болмайды. Олардың бірі біртіндеп батып, екіншісі атып, орындарымен алмасады».
Аяттың жалғасы бұл істің себебін күн мен айдың бағынуы санап: «Күн Құдайдың әмірімен адамға қызмет ету үшін бағынды. Ондағы мақсат – адамның нұр мен жылуға деген қажеттілігі қамтамасыз етіліп, жансыз топырақта өсімдіктердің өсуіне негіз әзірлену» дейді.
Түн қараңғылығында да ай үлкен айна сияқты күннің нұрын төгіп, күн көзі жоқта жер тұрғындарын толық қараңғылықтың тұмшалауына, түнде жүрген жолаушыларының биабан мен құрлықта немесе теңізде кіріптар болуына жол бермейді.
Бірақ, адам жер мен күн және ай мәңгілік деп ойламауы керек. Барлық аспан денелері мен планеталарының жалғастығы анық. Олар бір күні жойылады.
Аяттың жалғасы былай дейді: «Иман адамдары жаратылыс оның қолында, барлық нәрсе оның ерік-жігері және қалауымен басқарылатын Құдайға сенеді. Бірақ, Құдайдың орнына басқалардың соңынан еріп,, соларды ықпалды санайтын мүшіріктер мен кәпірлер Құдайдан басқа ешкімнің әлем істеріне иненің жасуындай қатысы жоқтығын білсін».
Осы аяттан үйренетініміз:
- Табиғат заңдары Алланың хикметі бойынша үстемдік етіп, Алланың билігінде. Олар Алланың қалауына билік ете алмайды.
- Түн мен күннің қысқарып, ұзаруы немесе әрқайсының басқаға біртіндеп ауысып, ұласуы кездейсоқ жағдай емес. Керісінше, жаратылыстың мақсаттылығы мен оның жүйелігінен сыр шертеді.
- Жаратылыс жүйесі, соның ішінде ай мен күннің қозғалысы анық бағдарлама мен нақты уақытқа ие. Олардың әрқайсы белгілі жүйемен өз жолын өтеді.
4.Абсолютті күш-қуат иесі Құдайға бет бұрайық. Еш құдіреті жоқ, өз ісіне де күші жүрмейтін адамдарды іздемейік.