«Фатыр» сүресі, 779-шы бөлім, 14-17 аяттар
«Фатыр» сүресінің 14-17 аяттарының тәпсірі:
بسم الله الرحمن الرحیم
«Фатыр» сүресінің 14 аяты:
«إِن تَدْعُوهُمْ لَا یَسْمَعُوا دُعَاءَکُمْ وَلَوْ سَمِعُوا مَا اسْتَجَابُوا لَکُمْ وَیَوْمَ الْقِیَامَةِ یَکْفُرُونَ بِشِرْکِکُمْ وَلَا یُنَبِّئُکَ مِثْلُ خَبِیرٍ»
Егер оларға жалбарынсаңдар дауыстарыңды естімейді. Мүбада, олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандықтарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді. (14)
Алдыңғы аят мүшіріктердің бұл әлемде ешқандай күші мен билігі жоқ адамдарды шақыратынын айтты. Осы аят былай дейді: «Олар не еститін, не жауап беретін күштері жоқтарды шақырады.
Тас, ағаш пұттардың құлақтары мен тілдері жоқ. Олар тіпті түсінік-пайымнан да кенде. Қолдан жасалған пұттардың не бұл дүниеде адамға көмегі болмауымен қатар тіпті, ақыретте Құдайдың әмірімен тілге келіп, сендерге қарсы сөйлейді.
Олардың сөзінің мазмұны мынадай болады: сендер, мүшіріктер, шындығында бізге табынған жоқсыңдар. Керісінше, өздеріңнің ой-қиялдарың ман нәпсілік тілектеріңе табындыңдар. Егер сырттай біздің алдымызда тағзым еткен сияқты көрінгендеріңмен, шын мәнінде өздеріңнің жүрек қалауларыңа жетуді көздедіңдер.
Қияметте болатын бұл оқиғадан тек дана Құдай ғана хабардар. Ол кітабы арқылы сендерге шерк пен бұрмалаушылыққа түспеуге хабар береді».
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Адамның сезімталдығының әлсіздігі сондай, тіпті жансыз, саңырау, соқыр қасиетсіз қатты заттарға табынғанымен жан берген, көреген, еститін Құдайдан теріс айналады.
2.Шерк бұл дүниеде де пайдасыз болуымен қатар ақыретте де оның пайдасы болмайды.
3.Құдайдан басқа кімге табынсақ, қияметте бізден безіп, өзімізге қарсы куәлік етеді.
4. Қияметтің хабарын уәһи мен аспандық кітаптан басқадан табу мүмкін емес.
«Фатыр» сүресінің 15-17 аяттары:
«یا أَیُّهَا النَّاسُ أَنْتُمُ الْفُقَراءُ إِلَى اللَّهِ وَ اللَّهُ هُوَ الْغَنِیُّ الْحَمیدُ»، «إِنْ یَشَأْ یُذْهِبْکُمْ وَ یَأْتِ بِخَلْقٍ جَدیدٍ»، «وَ ما ذلِکَ عَلَى اللَّهِ بِعَزیزٍ،
Әй, адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Алла (Т.) әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы. (15)
Қаласа сендерді жоқ етеді де, жаңа ел әкеле алады. (16)Я, бұл Аллаға қиын емес. (17)
Таухид пен бірқұдайға табынушылық туралы болған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Егер Құдай намаз бен жалбарыну туралы бұйрық берсе, ол сендердің табынғандарыңды қажет етеді деп ойламаңдар. Ол әрқашан мұқтажсыз, сендер барлық жағдайда оған мұқтажсыңдар.
Сендер болмаған кезде ол болған. Сендер жоқ болатын кезде де ол болады.
Ол сендердің болғандарыңды қажет етпейді. Ондай болса, сендердің оған ғибадат етіп, намаз оқып, жалбарынғандарыңды тіпті қажет етпейді. Егер сендерге намаз оқы деп бұйырса, онымен байланыста болып, өз қажеттіліктеріңді басқалардан емес одан сұрауларың үшін.
Мынадай мысал келтіруге болады: егер мұғалім оқушыға тапсырма берсе, бұл мұғалімнің оқушыға деген қажеттілігін білдірмейді. Керісінше, мұғалімнің оқушының ғылыми тұрғыдан өсуіне деген жанашырлығын білдіреді.
Намаз – біздің, адамдардың рухани тұрғыдан дамуымыздың факторы. Бізді жаратқан Құдай пенделерін жақсы көреді.
Ол біздің материалдық, нәпсілік әлемде тоқтамағанымызды, керісінше, дамып, жоғарырақ деңгейлерге жеткенімізді қалайды. Сол себепті бізді намаз оқып, ғибадат етуге міндеттеді.
Біз адамдар өзіміздің болмыстарымыздың негізі үшін ғана емес, сонымен қатар өзіміздің жалғастығымыз үшін де оның мейіріміне мұқтажбыз. Сол себепті біздің болмысымыз кедейшілік пен мұқтаждыққа толы. Оны сақтай алаатындай біздің өзіміздің ештеңеміз жоқ.
Біз жаратылысымыздан кедейміз. Құдай болмысынан мұқтажсыз. Ол өзінің болмысымен мықты. Біз оның болмысының арқасында ғана мықтымыз.
Тек ол ғана мадақ пен мақтауға лайық. Біз адамдар оған табыну арқылы оған ештеңе қоспаймыз, бірақ оның нұрының сәулесінен пайда табамыз.
Үйін күнге теріс қаратып салатын адам күнге зиян келтірмегенімен өзін күннің нұрынан мақұрым етеді. Терезесін күнге қарай ашатын адам пайдасы көп нұрдың сәулесіне қарай орналасады. Одан күнге пайда келмейді» дейді.
Аяттардың жалғасы Құдайдың мұқтажсыздығы мен адамның мұқтаждығының себептерінің біріне сілтеме жасап: «Егер ол қаласа, сендер адамдарды жер бетінен жойып, сендердің орындарыңа адамдар немесе басқа тіршілік иелерін әкеле алады. Бұл іс ол үшін қиын емес».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдайдың бір өзіне табынуға шақыруы оның бізге деген мұқтаждығынан емес, біздің мықты, сенімді тіректі қажет ететіндігімізге байланысты.
2.Адам егер өзін мұқтажсыз санаса, Құдайдың алдында тәкәппарланып, оның алдында мойынсұнбайды. Сол себепті Құран адамның мұқтаж болуын қуаттайды.
3.Байлар қызғаныш танытып немесе басқалармен бақталасады. Сол себепті әдетте сүйікті емес. Бірақ. Құдай бай әрі даңқты. Ол байлар сияқты емес, өзінің байлығын жаратылыстарының қажеттіліктерін шешу жолында жаратады. Нәтижесінде әрдайым мадақталады.
4.Жаратылысты жаратуда Құдайдың мүмкіндігі шектеусіз деген тақырыпқа көңіл аударайық. Оның шексіз құдіреті үшін ешқандай тығырық жоқ.